авто

Переключатель языков

2019 жылдың 11 қазаны сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен бірлесе отыра Халықаралық «Ұлы дала қыры: заманауи кезеңдегі шығармашылық тәжірибелер мен көркем білім беру» атты Арт – форум аясында Өнер, мәдениет және спорт институтының (КСФ) 50-жылдық мерейтойына арналған профессор-оқытушы құрамының шығармашылық жұмыстарынан «Мерейтой палитрасы» атты көрме ашады.

afisha-yubileinaya-palitra

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институты Көркемсурет-графика факультеті ретінде танылыа келіп, 50 жыл ішінде мәдениет, өнер салаларында жоғары білікті кадрларды дайындаған қара шаңырақ.  

Көркемсурет факультеттің тарихы сонау 1963 жылдан бастау алды. Оның алғашқы түлектері бүкіл республика бойынша көркемдік білім беру саласында бірқатар кафедралардың ашылуына өз үлестерін қосты, сондықтан Көркемсурет факультетін «Қара шаңырақ» деп атаса да орынды.

Көркемсурет кафедрасы өзінің түлектерімен мақтан етеді. Бүгінде олар белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, аты танымал суретшілер, графиктер, кескіндемешілер, мүсіншілер мен педагогтар. Атап айтқанда: Ерболат Төлепбай, Мұратбек Нұрлыбаев, Владимир Власюк, Шоқан Төлеш, Аркен Зульфикар, Вячеслав Люйко, Батима Заурбекова, Нелли Бубэ, Тоққожа Қожағұлов, Алексей Бегов және т.б.

Бүгінгі таңда, институтта профессорлар, ғылым докторлары мен кандидаттар, доценттер, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген мәдениет қайраткерлері мен жаттықтырушылары, спорт шеберлері, Қазақстан Республикасы Суретшілер, Дизайнерлер одағының мүшелері және басқа да шығармашылық бірлестіктер өкілдері жұмыс жасап, Қазақстан және алыс шетелдерде студенттерімен, шәкіртттерімен көрмелер ұйымдастырып, концерттер мен фестивальдарда белсенділік танытып жүр.

«Мерейтойлық палитра» экспозициясы отандық көркемдік білімнің заманауи негізін қалаушы тұлғалардың шығармашылық әлеуетін, тынымсыз ізденістер мен көркемдік эксперименттер нәтижелерін, қазақстандық суретшілер мен педагогтардың тәжірибесі мен жетістіктерін көрсетуге арналған.

Шеберлердің әрқайсысының өзіне тән танымал және ерекше стилі бар. Сонымен бірге, барлық жұмыстар бір үлкен мерейтойлық палитрада ортақ мақсатқа біріктірілген - қазіргі Көркемсурет факультетінің барлық қырлары мен түстерін көрсетіп қана қоймай, өздерінің ойлары мен үміттерімен бөлісу.

выставка «Юбилейная палитра» выставка «Юбилейная палитра»
выставка «Юбилейная палитра» выставка «Юбилейная палитра»

Көрме 2019 жылдың 23 қазанына дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2019 жылдың 2 қазан күні сағат 15.00-де суретші Гүлфарида Жәниярованың «Менің махаббатым: қуыршақтар, гүлдер және мейірімді, мейірімді ертегілер» атты жеке көрмесі ашылады.

Көрме кескіндемеші, суретші-иллюстратор, дизайнер, қуыршақтар жасау шебері және костюмдер бойынша суретші – Гүлфариданың көп қырлы шығармашылығымен таныстырады. Түрлі техниканы, әдіс-тәсілдерді және материалдарды пайдалана отырып автор қуыршақтардың әртүрлі бірегей бейнелерін, сондай-ақ гүлдер мен бояулардың көптігімен ерекшеленетін көркем суреттерді жасайды, олардың арасында натюрморттар, пейзаждар, портреттер, гүл композициялары және т. б. Әрбір қуыршақ - өнер туындысы, жеке жоба, өз стилі, тарихы мен ертегісі бар.

