авто

Переключатель языков

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстанның мүгедектері күніне орай, «KS – production» продюсерлік орталығы және «Қайырымды Істер Өлкесі» Қазақстан мүгедектері қайырымдылық ҚҚ-мен бірлесіп 2019 жылдың 22 қараша күні сағат 14.00-де мүмкіндіктері шектеулі балалардың «Бақытыма сенемін» атты көрмесін ашады. 

Жыл сайын Қазақстан Республикасында Мүгедектер күні атап өтіледі, бұл күні мүмкіндіктері шектеулі адамдардың келелі мәселелері көпшілік назарынан тыс қалып қалмауы үшін арнайы шаралар ұйымдастырылады.

Шара мақсаты – мұқтаж жандардың қордаланған мәселелеріне халық назарын аударту, оларға әлеуметтік, психологиялық және медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру, сондай-ақ қоғамда жалпы қабылданған стереотиптерді бұзу және бұл басқа балалар сияқты қажеттіліктер мен мүмкіндіктері бар қарапайым балалар екенін көрсету. Физикалық даму ерекшеліктеріне қарамастан, олар талантты және креативті, спортта және шығармашылықта өздерін толық көрсете алады, тіпті кейде өз қатарластарын басып озады да. Балалар кесте тігеді, сурет салады, тоқыма тоқиды, мүсіндер жасайды және т.б. Бұл өз кезегінде өзін-өзі жетілдірудің ешбір шегінің жоқтығын дәлелдейді: «Мүмкіндіктер – шектеулі, қабілет - шексіз».

Акция осы балаларға аяушылық білдіру мақсатында емес, керісінше олардың да қоғамның бір мүшелері екенін еске салу мақсатында өткізіледі.

Аталмыш шара мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты өмірге бейімдеуге бағытталған. Алматы қаласының 60 баласы аурудың әр түрлі түрімен басты топ болып табылады.

Осы іс – шара аясында балалар суреттерінің көрмесі; «KS-production» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен Жанна Орынбасарова, Айжан Нұрмағамбетова, Жәмилә Серкебаева, Венера Нигматулина, Антон Митнев, Нина Жмеренецкая, Парвиз Назаров пен Аида Аюпованың қатысуымен концерт, музейге экскурсия, музейдің демеушілері мен серіктестерінен балаларға сыйлықтар табыс ету ұйымдастырылады.

Көрмеде 10-16 жас аралығындағы балалардың әртүрлі техникада орындалған: ағашты ою, мүсіндеу, кесте тігу, бисермен және ілмек бізбен тоқу, дәндерден аппликация және т.б. таңғажайып жұмыстары ұсынылмақ. Әр баланың көрмеге атсалыса қатысуы оның мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі.

Іс шараға қолдау көрсеткендер: «ZUGO HOME TEXTILE», «Бостан» ЖШС, «AMIRAN» ЖШС, «Maxi чай» АҚ, «Ақсайнан» ЖШС, «Нестле Фуд Казахстан» ЖШС, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай Қоғамы, «Мейірім» қайырымдылық қоры.

Көрме 2019 жылдың 28 қарашасына дейін жалғасады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі 2019 жылдың 3 қараша күні сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігімен, "Нархоз" Университеті жанындағы Адам ресурстарын дамыту Қазақстан-жапон орталығымен, Japan Foundation, Қазақстан-Жапон Жібек жолы қауымдастығының қолдауымен Қазақстандағы жапондықтар Ассоциациясымен бірлесіп «Жапон мәдениеті күні» фестивалін өткізеді.

«Алматы қаласындағы Жапон мәдениеті күні»«Жапон мәдениеті күні» фестивалінің мақсаты Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени байланысты дамыту және нығайту, сондай-ақ Алматылықтар мен қала қонақтарын Күншығыс елінің салт-дәстүрімен, заманауи инновациялық және интелектуалдық жетістіктерімен таныстыру болып табылады.

Іс-шараға келушілер жапон өнерінің түрлері бойынша қызықты шеберлік сабақтарға қатысуға, танымал жапон тағамдарын дәмін көруге мүмкіндік алады, сонымен қатар "тайко" жапон барабандарының ырғақты соқылары арқылы жапон мәдениетінің ғажайып және өзіндік әлеміне енеді. Мұндай мүмкіндікті ҚР Мемлекеттік орталық музейінде 14 жыл бойы өткізіп келе жатқан жапон мәдениетінің фестивалі береді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша мереке кезінде музейде шай салтанатының құпиялары, каллиграфия өнері, икебана, оригами, фурошика, үстел үсті логикалық ойындары (сеги, го, маджонг), қолөнер, жапон мәдениетінің тұрмысы мен сәндік-қолданбалы өнері көрсетіледі.

Осы жылғы фестивальдың ерекшелігі - Алматы қаласында жұмыс істейтін жапон қызметкерлерінің жұбайлары өткізетін балаларға арналған дәстүрлі жапон ойындары. Бір топ еріктілер Токиодағы ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарындағы "Горин Ондо"биін орындайды.

