авто

Переключатель языков

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжімен бірлесіп, 2019 жылдың 15 сәуірі күні сағат 15.00-де өнер колледждері мен ЖОО арасында ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы және ЖАСТАР ЖЫЛЫ аясында «Бейнелеу өнеріндегі Орал Таңсықбаев мұрасының іздері» атты халықаралық көрме-байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: студенттердің көркем шығармашылығын қолдау, жас суретшілердің шығармашылық мүмкіндігін көрсету, кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнердегі кәсіби дағдыларын жетілдіру, жастардың отандық тарихқа, мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, әртүрлі елдердің жас суретшілерінің Достық, мәдени және шығармашылық байланыстарын дамыту және тәжірибе алмасу арқылы ынтымақтастықты нығайту.

Байқау жұмыстарының тақырыптары: Салт – дәстүр; Ежелгі металлургия; Аң стилі; Алтын адам; Түркі әлемінің бесігі; Ұлы Жібек жолы; Қазақстан – Алма мен қызғалдақтар отаны.

Байқау бағдарламасын тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды, оның құрамына өнер қайраткерлері, белгілі суретшілер, өнертанушылар, көркем сурет оқу орындарының оқытушылары шақырылды.

           Байқау «Бейнелеу өнері»; «Сәндік-қолданбалы өнер» (тоқыма, батик, қыш, ағаш, металл, тері көркем өңдеу) номинациялары бойынша өткізіледі. Қатысушылардың жұмыстарын бағалау кезінде-шығармашылық тапсырмаларды орындау мен ойдың бірегейлігі, авторлардың көркемдік шеберлігінің деңгейі, композицияның аяқталуы назарға алынады. Халықаралық байқаудың қорытындысы - қатысушыларды марапаттау («Гран-При», І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сертификаттармен және қатысушы Дипломдарымен).

Байқауды ұйымдастырушылар: ҚР Мемлекеттік орталық музейі; Алматы қаласы ҚР ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық ұлттық федерациясының қолдауымен ҚР Суретшілер одағының қоғамдық ұйымдары; Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА колледжі; О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі.

«Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылдың 11 сәуір күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласының Жетісу әкімдігімен бірлесіп, ағайынды Күлменовтердің "Мұздай темір құрсанып..." атты көрмесін ашады.

"Мұздай темір құрсанып..." атты көрмесіАғайынды Күлменовтер – Махмұт, Тұрсынжан, Айтберген – Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшелері, ҚР қазіргі заманғы қару өнерінің негізін қалаушылары, XII Дүниежүзілік жастар және студенттер фестивалінің лауреаттары (Мәскеу қ., 1985 ж.), «Дизайн кеше, бүгін, ертең» Республикалық конкурсының I дәрежелі дипломанттары (Алматы, 1999 ж.). Олардың жұмыстары ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің мемлекеттік бағдарламасының тапсырысымен «Өнер» баспасы шығарған "Темірші — Кузнецы" альбомына енген (Алматы қ. 2006 ж.).

Күлменовтер шығармашылықпен ғана емес, ғылыми жұмыспен де айналысады. Олардың жетекшілігімен "Көк бөрі" республикалық ғылыми-зерттеу және қолөнер шеберханасы құрылды, онда студенттер сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын дайындаудың және металды өңдеудің ежелгі технологияларын жаңғырту әдістемесін зерттейді. Ағайындылар "ЭКСПО-2017 – этноауыл", "Қазақ хандығының 550 жылдығы", "Алматы күні – 2015" мемлекеттік, ғылыми, тарихи-этнографиялық жобаларды іске асыруға белсенді қатысты. 40 жылдық ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыстары үшін, ағайынды ұсталар ҚР Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің "Мәдениет қайраткері" белгісімен марапатталған (2007 ж.). Сондай-ақ, оларға "Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін" халықаралық атағы берілді (Түркия, 2008 ж.). 

2000 жылы Күлменовтердің эскизі бойынша, ҚР Мәдениет және өнер қайраткерлеріне тапсырылатын "Алмас қылыш" наградасы құйылып жасалды.

Олар қару-жарақ, оқ-дәрілер, ұлттық музыкалық аспаптар ("Отырар сазы", "Мұрагер", "Сазген", "Адырна" фольклорлық оркестрлері үшін), ұлттық сәндік-қолданбалы өнер заттарын ("Батыр Исатай Тайманұлы", "Есет батыр", "Райымбек батыр", "Қобыланды батыр" музейлері үшін, сондай-ақ еліміздің көптеген облыстық, өлкетану музейлері үшін) жасаған, қалпына келтірген, қайта жаңғыртқан. Ағайынды Күлменовтердің қолөнер жұмыстары республикамыздың 16 облысының музейлерінде және шетелдік жеке коллекциясында сақталған.

Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының желісімен 1993 жылы түсірілген көркем фильмге арнап қару-жарақ пен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасаған.