«Менің махаббатым: қуыршақтар, гүлдер және мейірімді, мейірімді ертегілер» атты жеке көрмесіГ. Жәниярова Алматы көркемсурет училищесінің (кескіндеме факультетін) бітірді. 1971 жылдан бастап ХVШ-ХІХ ғасырлардағы костюмдердің тарихын зерттеумен айналысып, костюм бойынша суретші болуды армандады, ал 1994 жылдан бастап концерттік костюмдерге үлкен көңіл бөле отырып, жеке тапсырыстармен жұмыс істей бастады. Гүльфарида Қазақстанның астанасы Астана қаласының (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) тұсаукесеріне арналған костюмдер, «Әнші балапан» республикалық балалар музыкалық байқауының кішкентай орындаушыларына арналған костюмдер жасаған, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары – Е. Шәкеев, Р. Стамғазиев, Қ. Әбділдина, А. Исатаева, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Б. Сәмединова мен М. Ілиясовалардың және т.б. костюмдерін дайындады. Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына белсенді қатысты.          

Шығармашылық бағдарларды таңдауда театрлармен жұмыс жасау және ынтымақтастық қарым-қатынас маңызды рөл атқарды. Суретші Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында М. Әуезовтың «Абылай ханның соңғы күндері» спектаклі үшін қазақтың көшпелі ақсүйектерінің бұрынғы киімдеріне сәйкес келетін Хан костюмінің эскиздерін дұрыс орындады.

Г. Жәниярованың шығармашылығында жарқын көркем мәнерлілікпен орындалған, таңғажайып табиғаттың әртүрлілігін көрсететін «Бөртегүл», «Таушымылдық», «Сәлдегүлдер», «Иристер», «Үш түсті шегіргүлдер», «Аққанат пейзажы» «Кеш», «Қысқы пейзаж» картиналары бар көркем шығармалардың топтамасы маңызды орын алады.

Көрменің көркемдік негізі қазіргі уақытта 200 данадан астам авторлық қуыршақтар жиынтығы болып табылады.

Бұл қазақтың ұлттық киімдеріндегі үлкен интьерерлік қуыршақтар - қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлері, мифтердің кейіпкерлері, әлемнің түрлі халықтарының сәнді киімдеріндегі сұлулықтар («Сұлу моңғол әйелі»,«Бүркітші», «Испан қуыршақтары», «Гейша»), қиял қуыршақтары («Шахмет ханшайымы»,«Вишенка»)сондай-ақ тарихи тұлғалардың «Конфуций», «Махмұд Қашқари» қуыршақ-портреттері. Г. Жәниярова өзінің қуыршақтарын бір данада ғана жасайды, эскиздер дайындаудан және үлгілеуден бастап костюм тігуге дейін барлық жұмыстарды өз қолымен орындайды, әрлеуге арналған түрлі материалдарды - қымбат маталар, табиғи тері, шаштар, алтын жіптер, жартылай бағалы тастар және т. б. пайдалана отырып жасайды.

Г. Жәниярова бірінші болып қазақстандық суретшілер арасындағы қуыршақтар авторларының халықаралық бірлестігінің мүшесі болды («Қазақстан қуыршақтары» авторлық жобасы). Сондай-ақ Халықаралық қуыршақтар көрмелеріне де белсене қатысты (Мәскеу қ., РФ).

Көрменің негізгі мақсаты – автордың көпжылдық еңбегінің жетістіктері мен нәтижелерін көрсету ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар жасау шеберлігі, қуыршақтар өнерін ілгерілету арқылы отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды қолдау.

Музей суретшілер, қуыршақшылар, дизайнерлер, шеберлер, теддистерді, фотографтар, коллекционерлер, қуыршақтар жасау өнеріне немқұрайлы қарамайтын барлық азаматтарды шақырады.

Көрмеге қуыршақ шеберлігінің кейіпкері 100-ден астам өнер туындысын ұсынады.

