11.02.2019 ж. «Жанымды жаралаған Ауғанстан» көрмесі
2019 жылы 11 ақпанда, сағат 15.00-де ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына арналған «Жанымды жаралаған Ауғанстан» көрмесінің ресми ашылуы өтеді.
Ауған соғысы 1979 жылы басталып 10 жылға созылды.
Ауғанстанда КСРО-ның 620 мыңға жуық, соның ішінде қазақстандық 22 мың адам әскери қызметтерін өтеді.
15 526 адам, соның ішінде қазақстандық 924 қаза тапты, алған жарақаттарынан және аурулардан қайтыс болды.
333 адам (КСРО Қорғаныс министрлігі Бас Штабының деректері бойынша), соның ішінде қазақстандық 21 адам хабар-ошарсыз жоғалды және тұтқынға түсті.
Ауғанстан соғысы Кеңестер Одағына ешбір ар-абырой, данқ әкелген жоқ. Құрбан болғандардың туыстары мен жақындары үшін бұл қасіретті соғыс 1989 жылы 15 ақпандағы әскерлердің шығарылуымен де аяқталған жоқ. Ол тіпті уақыттың өзі де емдеуге дәрменсіз қансыраған жара болып қалып отыр. Осы қантөгісті оқиғаның тәжірибесі әр мемлекет пен халық өздерінің ішкі істерін өз халықтарының пайдасы мен игіліктері үшін дербес түрде шешуге үндеген қайталанбас сабақ болды. Себебі, шайқас шебінде соғысты тұтандырушылар емес, майдандағы жауынгерлер қаза болды.
Көрменің мақсаты – Ауғанстан соғысы туралы шындықты жеткізу, жауынгерлер мен жастардың жаңа лек ұрпағын Ауғанстанда шайқасқан солдаттар мен офицерлердің патриоттық үлгісінде тәрбиелеу, сондай-ақ, соғыс саяси проблемаларды шешудің тәсілі емес екендігі туралы ұғымды қалыптастыру.
Экспозицияға Ауғанстанда өзінің іскери міндетін үлкен жауапкершілікпен өтеп, шайқасқан, құрбан болған және осы отты кешуден аман қалған қазақстандық жауынгерлер мен офицерлердің деректі материалдары (оқиғалардың куәгерлері мен қатысушыларының фотосуреттері, хаттары, куәліктері), наградалары мен жеке заттары қойылды. Көрмеге келушілерді, әсіресе, кеңес жауынгерлері мен офицерлерінің, сондай-ақ олардың қарсыластарының әскери киім-мүліктері айрықша қызықтырары сөзсіз.
Сіз көрменің тұсаукесерінде Ауғанстандағы соғыстың қатысушыларымен жүздесе аласыз.
Көрме Алматы қалалық әкімшілігінің жанындағы Ауғаныстандығы соғыстың және шағын әскери шиеленістердің ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің қалалық үйлестіру кеңесімен бірлесіп дайындалды.
Көрме 2019 жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.