«Мұздай темір құрсанып...» атты көрмесіне ағайындылардың жеке коллекцияларынан алынған 80-нен астам жұмыстары ұсынылмақ: қару-жарақ, ежелгі жауынгерлердің сауыт-саймандары, музыкалық құралдары және басқа да тұрмыстық бұйымдары.

Күлменовтердің шығармашылығы туралы шетелдік журналистер (Франция, АҚШ, Германия, Венгрия, Тунис, Түркия, Польша) көптеген ғылыми-деректі фильмдер түсірген.

Көрме 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі дәстүрлі жыл сайын өткізетін «Наурыз нақыштары» атты фестиваль аясында 2019 жылдың 18 наурызында сағат 12.00-де музейлік мәні бар экспонаттардан тұратын – «Сыр сақтаған сандықтар...» атты орталық музей қорындағы сандықтар коллекциясынан құрылған көрме ашады.

«Сыр сақтаған сандықтар...» атты орталық музей қорындағы сандықтар коллекциясынан құрылған көрмеСандық – халық тұрмысында ерте кезден пайдаланылып келе жатқан ең ежелгі жиһаздың бірі. Заман ағымына сай дәстүрлі ортада қолданылған көптеген үй жиһаздары бүгінде қолданыстан шығып, өзінің әуелгі функциясы ұмытыла бастағанмен, сандықтар әлі күнге дейін ұзатылған қызға жасалатын жасаудың бірі ретінде өз мәнін жоғалтпай келеді. Үйдің төрінен орын алатын сандықтардың үстіне жүк жиналады. Мұндай мәдени құндылықтарды болашақ ұрпаққа жеткізу біздің басты міндетіміз. Себебі сандықта халықтың бар қазынасы сақталған десек артық айтқандық емес. Оның ішіне бағалы дүниелер (асыл бұйымдар, қымбат маталар, киімдер), тәттілер, тіпті ғұрыптық мәні бар заттар: қырқынан шыққанда алынып, шүберекке оралған баланың қарын шашынан бастап, ұзатылып келген қыздың сәукелесі, адам қайтыс болғанда оралатын кебініне дейін сақталған. Сондықтан сандықтардың атқаратын рөлі үлкен болған.

Жасалу материалына, көлемі мен атқаратын қызметіне қарай сандықтар: жағлан, кебеже, абажа, абдыра, ақырет сандық, шай сандық, ағаш сандық, сүйектелген сандық, оймышты сандық деп бөлінеді. Көлемі шағындау және неғұрлым кішкене сандық түрлері аймақтық ерекшеліктеріне қарай: әржі, бөгіре, бөгіребас, жағлан / жағдан, қолсандық, текшесандық, шайсандық деп те аталады.

Халықтық ортада көші-қон кезінде және басқа да жағдайларда сандықтар сырылып, бүлінбеуі үшін сыртынан арнайы сандыққаптар кигізілген. Көрмеге қойылған сандық пен сандық сыртынан кигізілген, киізден тігілген сақдыққап көрермен қызығушылығын тудырары сөзсіз. Сондай-ақ «Наурыз нақыштары» іс-шарасының қонақтары алғаш рет экспозицияға қойылғалы отырған сандықтың ең үлкен түрі абажаны тамашалай алады.

Аталмыш көрмеге 50-ден астам экспонат қойылады. Олардың әрқайсысы жасалуы мен тұнылуына қарай ерекше.

Көрме 2019 жылдың сәуір айының соңына дейін жалғасады.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулдығымен бірлесіп, музыкатанушы-этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі Александр Викторович Затаевичтің туғанына   150 жыл толуына арналған «Дала әуенінің ізімен» көрмесін ашты.

Поляк халқының біртуар ұлы А.В.Затаевичті Қазақстанда «қазақ әнінің әкесі», дәстүрлі қазақ музыкасын жазу ісінің пионері деп атайды. А.В. Затаевичтің еңбегі арқасында қазақ халқының әндері мен аспаптық музыкалық мұрасы қағазға түсірілді. Сол заманда естіген дауысын қағазға белгі ретінде түсіретін, содан соң оны айнытпай орындап шығатын адам туралы аңыз халық арасында кең таралған еді. Ол Ертіс пен Орал, Қарқаралы мен Қызылорда, Бөкей даласын, Орынбор мен Жетісу бөктерлерін кеңінен аралап, ән-күйлерді нотаға түсірді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің «Дала әуенінің ізімен» көрмесінде қала тұрғындары мен қонақтарының назарына музыкант-этнографтың жеке кешенінде сақталған фотоматериалдар, мақалалар, жинақтар мен кітаптар, түсініктемелер мен дала әуендерінің ноталық жазбалары ұсынылады. Олардың қатарында 1925 жылы Ә.Жангелдинге берген қолтаңбасы, «Қазақ халқының 1000 әні» (әндер мен әуендер), «Қазақтың 500 әні мен күйі» (әндер мен аспаптық пъесалар) жинағы, фотосуреттер ерекше атап өтуге тұрарлық. Сонымен қатар, қызы Ольга Затаевичтің Ахмет Жұбановқа жазған хатын және 1950 жылы академик А.Қ. Жұбанов жариялаған «А.В.Затаевич – қазақ халқының ән-күйінің бірінші жыйнаушысы» мақаласымен танысуға болады.