«Менің махаббатым: қуыршақтар, гүлдер және мейірімді, мейірімді ертегілер» «Менің махаббатым: қуыршақтар, гүлдер және мейірімді, мейірімді ертегілер»
«Менің махаббатым: қуыршақтар, гүлдер және мейірімді, мейірімді ертегілер» «Менің махаббатым: қуыршақтар, гүлдер және мейірімді, мейірімді ертегілер»
«Менің махаббатым: қуыршақтар, гүлдер және мейірімді, мейірімді ертегілер» «Менің махаббатым: қуыршақтар, гүлдер және мейірімді, мейірімді ертегілер»

Көрме 2019 жылдың 30 қазанына дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей (ҚР МОМ) жұмысының негізгі бағыттарының бірі шет мемлекеттерде қазақтардың тарихы мен мәдениетін таныстыратын музей қорындағы коллекциялар негізінде көрмелер ұйымдастыру болып табылады. Орталық музей әлемдегі жетекші музейлер және ғылыми мекемелермен бірлесе отырып көптеген ортақ жобаларды жүзеге асыруда сондай-ақ, АҚШ, Италия, Германия, Жапония, Корея, Франция елдерінде көрмелер ұйымдастырды. 2018-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік орталық музейі Қытай (Сиань қ.) және Түркия (Стамбул қ.), Мажарстан (Сазхаломатта қ.) және Чехия (Прага қ.) елдерінде көрмелер өткізді. Музей жұмысының аталмыш бағыттары шетелге Қазақстанның тарихы мен мәдениетін дәріптеудің жолы болып табылады.  

Халықарылық ынтымақтастық шеңберінде, Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы арасындағы мәдени байланыстарды нығайту мақсатында, 2019 жылдың 17 қыркүйек күні Чехияның Ұлттық музейінде (Прага қ.) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей қор коллекциясының «Ұлы даланың тарихи-мәдени келбеті» атты көрме ашылды.

Көрмені ҚР Мемлекеттік орталық музей директоры Нұрсан Әлімбай, Чехия Ұлттық музейінің директоры Михал Лукеш, Чехия Республикасының Мәдениет министрінің орынбасары Иржи Взиентек, Қазақстанның Чехиядағы және Словакиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов ашты.

Көрме аясынды Орталық музей директоры, профессор Нұрсан Әлімбайдың бастамасымен «Орталық Азия көшпелілерінің мәдени кеңістігіндегі адам, социум, жер» атты ғылыми конференция өтті. Конференцияға Лондон университеті (Ұлыбритания) Шығыс және Африка елдерін зерттеу Мектебінің профессоры Николас Симс-Уильямс, де Франце Колледжінің профессоры Франц Гренэ (Франция), Алтай Мемлекеттік университетінің профессоры Алексей Алексеевич Тишкин (Ресей), Пиза қ. Университетінің профессоры, доктор Пьер Джорджио Борбоне (Италия), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Александр Николаевич Подушкин сынды көптеген елдердің бірқатар ғалымдары, сонымен қатар музейдің ғылыми қызметкерлері қатысты.

Ұсынылған көрменің құрылымы «Ежелгі көшпелілер мәдениеті» және «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты өзара себеп-салдарлық байланыстағы екі бөлімнен тұрды. 

Бірінші бөлімде көшпелі өркениетті қалыптастырған сақ, үйсін және қаңлылардың жоғары даму деңгейіне жеткен бай мәдениетін көрсететін мәдени құндылықтар қойылып, таныстырылды. Олардың барлығы қола немесе алтыннан жасалған. Аталмыш бөлімде жазбалары («күлтөбе жазбасы» немесе «соғды жазбасы») сақталған қыш тақтайшалар ерекше орын алды.

«Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты екінші бөлімге қазақ мәдениетінің бірегей символы болып саналатын - киіз үй орын алды. Бірегей архитектуралық үйлесім, ішкі жабдықтарының эстетикасы, пайдаланылатын заттардың қарапайымдылығы мен қолжетімділігі (киіз, ағаш, былғары және т.б.), жыл мезгіліне қарай қолайлығы, тез құрылып, қайта жиналуы киіз үйдің өмір сүруге өте қолайлы екендігін көрсетеді. Сонымен қатар дәстүрлі ортадағы киім-кешек үлгілері, зергерлік әшекей бұйымдар, кесте үлгілері мен тұрмыстық бұйымдар көрменің мазмұнын айшықтап, дәстүрлі қазақ мәдениетің өзіндік ерекшелігін көрсетіп, сан алуан тарихи-этнографиялық артефактілер арқылы қазақтың көшпелі тіршілік салтының интерактивті музейлік образын берді.

