авто

Переключатель языков

2020 жылдың 10 желтоқсаны  Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейі "Тамос" балалар студиясының «Мен және түрлі-түсті әлем» атты балалар шығармашылығы туындыларының көрмесін ашады.

tamos-deti-bzoӨнер неден басталады? Біріншіден, бала сурет салуға, мүсіндеуге немесе қолөнер жасауға ерекше қызығушылық танытады. Өнерге деген құштарлығы артып, жаңа білім мен дағдылар пайда болады, содан кейін бала студияда үйренгенін көрсетуге мүмкіндік алады. Балалар шығармашылығы көрмесінде біз жаңадан келген оқушылардың алғашқы батыл әрекеттерінен бастап, сенімді жұмыстарын көре аламыз.

"Тамос" студиясы балаларды әртүрлі бағытта дамытатын кәсіби оқытушылар ұжымы қарсы алады. Солардың бірі – бейнелеу өнері кабинетінде шығармашылық уақытын өткізу. Студияда сурет салуды, мүсіндеуді және өз қолдарымен әр түрлі бұйымдарды жасауды ұнататын балалар айналысады. Негізгі сабақтардан тыс, бос уақытында балалар тәжірибелі бейнелеу өнері мұғалімі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, графика суретшісі Ибрагимова Гульнараның жетекшілігімен жұмыс істейді. Мұнда шығармашылық рух пен қиял әлемінің атмосферасы орнайды. Жаңа материалдар және мүмкіндіктермен танысу, түрлі тәсілдер мен идеяларды жүзеге асыру, ойдың шығармашылық ұшуы — мұның бәрін балалар шығармаларынан көруге болады. Мұғалім атап өткендей: «Бізде– дұрыс емес немесе болмайды деген түсінік жоқ! Бізде тек жаңа, қызықты, шынайы ізденіске ұмтылыс бар. Біз кескіндеме, сурет, графика, қолөнер сияқты әр түрлі бағыттарды қамтуға тырысамыз –– мұның бәрі әртүрлі қайталанбас қызықты жұмыстармен байланысты. Сондай-ақ, біз шыны, тәрелке, мата, ағаш және басқа да бұйымдарға сурет салуды үйренудеміз. Балалар өз жұмыстарын үлкен қызығушылықпен, өз білімі, жан дүниесі, көңіл-күйі мен идеясын барынша көрсетіп, қуана жасайды. Бұл өнер әлеміндегі шығармашылық жолдың бастауы». Жас суретшілер (Лия Иванова, Әлжан Самыратов, Елизавета Ким, Амели Порошина, Раяна Уразбаева, Аливия Михеева, Арина Юркович, Давид Дружинин, Айлин Жакупова, Амина Таттаева, Ева Панкова, Сара Душимова, Самина Мұсаева, Даниелла Абжаппарова) түрлі балалар шығармашылығына арналған көрмелерге белсенді қатысады.

Көрмеге 5-6 жас аралығындағы қатысушылардың 80-нен астам жұмыстары қойылған. Жұмыстар түрлі техникада орындалған: сурет, қолөнер, модельдеу, аппликация және т. б.

Суреттерде көрменің әр қатысушысы өзінің қиялын және дағдыларын көрсетіп, өздеріне ұнайтын бұйымдарды жасады. Жас суретшілер әлемді мейірімділікке, қуаныш пен ғажайыптарға толы жарқын бейнелеуге тырысты. Студия балаларының жұмыстары түрлі-түсті, әртүрлі қызықты суреттермен ерекшеленеді.

Бейнелеу өнерімен айналысу балалардың қиялын, шарықтау күйін суреттер арқылы жеткізе білуін, жасампаздық қуанышын, адамдарға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятады. Мұның бәрін дарынды мұғалімдер үйретеді. Көрмелерге қатысу арқылы жас дарынды балалар бейнелеу өнерінде өз мүмкіндіктерін көрсетіп, өздерінің еңбектерімен таныстырады.

