авто

Переключатель языков

«Әлем балалар көзімен» атты балалар көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Бірге жасаймыз» білім беру көркем жоба қатысушыларының «Әлем балалар көзімен» атты балалар көрмесі ашылды.

Көрменің мақсаты: Балалар шығармашылығын насихаттау мен ата-аналар, оқытушылардың өзара қарым-қатынастарын дәріптеу.

Қазақстан-Украина «Бірге жасаймыз» жобасы мен «Сен суретшісің» шеберханасы бірлесе отырып, кескіндеме мектебі ретінде 10 жыл бойы қалалық және аудандық көрмелерге белсенді қатысып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстан мен Украинаның белгілі бейнелеу өнері шеберлері оқушылар үшін шығармашылық сабақтар өткізетін көптеген пленэрлерді, шеберлік сабақтарды өткізудің бірден-бір бастаушысы болып табылады.

Қазіргі кезде «Бірге жасаймыз» студиясы өнерге немқұрайлы қарамайтын, өз дарындарының түрлі қырларын шыңдағысы келетін түрлі жастағы адамдарды біріктіре алды. Себебі шығармашылық ұшқынын әрбір адам бойынан табуға болады. Кенеп бетінде сенімді сырғыған қылқалам қимылынан түрлі жолақтар, бояулар мен бейнелер пайда болып, соңында тамаша бір картинаның дүниеге келуін бақылау да бір ғанибет. Күні кеше өнерден алшақ жүргеніңмен бүгін өзіңді кескіндеме өнерінде байқап көрген тіпті де бөлек.  

Мектеп түлектері тек Алматы қаласының ғана емес, сонымен қатар АҚШ, Англия, Австралия және басқа елдердің көркемсурет колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері атанып келеді.

«Әлем балалар көзімен» көрмесі бейнелеу өнерінің барлық түрлерін - сурет, кескіндеме бойынша балалардың академиялық жұмыстарын, түрлі жанрлар мен техникаларда орындалған шығармашылық композицияларды кеңінен ұсынады. Көрмеге 120-дан астам балалар бейнелеу өнері жұмыстары, сондай-ақ әр жылдардағы студенттердің дипломдық жұмыстары қойылады. Есенова Нариманың «Армандар орындалады», Абдулхаликов Алсу «Балерина», Кучербаев Аленнің «Күзгі шеру», Дерябин Элиннің «Теңіз пейзажы» және т. б. жұмыстарын ерекше атап өтуге болады.

«Әлем балалар көзімен» атты балалар шығармашылығы көрмесінің ашылу салтанатына жас суретшілер, олардың педагогтары мен ата-аналары қатысты. Аталмыш көрменің ашылуында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры – Харипова Рашида Ерімқызы, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілдің үйлестірушісі Нұртаева Гүлжан Болатбекқызы, «Сен суретшісің» шеберханасының «Бірге жасайық» жобасының жетекшісі - Мертенова Дина құттықтау сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілер қатысушыларды көрменің ашылуымен құттықтап, балаларға оқуда, шығармашылықта табыс тіледі. Көрмеге қатысушы балалар барлық жағынан да талантты екендерін көрсетті. Олар тек сурет салумен ғана шектелмей, сонымен қатар ән айтып, би билеп, домбыра мен фортепианода ойнауды жақсы меңгергендерін көрсете алды. Жас суретшілер көрмеге өз жұмыстарын ұсынып қана қоймай, сонымен қатар көрмеге келген қонақтарға өздерінің ән шашуын тарту етті. Сондай-ақ сәнді балалар киімдерінің топтамасы көрсетілді.

Көрме аясында музей педагогика секторының қызметкерлері «Бірге жасайық» жобасының суретші-педагогтарымен бірге бейнелеу өнері бойынша сабақтар өткізді.

«Әлем балалар көзімен» атты балалар көрмесі

«Әлем балалар көзімен» атты балалар көрмесі

 

«Әлем балалар көзімен» атты балалар көрмесі «Әлем балалар көзімен» атты балалар көрмесі

Көрме 2022 жылдың 11 мамырына дейін жалғасады.

2022 жылдың 14 сәуірінде сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Балалар жылы» аясында «Балалар әлемі!» атты республикалық балалар шығармашылығы көрмесінің ашылуы өтеді.

«Балалар әлемі!» республикалық балалар шығармашылығы көрмесіҚазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, жаңа кірген Барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялады. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз.