Көрменің басты мақсаты Қазақстанның ежелгі көшпелілерінің мәдениетінің сан қилы және бай екендігін көрсету, ғылым мен мәдениет саласында байланысты нығайту, музейдің насихаттаушылық ролін және географиялық қызмет аясын кеңейту. Аталмыш көрме экспозициясына 440 с.б. археологиялық артефакт қойылды.

«Историко-культурный облик Великой степи». Выставка в Праге. «Историко-культурный облик Великой степи».
«Историко-культурный облик Великой степи». «Историко-культурный облик Великой степи».
«Историко-культурный облик Великой степи». Конфренция. «Историко-культурный облик Великой степи». Конфренция.

Көрме Чехияның Ұлттық музейінде 2019 жылдың 19 қарашасына дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейі ҚХР Тан әулетінің ежелгі Батыс нарығының Сиань музейімен көпжылдық ынтымақтастық аясында «Тан Саньчао» майлы кескіндеме музейінің және Сианьның ежелгі астанасының кескіндеме және каллиграфия институтының қолдауымен 27 қыркүйек күні сағат 15.00-де «Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы» атты көрме ашады.

«Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы»Ұлы Жібек жолы шеңберінде Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық қарым-қатынасын жалғастырып, музей ісі саласындағы достық байланыстарды нығайта отырып, осы екі ел музейлерінің жобасы іске асырылуда.

Көрме «Аспан асты елінің» бейнелеу өнерімен таныстырады, аталмыш көрмеге Қытайдың Сиань қаласындағы танымал Тан Саньчао, Цуй Цзымо, У Чэнбинь және Чжоу Цисян суретшілердің 60-тан астам шығармалары ұсынылады. Көрме экспозициясы екі негізігі бөлімнен тұрады: бірегей майлы кескіндеме және дәстүрлі қытайлық «гохуа» кескіндемесі.

Көрменің бірінші бөлімі атақты қытай суретшісі Тан Саньчао шығармашылығына арналған, ол майлы кескіндеме техникасында орындалған 40 жұмысын көпшілік назарына ұсынады. Майлы кескіндеме стилінде шығармаларды жасау үшін бояғыштармен араласқан тез кебетін өсімдік майы (зығыр, көкнәр және жаңғақ) негізінде бояу қолданылады, бұл қанық және бай түстер, сонымен қатар көлем беру үшін мүмкіндік береді. 2018 жылы Тан Саньчао «Қытайдағы реформалар мен ашықтық саясатының басталуының 40 жылдығына орай мәдениет пен өнерге елеулі үлес қосқаны үшін» және «Батыстың 10 ұлы қайраткерлері (Жібек жолы)» жоғарғы марапатқа ие болды.

Көрменің екінші бөлімі «гохуа» дәстүрлі қытай кескіндемесіне арналған. Бұл стильдегі шығармалар қылқаламмен жасалады, оның көмегімен су, тушь, түрлі-түсті бояу жұқа жібекке немесе қағазға жағылады. «Гохуа» өзінің мазмұны мен көркемдік құндылығы тұрғысынан «Аспан мен адам бірлігінің» философиялық тұжырымдамасын көрсетеді.

Бұл бөлімде үш көрнекті каллиграфия және кескіндеме шеберлерінің жұмыстары ұсынылған:

Суретші Цуй Цзымо - ғылымға бағытталған заманауи өнер қайраткері, оның шығармаларының спектрі каллиграфия, гохуа, чжуань стиліндегі мөрлерді нақыштауды, фарфордан жасалған бұйымдарды, мүсінді, инсталляцияны, карикатураны, фотосуретті, сондай-ақ әңгіме, поэзия, проза, очерктерді және басқа да өнер салаларын қамтиды. 2012 жылы Цуй Цзымо БҰҰ-ның халықаралық білім, ғылым және фольклор өнері қауымдастығынан мәдениет және өнер саласындағы ерекше жетістіктері үшін марапатқа ие болды.