Көрме 2020 жылдың 21 желтоқсанына дейін жалғасады.

2020 жылдың 9 желтоқсанында сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі Қазақстанның «Asia Doll» қуыршақтар шығармашылық одағымен бірлесіп, Халықаралық авторлық қуыршақтар мен Тедди аюлары көрмесін ашады.

Авторлық қуыршақтар мен Тедди аюлар көрмесі «Asia Doll» АлматыдаКөрмеге Қазақстаннан (Алматы, Өскемен, Көкшетау, Тараз, Теміртау, Нұр-сұлтан, Семей, Алтай), Беларусиядан (Брест), Қырғызстан (Бішкек), Ресейден (Нижний Новгород, Мәскеу, Калининград, Барнаул) әр түрлі техникаларда жұмыс істейтіндер: полимерлік саздан жасалған авторлық қуыршақтар, тоқыма қуыршақтары, киізден жасалған қуыршақтар 40-тан астам шеберлер қатысады.

Көрме қуыршақтар жасау өнерінің заманауи бағыттары мен ерекшеліктерін көрсетеді, сондай-ақ Қазақстан мен ТМД елдерінің қуыршақ бойынша жетекші шеберлердің, үздік суретшілердің коллекциялары мен шығармашылықтарымен таныстырады.

Көрме аясында «Жібек жолының алтын ғасыры» ұзақ мерзімді жобасы ұсынылады. Жоба аясында Жібек жолы тақырыбы бойынша авторлық жұмыстар көрсетіледі: бұл ҰЖЖ маршруты өткен елдер халықтарының ертегілерінің кейіпкерлері, этникалық костюм тақырыбы, сол уақытқа сәйкес келетін жануарлар мен адамдардың жинаушы бейнелері және тағы басқалар.

Шеберлердің үлкен жұмысы мен қажырлы еңбегі бүкіл әлем бойынша жеке коллекциялар мен галереяларда құрметті орын алатын бірегей туындыларды жасауға мүмкіндік береді.

Іс-шараға белгілі алматылық суретшілер, модельер-дизайнерлер, галеристер, бизнесмендер және т. б. қатысады.

«Asia Doll» көрмесінің жұмысы бойы барлық қалаушылар үшін экскурсиялар ұйымдастырылады.

Көрме 2020 жылдың 25 желтоқсанына дейін жалғасады.

ҚР Орталық музейі мен «Asia Doll» қуыршақтар көрмесіне шақырады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Қазақстандағы Гете-Институты, Германия Федералдық Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен халықаралық ынтымақтастық аясында 2020 жылдың 15 қазаны  аралығында «БИЛІК СЕЗІМІ. ГЕРМАНИЯ 19/19» атты фотокөрмесін ұсынады.

Көрмеге көрермендерді адамның 18 эмоциалық жағдайымен, сондай-ақ Германиядағы демократия мен диктатураның даму тарихымен таныстыратын   130 жуық фотосурет қойылған. Фотосуреттер соңғы 100 жылдағы Германияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын сипаттайтын бетбұрыстар мен оқиғаларды байқауға мүмкіндік береді.«Билік сезімі. Германия 19/19» фотокөрме адамдардың «Шабыт», «Ашу», «Мақтаныш», «Сенім», «Қызғаныш», «Қызығушылық», «Үміт», «Реніш» және басқада әр түрлі сезімдері мен күйлерін ашады.

Германияның федералдық сыртқы істер министрі Хайко Маас көрме жайлы: «Сезімдер реформалар мен демократияландыру процестерінің қозғаушы күші де, саяси инструментализация мен айла жасау тақырыбы болды және солай болып қала береді.Саясатты адамдар жасайды, сондықтан ол біздің күнделікті өміріміз сияқты сезімге толы. Бұл сезімдерді түсінудің қиындығы: ашуланшақтық немесе қорқыныш, көр соқыр болу, сенім жоғалуы мүмкін немесе оны пайдаланып кетеді, жанашырлықтан қызғаныш басым болуы мүмкін. Үміт пен жігерілік жақсылыққа да, жамандыққа да әкелуге қабілетті» деп атап өтті.

