авто

Переключатель языков

Жарияланымдар мен еңбектер

ҚР МОМ-нің ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 30-дан астам басылым жарық көрді. Оның ішінде археология, этнография, нумизматика және ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихына қатысты нарративтік деректердің ғылыми каталогы да бар.

Олардың барлығы республикамыздың ғана емес, бірқатар шетелдік (Франция, Италия, Германия, АҚШ, Венгрия, Түркия, Ресей және т.б.) мамандар мен ғылыми жұртшылық тарапынан жоғары бағаға ие болды.

2014 ж. профессор Нұрсан Әлімбайдың ғылыми жетекшілігімен және тікелей қатысуымен жарық көрген бес томдық «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» энциклопедия деп аталатын еңбектің орны ерекше. Бұл еңбекте бұрындары жекеленген, бөлшектенген түрде жазылып келген бірлі-жарым ұғымдар мен атауларды жүйелеумен қатар көптеген жаңа атаулар алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді. Этнографиялық энциклопедияда адам мен қоршаған орта, қазақ қоғамымен тікелей байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан этникалық категориялар, атаулар мен ұғымдар этномәдени сипат алды, олардың этномәдени маңыздылығы мен дәстүрлі ортадағы рөлі ашылды. Авторлар қазақ этнографиясында ұмыт болған және қолданыстан шығып қалған категориялар, ұғымдар мен атауларды ғылыми айналымға енгізді. Барлығы 10000-нан астам дәстүрлі қазақ қоғамында қолданылған этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулар кеңінен талданып түсіндірілді.

«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» энциклопедия, Т. 1-5.

«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» энциклопедия, Т. 1-5.

Аталған көпжылдық еңбек, үлкен ғылыми жоба Қазақстанда тұңғыш рет жүзеге асырылып отырғандығын және тарихи, мұрағаттық, этнографиялық экспедициялардың материалдарын жете сараптап, зерттеудің нәтижесінде жазылғандығын атап көрсету керек. Энциклопедияны еліміздің ғылыми жұртшылығы жоғары бағалады.

 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source