У Чэнбинь – Сиань қаласындағы Қытай кескіндеме академиясының штатты суретшісі. Сиань әдебиет, тарих және өнер академиясының «Шаньшуй» (таулар мен өзендер) шығармашылық зертханасының меңгерушісі. У Чэнбиньнің суреттерінің басым бөлігі «Таулар мен өзендер» стиліндегі шығармаларды құрайды. Оның суреттері тамаша мазмұнға толы және айқын әсері бар, сезімдік және көрнекі қабылдау тізбегін, табиғи ландшафтың сұлулығын құру.

Чжоу Цисян – Шығыс пен батыс мәдениеті әлеміне танымал адам, Қытай мүсіншілер академиясының мүшесі, оның қосымша мамандығы «гохуа» болып табылады. Суретшінің шығармалары негізінен «таулар мен өзендер», «адамдар мен заттар» стилімен ұсынылған, ол табиғат сұлулығы мен Цзинань ауылының сюжеттерін көрсетеді.

Көркем туындылар келушілерге табиғаттың сиқыры мен сұлулығын, Қытай кескіндемесінің көркем әсемдігін көріп, оларды жасаушылардың көңіл-күйі мен өнеріге деген ұмтылысын тамашалауға мүмкіндік береді. Көрме аясында Қытай суретшілерімен кездесу өтеді, олар көркем шығармаларды жасау тәжірибесімен бөліседі.

«Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы» «Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы»
«Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы» «Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы»
«Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы» «Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы»

Көрме 2019 жылдың 9 қазанына дейін жалғасады. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі Мысыр Араб Республикасының Елшілігі, Мысырдың Алматыдағы мәдениет және білім жөніндегі орталығымен көпжылдық ынтымақтастық аясында 2019 жылдың 18 қыркүйегінде сағат 15.00-де "Египет қазынасы" атты көрме ашылады.  

"Египет қазынасы" атты көрмеҚазақстан Республикасы (ҚР) мен Египет Араб Республикасы (АРЕ) арасында 1992 жылдан басталған өзара түсіністік пен құрметке негізделген жемісті дипломатиялық қатынас саяси, экономикалық, мәдени және т.б. барлық деңгейлерде қолдау тауып отыр. Екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты жандандыру шеңберінде 1996 жылы Қазақстан Республикасындағы Мысыр Елшілігінің негізгі бөлімшелерінің бірі ретінде Мысыр мәдени орталығы ашылды. 2015 жылы Мысырдың жоғары білім және мәдениет министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасындағы Араб Республикасының Мысыр Елшілігі жанындағы Мысырдың мәдениет және білім істері жөніндегі орталығы болып өзгертілді. Орталықтың міндеттерінің бірі – көрмелер ұйымдастыру және өткізу арқылы Мысыр тарихы мен мәдениетін насихаттау болып табылады.

Мысыр өркениеті - ежелгі әлемдік өркениет, оның басты жетістіктері иероглифтерді ойлап табуы, математика ғылымының пайда болуы, өнеркәсіпті игеру, зәулім ғимараттар (пирамидалар) құрылысы, суландыру жүйесі технологиясын ойлап табу, ауыл шаруашылығын жүргізудің тиімді әдістері және т. б. деуге болады. Мысыр тарихы мен мәдениетінің көптеген ескерткіштері бүгінге дейін сақталған.

Қазіргі таңда Мысыр мәдениеті қоғамның сипаты мен өмірін, сондай-ақ тіл, әдебиет, дін, тарих, әдет-ғұрып және т. б. мәдени элементтерді айқындай отырып мемлекеттің сыртқы саясатында маңызды рөл атқарады.     .

Көрмеге Фараондар әулетінің тарихын айқындайтын төмендегідей музей құндылықтары: тұрмыстық заттар, папирус, былғары, металл, ағаштан жасалған бұйымдар, сондай-ақ сәндік-қолданбалы және каллиграфиялық өнердің заманауи туындылары, құдайлардың мүсіндері, ежелгі шам, құмған, құмыра, көркем безендірілген гүлсауыт, құмыра, металл мен ағаштан жасалған тарелкалар, седеп және сүйекпен безендірілген қобдишалар, ежелгі қорымдар мен Құдайлар бейнеленген картиналар және т.б. қойылады.

Көрмені Қазақстан Республикасындағы Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Мәдениет және білім істері жөніндегі орталығының директоры, профессор Ранда Махмуд Ризк ханым ашады.

Көрме 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source