Фотокөрменің авторлары және ұйымдастырушылары германияның танымал тарихшылары – Уте және Беттина Фреферт, «Естелік, жауапкершілік және Болашақ» қоры мен «Диктатураны зерттеу» Федералдық қоры.Көрме экпозициясынан германияның танымал фотографы Регина Шмекеннің жұмыстары мен Федералды мұрағат пен Федералды баспасөз қызметі ұсынған материалдарда орын алған.Көрменің ерекшелігі қазіргі саяси пікірталастарда бізге не қажет екенін көрсетеді: ашулану мен қорқыныш аз, демократияға деген құштарлық көп. Бұл үшін бірге күресу керек.

2020 жылдың 26 қараша күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Таң Шолпан» Халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорының онлайн-көрмесі өтеді.

«Таң Шолпан» Халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорының онлайн-көрмесі1998 жылы «Таң Шолпан» Халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қоры құрылды. Сол жылы «Тенгри Умай» галереясында алғашқы көрме өтті. «Таң Шолпан» деген атау жаңғыру, таңның атуы, таңғы жұлдызбен байланысты.

2019 жылы үлкен үзілістен кейін Қор өзінің шығармашылық қызметін қайта бастады. Осы уақыт ішінде әр қатысушы шығармашылық және ұйымдастырушылық жұмыста жаңа тәжірибе жинады, өзін-өзі таныды, жеке және кәсіби өсу кезеңдерінен өтті. Бүгінгі таңда Қорда Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Австрия, Германия, Канада, АҚШ, Түркия елдерінің кәсіби көркемөнер саласында жоғары білімдері бар кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін сияқты түрлі өнер саласында жұмыс істейтін, басқа да елдердің кәсіби суретшілері бар.       Қор дарынды суретшілерге әлемдік арт-кеңістікте өз шығармашылығын ашуға және көрсетуге мүмкіндік береді, олардың барлығын өнер мен шығармашылыққа деген махаббат біріктіреді, олардың әрқайсысының өз көзқарасы мен өз тұжырымдамасы бар. Көрме үнемі жаңа бағыттарды, форманың, пластика мен композицияның мәнерлілігін, өзінің көркем тілін іздеп жүрген талантты жас суретшілердің шығармашылығын көрсетеді.

Әйел суретшілердің шығармашылығы арқылы әйелдің күші тек өзінің тұтастығы мен даралығын сақтай білу, өзін құрметтеуге және сүюге үйрену, өзімен үйлесімді өмір сүру қабілетінде ғана емес, сонымен бірге әйел – суретші-шебер, жасампаз, креативті ойлайтын және өмірге деген көзқарастарының өзіндік әсермен қарайтын, оның барлық қиялдары, ойлары мен тәжірибелерін өзінің шығармашылық жұмысында бейнелейтінін түсінуге және мойындауға болады. Осы уақыт өмірінің, оқиғалардың, бүкіл ішкі әлемнің өзгеруі — осының бәрі осы көрмеге қатысушылардың шығармашылығында бар.

«Тұрақсыз 2020 жыл және әлемде болып жатқан оқиғалар адамдардың өміріне әсер етті. COVID-19 пандемиясына байланысты біз өмірге деген көзқарасты өзгерттік, құндылықтарды бағалауды үйрендік, әлем басқаша киіпке енді! Адамзат өмір салтын түбегейлі өзгертті, біз дамудың жаңа кезеңін бастан өткеріп жатырмыз және бұрынғыдай өмір сүру мүмкін емес. Біз тұйық кеңістікте болуды үйрендік, онлайн оқыту, логдаун және т.б. не екенін білдік. Біз өзгердік! Біз әдеттегіден әдемі көруді және бағалауды үйрендік! Өміріміз бен шығармашылығымыз жалғасуда...», - деп атап өтті Қор Президенті, көрмені ұйымдастырушы, суретші Жәмила Тәкен.

