авто

Переключатель языков

Халықаралық байланыстар

Музейде қазіргі заманғы өзгерістер тұсында халықаралық байланыстар үлкен мәнге ие. Әлемдік біртұтас мәдени және ғылыми кеңістікке ену музейлердің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Музей қызметкерлері халықаралық ғылыми конференцияларда баяндамалар жасай отырып, еліміздің ғылыми беделін қалыптастыруға белсенді атсалысады. Халықаралық және аймақтық семинарлар мен симпозиумдарға қатысу, жинақтарда мақалалар жариялау, біріншіден, музей қызметкерінің ғылыми деңгейін көтеруге көмектеседі, екіншіден, музейлер мен ғылыми және мәдени-білім беру мекемелері арасындағы ғылым, мәдениет салаларының ықпалдастық аясын кеңейте түседі.              

ҚР Мемлекеттік орталық музейінің халықаралық ынтымақтастық аясы жылдан жылға кеңейіп отыр. Музей таяу және шетелдік музейлермен, мұрағаттармен, кітапханалармен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен ғылыми ынтымақтастықты дамытуда. ҚР МОМ Ресей География қоғамы, Ресей Мемлекеттік тарих мұрағаты, Шығыс қолжазбалары институты, РҒА-ның Материалдық мәдениет институты, РҒА-ның кітапхана мұрағаты мен Санкт-Петербор, Мәскеу, Қазан, Омбы, Ташкент қалаларының басқа да ғылыми мекемелерімен тығыз ғылыми байланыста. Сондай-ақ, Британ музейімен, Мемлекеттік Эрмитаж, Санкт-Петебордағы Ресей ғылыми кітапханасымен, Токиодағы Жапон Ұлттық музейімен, Италиядағы Болон университетімен, Мәскеудегі Мемлекеттік Тарих музейімен, АҚШ-ғы Пенсильван университетінің Антропология музейі, Гим – Шығыс халықтары өнері музейі (Париж қ., Франция), Бохум қ. (Германия) Тау-кен істері музейі, Гамбург этнографиялық музейі, Сиднейдегі Австралияның қазіргі заман өнері музейі, Венгр музейлері: Жаратылыстану тарихы, Этнографиялық, Ұлттық музейлерімен және «Матрика» археологиялық саябағы, Омбы тарихи-өлкетану музейі, Моңғол тарихи музейі, Сингапур Ұлттық тарих музейі, сонымен бірге орталық-азиялық өңірдің – Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның музейлерімен ынтымақтастықты табысты жүргізуде. Қазіргі кезде ҚР МОМ мәдени-білім қызметі аясында Жапония, Корея, Венгрия, ҚХР, Иран, Египет, Ресей елшіліктермен және консулдықтармен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

ҚР МОМ халықаралық көрмелер, бірлескен зерттеулер мен мәдени-білім жобаларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі музей ісі саласында бұрын жолға қойылған шығармашылық халықаралық байланыстарды жүзеге асыру жұмысын ұдайы жалғастырып келеді.

Ресей музейлерімен және ғылыми мекемелерімен ғылыми-шығармашылық байланыстарды айрықша атап өтуге болады. Бұған Ресей Ғылым академиясының Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография Музейімен (Кунсткамера) (РҒА АЭМ) (СПб, Ресей) тығыз ғылыми байланыстар куә бола алады.

Музей соңғы бірнеше жылдар қатарынан Кунсткамерамен бірлесіп ғылыми-зерттеу қызметі саласында бірқатар ірі халықаралық жобаларды жүзеге асырды: нәтижелері Кунсткамера қорларында сақталған қазақ этнографиясы жөніндегі орасан мол материалдарды ғылыми айналымға енгізу жолымен Қазақстанның этнологиялық ғылымын айтарлықтай байытқан мынадай екі ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асырды:

  • «С.М. Дудин - суретші-этнограф. Гамбург музейі мен Ресей этнографиялық музейіндегі Орталық-азиялық экспедиция фотоматериалдары»;
  • «Ресей Ғылым академиясының Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография Музейі (АЭМ) (Кунсткамера) коллекцияларындағы қазақтардың тарихи этнографиясы» (2011-2013 жж.).