Алматылықтардың көңілдерін шыққан "Ооэдодайко" барабаншылар тобы мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Фестивальда жапон тілінің түрлі курстары, бизнес-курстар, Жапонияға турлар, жазғы балалар лагері және т. б. туралы ақпараттар кеңінен ұсынылады.  

Сондай-ақ іс-шарадан Жапониядан келген шебер Куцузава Кейконың сәндік-қолданбалы өнер түрі Когин (kogin) кестесінен жасалған бұйымдарды көруге болады.

Іс-шараны Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тацухико КАСАИ салтанатты ашады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп 2019 жылдың 23 қазанында сағат 16.00-де «Қытай Халық Республикасының құрылғанына 70 жыл толуын мерекелеу» атты халықаралық фотокөрмесін ашады.

«Қытай Халық Республикасының құрылғанына 70 жыл толуын мерекелеу» атты халықаралық фотокөрмесіҚытай Халық Республикасы бейбітшілік пен ынтымақтастық тұжырымдамасын ұстана отырып, Қазақстан Республикасымен жан-жақты қарым-қатынасты дамытады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен көпжылдық ынтымақтастық аясында қытай тарихының, мәдениеті мен өнерінің әр түрлі аспектілеріне, бағдарламаларға, біздің елдеріміз арасындағы мәдени байланыстар мен достықты нығайтуға арналған көптеген бірлескен жобаларды іске асырды.

Бүгінгі әлем тарихи оқиғалар мен қазіргі қоғамның өмірін бейнелейтін көзі болып табылатын фотосуреттерсіз елестету қиын. Көрме экспозициясы соңғы 70 жыл ішінде Қытай Халық Республикасының тарихи дамуы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайын көрсететін үш хронологиялық кезеңнің фототаспаны құрайды: Қытай халқы аяққа тұрды (1949-1978 жж.); реформалар мен ашықтықтың қолайлы кезеңі (1978-2012 жж.); дамудың жаңа дәуірінде батыл қозғалысы (2012 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін ҚКП 18-ші съезінен кейін).

150 жарқын суреттерден тұратын фотокөрме 1949 жылдан бастап 2019 жылға дейін ҚХР — ның құрылысы мен дамуы, саясат, экономика, қоғам, мәдениет, экология, қалалар құрылысы және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, коммуникациялар мен технологиялар, ғылым, білім беру, медицина, спорт, өнер және т.б. салалардағы қиындықтар мен жетістіктер туралы толық көлемде көрініс табады.

Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне ҚХР –ның Алматы қаласындағы Бас консулы Гэн Липин ханым, Қазақстан Республикасы СІМ-нің Алматы қаласындағы өкілдігінің, дипломатиялық корпустың, мәдени және білім беру мекемелерінің және т. б. өкілдері қатысады.

«Қытай Халық Республикасының құрылғанына 70 жыл толуын мерекелеу» атты халықаралық фотокөрмесі «Қытай Халық Республикасының құрылғанына 70 жыл толуын мерекелеу» атты халықаралық фотокөрмесі
«Қытай Халық Республикасының құрылғанына 70 жыл толуын мерекелеу» атты халықаралық фотокөрмесі «Қытай Халық Республикасының құрылғанына 70 жыл толуын мерекелеу» атты халықаралық фотокөрмесі

Көрме 2019 жылдың 7 қарашасына дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде суретші, ұстаз Жұмаділхан Керімбектің 60-жылдық және Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің 90-жылдық мерейтойына арналған «Ауыл – ел бесігі» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды.

Көрменің ашылу салтанатында директордың орынбасары Ғалия Теміртон, Академик Пралиев С.Ж., өнеріне жанашыр болып демеу көрсетіп жүрген суретшінің ағасы Керімбек Шатырхан Сарыбайұлы, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің атынан профессор, техника ғылымдарының докторы, кәсіподақ ұйымының төрағасы Омарбекұлы Тіріболсын және көрменің авторы Жұмаділхан Керімбек сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілер суретші Жұмаділхан Керімбек 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Бірлік ауылында дүниеге келгенін атап өтті. Ж.Керімбек 1986 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылық институтының агрономия факультетін бітірген. Түркияда биология саласы бойынша докторлық диссертация қорғады (1998). Қазіргі уақытта ол Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде аға оқытушы болып қызмет атқарады.

Жұмаділханның көркем туындылары бұған дейін де бірнеше рет Орталық музей қабырғасында көрсетілді. Бұл жолы алматылықтар назарына суретшінің туған ауылына арналған еңбектерінің жаңа топтамасы ұсынылды. Ж. Керімбектің туған өлкесіне, еліне деген сүйіспеншілік сезіміне толы өнер туындылары қазақ этносының мәдениеті, салт- дәстүрі, әдет-ғұрпымен таныстырды. Суретшінің «Қара жорға», «Күннің батуы», «Алматы (Көктөбеден қарағандағы көрініс)», «Сәкіде», «Жазғы күн» сынды еңбектерінде ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмыс-тіршілігі, ауыл табиғатының сұлулығы, сәйгүліктер шабысы, ұлттық мереке сәттері – бізге жақын да түсінікті, шынайы жағдаяттар бейнеленген. Оның «Таулар», «Машат 1 асуы», «Тау өзені», «Туған өлке», «Бұлақ басында» және т.б. шығармалары ен дала, тау қырқасы – туған өлкенің бай да әсем табиғатына деген сүйіспеншілігін аңғартады. «Күз», «Наурыздағы қар», «Жазғы кеш» сынды туындылары суретшінің жыл мезгілдері пейзажын бейнелеудегі шеберлігін көрсетеді. Оның пейзаждары бала кезінен жадында қалған қымбат дүниелер.  Оның дала, тау ландшафтна деген сүйіспеншілігі балалық шақтағы естеліктерден бастау алады. Суретшіге ауыл өмірі жақсы таныс, ол өзі өмір сүрген ортасын бейнелейді, шығармаларының шынайлығы да осыдан.