Онлайн-көрмеге 100-ге жуық үздік кескіндеме және графикалық жұмыстар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылған. Бұл белгілі қазақстандық және шетелдік суретшілердің жұмыстары: Сәуле Бапанова, Әсия Хайруллина, Раушан Базарбаева, Жәмила Тәкен, Гүлжамал Тағенова, Гүлжанат Қабижанова, Елена Те, Айгүл Хакімжанова, Гүлшат Мәдібиева, Динара Нөгер, Елена Йоктон, Алтыншаш Алпысбаева, Лилия Позднякова, Дилором Мамедова (Өзбекстан), Роза Жанғарачева (Қырғызстан), Галина Швайгер (Германия), Марлис Лепичник (Австрия), Әйгерім Ронахер (Австрия), Лейла Ахмет-Осман (АҚШ), Айжан-Сара Жансейітова, Алмагүл Есімова, Жанат Көшен, Халида Мырзахметова, Құралай Аманжолова, Айжан Өмірбаева, Мария Сороковская, Лидия Дроздова, Наргиз Алиб, Жанат Табылдиева, Мадина Темірғалиева және басқа да дарынды суретшілер қатысты.

Көрме онлайн режимінде әлеуметтік желілерде – Facebook, Instagram парақшаларында және You Tube арнасында 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) ұсынылады.

 2020 жылдың 2 қазанынан 16 қазанына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағымен бірлесіп "Акварельді фреш" көрмесі өтеді.

"Акварельді фреш" көрмесіАталмыш көрмеде Қазақстандық үздік акварельшілері Елена Иоктон, Абай Чунчалинов, Анна Петракова, Лидия Дроз­дова, Светлана Кравч­енко, Оксана Шольц, Елена Попова, Олена Коломыцева, Наталья Дубовая, Перизат Есназарова, Дина Гаитов­а, Максим Ведерников, Игорь Баграмов, Ру­слан Абрафиков, Ольга Салькова, Кулбаты­ров Рашид, Канағат Кодеков, Камила Лаптева-Тулешова, Дәурен Қастеев, Рауан Сүлейменов, Мұ­хтар Сыздықов, Мақсат Қантарбаев, Майса Ықыласова, Төлеуғазы Байғалиев, Оразалы Жәнібек, Марлан Нысанба­евтың 100-ден астам картиналары музей кеңістігінде ұсынылады.

Акварель бояуы – кескіндемедегі күрделі әдістердің бірі. Акварель минималды құралдар мен максималды мәнерлікті қолдана отырып, әлемді барлық түстерде нәзік түрде көрсете алады. Бұл жеңіл, қозғалмалы кескіндеме, ол ерекше шеберлік пен шыдамдылықты қажет етеді.

Акварель техникасы суретшілер мен осы өнерді бағалаушылар үшін де әрқашанда ең тартымды болып қала береді. Тапқырлық пен батылдықтың арқасында қағаздағы кескіндеме пайда болады.

Көрмеде пейзаж, портреттер, натюрморттар, сюжеттік және дерексіз композициялар ерекше орын алады. Архитектуралық сюжеттер, этникалық мотивтер және адам өмірі - мұның бәрі акварель суретшілерінің жұмысында көрініс табады.

"Акварельді фреш" көрмесіне Қазақстанның түрлі қалаларынан келген дарынды суретшілердің акварель өнері туындыларының кең палитрасы ұсынылады.

Әр шығармада жоғары сапа белгісі бар, ал күрделі стиль әр суретшіні акварельдің бейнелеу өнерінде бөлек орынға қояды.

 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source