Көрменің мақсаты: рухани жаңғыру мен қоғамдық сананы жаңартуға бағытталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының негізгі қағидаларын, «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында айқындалған міндеттерді орындау шеңберінде тарихи-мәдени құндылықтар шоғырландырылған отандық музейлердің көпғасырлық мұрасының өзектілігін көрсету, қазақ халқының музыкалық мұрасын зерделеу, насихаттау және А.В. Затаевичтің шығармашылық және музыкалық мұрасын, сондай-ақ қазақ халқы үшін еткен еңбегін, оның тарихи-мәдени мұрасының рөлін таныту болып табылады.

Көрмеде Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының консулы Михал Богданович, Қазақ Ұлттық консерваториясының музыкалық білім факультетінің деканы Мусагулова Гульмира көрменің ашылуында сөз сөйледі. Көрменің салтанатты ашылуында Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадо-цирктік колледжінің студенттері өнер көрсетті.

Музыкатанушы-этнограф Александр Викторович Затаевичтің туғанына   150 жыл толуына арналған «ДАЛА ӘУЕНІНІҢ ІЗІМЕН» көрмесі. Музыкатанушы-этнограф Александр Викторович Затаевичтің туғанына   150 жыл толуына арналған «ДАЛА ӘУЕНІНІҢ ІЗІМЕН» көрмесі.
Музыкатанушы-этнограф Александр Викторович Затаевичтің туғанына   150 жыл толуына арналған «ДАЛА ӘУЕНІНІҢ ІЗІМЕН» көрмесі. Музыкатанушы-этнограф Александр Викторович Затаевичтің туғанына   150 жыл толуына арналған «ДАЛА ӘУЕНІНІҢ ІЗІМЕН» көрмесі.

Көрме 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласындағы Гете институтымен бірлесе отырып, 2019 жылдың 15 наурызында сағат 16.00-де «Германия – өнертапқыштар елі: «зерттеу» модулі» атты көрме ашады.

«Германия – өнертапқыштар елі: «зерттеу» модулі» атты көрмеҚР Мемлекеттік орталық музейі жыл сайын Алматы қалсындағы Гете институмен бірлесіп, алматылықтар мен қала қонақтарына Германияның тарихи, мәдени, экологиялық және тіл тақырыптарында: «Германиядан шын жүректен», «Немісше сөйлейік», «Эко ойлау – табиғаттан үйренеміз» атты көрмелер ұйымдастырып келеді.

Гете институты биыл да мультимедиалық интерактивті көрмесін ашқалы отыр. Бірнеше жылдан бері әлемнің көптеген елдерінде өтіп жүрген «Германия – өнертапқыштар елі» атты көрмесі Фраунгофер және Макс Планка қоғамдастықтарымен ұйымдастырылған.

Алғашқы көрме 2015 жылдың күз айында Берлинде өтті. Содан бері аталмыш көрмені Гете институты серіктес елдерде өткізіліп келеді. 2019 жылдың наурызына таман көрмемен Индонезиядан АҚШ-қа дейінгі 30-дан астам елдер танысты. Көрме аясында, жаратылыстану ғылымындағы революциялық заттар, тарихи және инновациялық технологияларға қатысты бұйымдар ұсынылады. Танымал ғалымдардың тұжырымдары 7 тақырыптық саламен таныстырады: информатика, энергетика, коммуникация, медицина, автокөлік жасау, оптика және т.б.

«Германия – өнертапқыштар елі» атты көрмесінің материалдары 15-25 жас аралығындағы адамдарға негізделген. Олар неміс тілінен қазақ және орыс тілдеріне аударылған. Сондай-ақ, көрмеде қызықты бейне роликтер мен аудио материалдар болады.

 

 15 марта 2019 г. в Центральном государственном музее Республики Казахстан совместно с Гёте-Институтом Алматы, в год 25-летия Гете-Института Казахстан, открылась интерактивная мультимедийная выставка «Германия – страна изобретателей: модуль «исследования интерактивная мультимедийная выставка «Германия – страна изобретателей: модуль «исследования»
 15 марта 2019 г. в Центральном государственном музее Республики Казахстан совместно с Гёте-Институтом Алматы, в год 25-летия Гете-Института Казахстан, открылась интерактивная мультимедийная выставка «Германия – страна изобретателей: модуль «исследования  15 марта 2019 г. в Центральном государственном музее Республики Казахстан совместно с Гёте-Институтом Алматы, в год 25-летия Гете-Института Казахстан, открылась интерактивная мультимедийная выставка «Германия – страна изобретателей: модуль «исследования

 

Көрме 2019 жылдың 11 сәуіріне дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source