Көрменің мақсаты: балалардың эстетикалық тәрбиесін дамыту және балалардың көркем шығармашылығын насихаттау. Өскелең ұрпақтың рухани үйлесімді тұлғасын, отанымыздың көркемдік әлеуетін дамыту үшін балаларды ерте жастан өнерге деген сүйіспеншілікке дамыту және тәрбиелеу қажет. Олардың сұлулыққа деген құштарлығы ересек суретшілер үшін үлгі болып табылады. Қазіргі уақытта еліміздің педагогикалық қоғамдастығы өскелең ұрпақты ұлттық бейнелеу өнерінің құпиялары мен қыр-сырына үйрету үшін тынымсыз еңбек етуде, өнер арқылы оларды қазіргі заманғы көркемдік бағыттармен таныстырады, эстетикалық тәрбиені, сұлулықты дұрыс түсінуді қалыптастырады.

Көрмеге 7 мен 18 жас аралығындағы еліміздің түпкір-түпкірінен іріктелген дарынды балалардың шығармашылық жұмыстары қойылады. Әр түрлі техникадағы және әр түрлі материалдардан (ағаш, металл, пластмаса, мата, жүн және т.б.) жұмыстар, сурет, графика, мүсіндер мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары қойылады. Бұл көрмеде балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятып, шығармашылық қиялын дамыту үрдісін белгілі жүйеде көрсетеді. Шығармашылық жұмыстар арқылы әр елден келген балалар құрдастарының тұрмысы мен дәстүрлерін, ұлттық және мәдени ерекшеліктерін түсінуге үйренеді.

Көрме 2022 жылдың 24 сәуіріне дейін жалғасады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласындағы Гёте институтымен бірлесіп, 2022 жылдың 18 наурызында сағат 15.00-де Германияның озық зерттеу жобаларына арналған Халықаралық жылжымалы жаратылыстану- ғылыми интерактивті «Ғалам. Адам. Интеллект» атты көрмені ашады.
«Ғалам. Адам. Интеллект» атты көрмеИнтерактивті экспозиция адамзат пен ғаламның Ұлы құпиялары, ғылыми ойдың жетістіктері туралы баяндайтын және ғылым мен қоғам үшін өзекті мәселелер туралы ойлануға мәжбүр ететін иллюстрациялар, бейнелер, ғылыми-зерттеу жобалары мен кеңейтілген шындық модульдері форматында ұсынылған.
Көрменің мақсаты – ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылы жариялаған «Қазақстандағы балалар жылы» аясында жастар мен оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына, зерттеулерге, оларды өз бетінше ойлауға, сондай-ақ Германия мен неміс тіліне деген қызығушылығын ояту.
«Ғалам. Адам. Интеллект» атты көрме бес бөлімнен тұрады: «Ғалам», «Homo sapiens жолы», «Ой сана», «Антропоцендегі өмір» және «Жасанды интеллект», онда интерактивті форматтар қолданылады. Толықтырылған ақиқат элементтері бар AR станциялары көптеген мысалы: 40 000 мың жыл болған сүйек флейтаның үні қалай естіледі немесе жер бетінде алтынның пайда болғандығы туралы білуге көмектеседі. Экспонаттардың барлығы дерлік интерактивті: бұл дыбыстық және бейне инсталляциялар, адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсеріне арналған зертханалық сөре, ғарыштағы қашықтықты көрсететін шар және басқалар. Арнайы QR-кодтарды сканерлеп, көрмеге келушілер қосымша материалдарға қол жеткізе алады. Экспозиция ең алдымен неміс тілін үйренетін оқушылар тобына бағытталған – оларға неміс немесе орыс тілдерінде интерактивті экскурсия-квест ұсынылады. Көрмеге барлық ниет білдіруші балалар, білім беру мекемелері және заманауи ғылыми зерттеулерге қызығушылық танытатын көрермендерді шақырады.

Көрме 2022 жылдың 6 сәуіріне дейін жалғасады.

2022 жылдың 25 наурызында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Бабалар аманаты жобасы аясында, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған Қазақстанның «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің қатысуымен Республикалық «Ғасыр толғауы» атты көрменің ашылуы өтеді.

«Ғасыр толғауы» атты көрмеБабалар аманаты жобасының мақсаты Республикамыздағы бүкіл көркем еңбек пәні мұғалімдерінің басын қосу, болашақта өскелең ұрпақтың тәлім тәрбиесімен білім негізін ұштастыру, сондай-ақ әр қилы жанрдағы туындылардың қыр-сырын тарих тағлымына терең бойлата отырып, осы ұстаздардың арқасында көрерменге жеткізу.

Шығармашылықпен айналысатын үздік 80-нен астам еліміздің түкпір-түкпірінен қатысатын ұстаздардың туындылары қойылмақ. Сонау есте жоқ ескі заманнан бері келе жатқан ұлттық өнерімізді өскелең ұрпақтың бойына дарытып, бабаларымыздың киелі өнерін ғасырдан ғасырға жеткізіп, тарих беттерінде алтын әріппен жазып қалдыру ұстаз міндеті ұрпақ парызы деп білеміз!                                                                                                                                                                Биыл «Бабалар аманаты» Ұлттық жобасының құрылғанына үш жыл толады. Жобаға ҚР Суретшілер Одағы, ҚР дизайнерлерінің Еуразиялық Одағы, Қолөнер Одағы және шығармашылықпен айналысатын Қазақстан Республикасының Көркем еңбек мұғалімдері кіреді. Олар Түркия, Греция және Орталық Азия елдері сияқты халықаралық көрмелерге үнемі қатысады.