2014 ж. бастап Ресей этнографиялық музейімен (РЭМ, Санкт-Петербор) бірлесе отырып, «Ресей этнографиялық музейінің қазақтардың дәстүрлі мәдениеті мен тұрмысы жөніндегі коллекциялары». Ғылыми каталог» ғылыми-қолданбалы жоба жүзеге асырыла бастады.

2014 ж. ҚР Мемлекеттік орталық музейі мен ҚХР Таң әулетінің ежелгі Батыс жәрмеңкесінің Сиянь музейі (Шэньси провинциясы) және Корей ұлттық этнографиялық музейі (Оңтүстік Корея, Сеул қ.) арасында өзара және тиімді екі жақты келісімшарт жасалды.

Жыл сайын ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия қолөнер шеберлерінің қатысуымен өткізіліп жүрген халықаралық «Орталық-азиялық қолөнер жәрмеңкесі» және т.б. көрме-жәрмеңкелер Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын арттырып келеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі ПРООН, ЮНЕСКО, Британ Кеңесі, ҚР Еуропалық Комиссиясы, ТЮРКСОЙ, ИСЕСКО, Turkuaz Group of Companies секілді Халықаралық ұйымдармен белсенді түрде ынтымақтастықпен жұмыс істейді.

Мәселен, музей өз коллекцияларының ақпараттық каталогтарын құруға жағдай жасайтын «ЮНЕСКО қамқорлығымен «ҚР Мемлекеттік орталық музейі халықаралық мәдени-білім кеңістігінде: «Музеолог» электронды мәліметтер қорын кеңейту» жобасына қатысады.

Музей 2010-2012 жж. Британ кеңесімен бірлесіп, бірқатар көрмелер: британ дизайнерлерінің, Ұлыбританияның қазіргі заманғы суретшілері туындыларының көрмелерін және «Ұлыбритания - Қазақстан» және «Лондон 2012 – олимпиадалық ойындар» тақырыбы аясында жас суретшілер шығармаларының көрме-конкурсын өткізді. Музей «Музей айы» жобасы аясында да түрлі шараларды ұйымдастырып, экспозициялық залдар бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде музейдің бағдаркітапшасы және лифлеттерді дайындап жариялады.

Музей басшылығы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға баса назар аударады. Ғылыми қызметкерлер, қор құндылықтарын қалпына келтірушілер, эскурсия жүргізушілер, қор қызметкерлері, суретші-безендірушілер шет елдердің мынадай бірқатар ғылыми ұйымдары мен музейлерінде біліктілігін арттыру курстарынан өтті: Британ Музейі (Лондон), Корей Республикасы Ұлттық этнография музейі, Жапон Ұлттық музейі, Тарихи мемлекеттік музей (Мәскеу, Ресей), академик И. Э. Грабар атындағы Бүкілресейлік көркемдік ғылыми-қалпына келтіру орталығы (Мәскеу, Ресей), Топкападағы Мемлекеттік музей жанындағы қалпына келтіру мен консервациялау жұмысының Орталық зертханасы (Стамбул, Түркия), Ресей этнографиялық музейі (РЭМ) (Санкт-Петербор, Ресей), Мемлекеттік орыс музейі (Санкт-Петербург, Ресей), Мәдениет, өнер және туризм қызметкерлерін қайта даярлау академиясы (Мәскеу, Ресей), Санкт-Петербор мемлекеттік Мәдениет және өнер университеті және т.с.с.

Сонымен, түйіндеп айтқанда, Музей шетелдік серіктестері аясын кеңейте отырып, халықаралық ғылыми және мәдени байланыстарды табысты дамытып, таяу және алыс шет елдердің дипломатиялық корпустары, мұрағаттары, институттары, музейлерімен ынтымақтастықты нығайтып келеді. Ғылыми-білім және көрме жобаларын жүзеге асыру мәдениеттер диалогын дамытуға, ғылым-білімді таратуға және ұлттық құндылықтарымызбен қатар, өзге халықтардың тілін, тарихын, мәдениетін түсінуге жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде мәдениетаралық қарым-қатынас өрісін нығайтады және кеңейтеді. ҚР МОМ халықаралық ынтымақтастық аясында елдер арасындағы тарихи және ­мәдени байланыстарды ескере отырып, мәдени, ғылыми және гуманитарлық даму үдерісіндегі жалпы ұстанымдарды басшылыққа алады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source