Жұмаділханның кескіндеме жанрындағы «Вальс», «Жігіттер биі», «Немере», «Сәкіде», «Музыка», «Қойлар»,  «Аңшылыққа» сияқты табиғатына жақын жұмыстарында өзі өскен ортадағы күнделікті тіршілік желісі – қымыз құйып отырған немесе отбасы-ошақ қасындағы әйелдер, жұмыстан кейін сәкіге жайғасқан жанұя мүшелері, мереке сәтінде билеп жүрген жастар бейнеленген. Түрлі материалдармен тәжірибе жасауға құштар суретші акрилді бояу, гуаш, тушь, майлы бояуды пайдалана отырып қозғалысқа, жарыққа толы ұмтылыс, жарқындық, бірегейлікті танытатын күрделі жанрлық композицияларды ұсынады. Оның түрік елінің көріністері топтамасындағы   ақ-қара түстерді ұтымды үйлестіре орындалған «Түркия жайлы естеліктер», «Селжүктердің Коня қаласы» сияқты мазмұндылығы, айшықтылығы және ұғымдылығымен екшеленетін графикалық жұмыстары да қызғылықты.

Үнемі шығармашылық ізденіс үстіндегі Жұмаділхан Керімбек Қазақ Ұлттық аграрлық  университетіндегі оқытушылық қызметімен шектелген емес, ол ғылыми еңбектермен қатар өлең жазумен әуестенді, педагогика саласы бойынша бірнеше ғылыми жарияланымдар, оқу-әдістемелік құралдардың авторы.

Экспозицияда суретшінің 90-нан астам аса тартымды жұмыстар, өзіндік ерекшеліктерімен бейнеленген туған жерге деген сүйіспеншілікке толы шығармалары ұсынылған.

Cуретші-педагог Жұмаділхан Керімбектің «Ауыл – ел бесігі» атты жеке шығармашылық көрмесі Cуретші-педагог Жұмаділхан Керімбектің «Ауыл – ел бесігі» атты жеке шығармашылық көрмесі
Cуретші-педагог Жұмаділхан Керімбектің «Ауыл – ел бесігі» атты жеке шығармашылық көрмесі Cуретші-педагог Жұмаділхан Керімбектің «Ауыл – ел бесігі» атты жеке шығармашылық көрмесі

Көрме 2019 жылдың 6- қарашасына дейін жалғасады.

 

2019 ж. 14 қазан күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде Польша Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығымен көпжылдық ынтымақтастық аясында Екінші Дүниежүзілік «Күрес және қайғы. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде поляк азаматтары»соғысының 80 жылдығына орай «Күрес және қайғы. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде поляк азаматтары» атты көрмесі ашылады.

Екінші Дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең ірі қарулы қақтығыс болып саналады. Оған жер шарының 80%-ын құрайтын 73 мемлекеттің 62 мемлекеті тартылды. Жауынгерлік іс-қимылдар Еуропа, Азия, Африка аумағында және барлық мұхит суларында жүргізілді. Бұл ядролық қару қолданылған жалғыз қақтығыс. Бұл eң қорқынышты соғыс 6 жылға созылды. Концентрациялық лагерьлерде қаза тапқандардың жалпы саны 60 млн. адамнан асады.        

Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылдың қыркүйек айының 1 жұлдызы таңертең үшінші Польшаға Рейхтың шабуылынан басталды.  

«Күрес және қайғы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде поляк азаматтары» екінші дүниежүзілік соғыстың белгілі бір тарихи оқиғаларына Польша тарихшыларының көзқарасы болып табылады және поляк халқының тоталитарлық жүйелермен күресі туралы айтады. Көрменің құрылымы сақталған хронология мен драматургиямен соғыс уақытының көптеген аспектілерімен танысуға мүмкіндік береді.

Көрме Польша Республикасының Сыртқы Істер министрлігі Гданьск қаласындағы екінші дүниежүзілік соғыс музейімен бірлесіп жүзеге асырған халықаралық жоба болып табылады және әлемнің 62 елінде ұсынылатын болады.  

 

«Күрес және қайғы. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде поляк азаматтары» атты көрмесі «Күрес және қайғы. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде поляк азаматтары» атты көрмесі
«Күрес және қайғы. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде поляк азаматтары» атты көрмесі «Күрес және қайғы. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде поляк азаматтары» атты көрмесі

Көрме 2019 жылдың 27 қазанына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source