Қанағат Кодеков – «Бабалар аманаты» жобасының жетекшісі, кураторы, «Үздік Педагог-2021» жеңімпазы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Бабалар аманаты» халықаралық және республикалық көркем еңбектер мен кәсіби суретшілер жинағының авторы. «Бабалар аманаты» - Қазақстан Республикасының халықаралық кәсіби суретшілері мен талантты Көркем еңбек мұғалімдерінің үздік шығармаларының жинағы. Сондай - ақ әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және т. б. арналған шығармалар жинақтары жарық көрді.

Көркем еңбек пәндерін оқытатын республиканың барлық өңірлерінен келген 800-ден астам ұстаз, шығармашыл педагог «Бабалар аманаты» жобасында республикалық және халықаралық деңгейде педагогикалық өнерді насихаттау мақсатында бірікті. Жоба мүшелері елімізде өтіп жатқан мәдениет күндеріне белсенді қатысып, көрмелер өткізеді.

Қазіргі уақытта еліміздің педагогикалық қоғамдастығы өскелең ұрпақты ұлттық бейнелеу өнерінің құпиялары мен қыр-сырына үйрету үшін тынымсыз еңбек етуде, өнер арқылы оларды қазіргі заманғы көркемдік бағыттармен таныстырады, эстетикалық тәрбиені, сұлулықты дұрыс түсінуді қалыптастырады. Қазақстанның ұлттық өнерін насихаттау бойынша жұмыс жүргізуде.

«Ғасыр толғауы» көрмесінде республиканың әртүрлі қалаларынан (Қарағанды, Атырау, Ақтау, Шымкент, Маңғыстау, Павлодар, Семей, Өскемен, Ақтөбе, Талдықорған, Қызылорда, Тараз) қазақ халқының ұлттық мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, Қазақстан табиғатының сұлулығын бейнелейтін педагогтардың 150-ден астам жұмыстары ұсынылған.

Көрме 2022 жылдың 7 сәуіріне дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2022 жылдың 3 наурыз күні сағат 15.00-де Халықаралық әйелдер күніне (8 наурыз) арналған «ӘЙЕЛ ӘЛЕМІ» КӨРМЕ-ФЕСТИВАЛІН өткізеді. Көрме-фестивальде түрлі жанрдағы алматылық суретшілер мен шеберлердің – кескіндеме, мүсін, графика, бейнелеу өнері туындылары қойылады.

«ӘЙЕЛ ӘЛЕМІ» КӨРМЕ-ФЕСТИВАЛІӘйел - отбасының ұйытқысы, ол отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады. Заманауи әлемде әйелдер жетекші орындар мен жетекші орындарды иеленген кезде, қоғамдағы әйелдердің рөлі айтарлықтай өсті. азіргі заманда әйелдер қауымы қоғам мен мемлекет ісіне келгенде ер азаматтардан кем белсенділік танытып отырған жоқ. Яғни, әйел азаматтар тек отбасы төңірегінда ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметте, бизнесте, денсаулық сақтау мен білім-ағарту жүйесінде жемісті жұмыс істеп жатыр. Сонау қиын-қыстау жылдарында елдің еңсесін көтеруге атсалысудан бастап, бүгінгідей әлемге танылып, бәсекеге барынша қабілетті мемлекет болуға ұмтылып отырған заманда да әйелдер қауымының қосқан үлесі шексіз.  Суретші үшін әйел оның жұмысының бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар шабыт көзі болды. Көбінесе суретшілер табиғатқа жүгінеді немесе кескіндемеде әйел бейнесін пайдаланады. Әйелдің таңғажайып сұлулығынан асқан сұлулық жоқ, оған суретшілердің туындылары, әндері мен өлеңдері арналған.

«ӘЙЕЛ ӘЛЕМІ» көрме-фестивалі: әйел – үй иесі, әйел – ана, әйел – батыр, әйел – көшбасшы, қолөнерші әйел, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлін көрсетуге және әйелдер әлемін ашуға арналған.

Көрмеде 60-тан астам өнер туындылары қойылады.

ФЕСТИВАЛЬ БАҒДАРЛАМАСЫНДА:
 - көрменің ресми ашылуы және қатысушы суретшілердің қойылымдары;
- музыкалық қойылымдар.
Іс-шараға О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжі мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қатысып, әйелдер киімінің авторлық топтамаларын ұсынады. 

«ӘЙЕЛ ӘЛЕМІ» көрмесі 2022 жылдың 16 наурызына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source