авто

Переключатель языков

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуына байланысты келушілер үшін музейдің экспозициялық залдары жабық екендігін хабарлайды. Музейдің жұмыс тәртібі туралы  қосымша ақпарат музейдің ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Құрметті музей қонақтары! Мерекелік күндердегі музейдің жұмыс істеу тәртібі: 6, 7 шілде -қалыпты кесте, 8, 9 шілде – демалыс.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Бос орындар

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі келесі бос орындарға конкурс жариялайды:

1. Ғалым - хатшы;

Біліктілікке қойылатын талаптар: Ғылым докторы немесе ғылым кандидатының ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбегінің болуы. Ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыстардағы тәжірибесі 5 жылдан кем емес. Ғылыми хатшының лауазымына ғылыми дәрежесі жоқ, білімнің тиісті саласындағы біліктілігі жоғары, аталған жұмыс тәжірибесі бойынша 3 жыл мерзімі бар мамандар тағайындалады.

Лауазымдық айлықақысы 180-200 мың теңге аралығында.

2. Ғылыми қызметкер (Қазақстан тарихын зерттеу бөліміне, антропология және этнология бөліміне, музейлік деректану және қолжазба бөліміне);

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім және мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде мамандығына сәйкес               5 жыл еңбек өтілі, өнер табыс пен ғылыми еңбектерге авторлық куәлік қағаздарының бар болуы. Ғылыми дәрежесі болған жағдайда - стажына талап қойылмайды.

Лауазымдық айлықақысы 100-120 мың теңге аралығында.     

3. Аға ғылыми қызметкер (антропология және этнология бөліміне, археология бөліміне);

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті мамандығы бойынша кемінде мамандығына сәйкес 10 жыл жұмыс тәжірибесі, өнертабыстағы ғылыми еңбектерінің немесе жаңалық ашуға авторлық куәлік қағаздарының бар болуы. Ғылыми дәрежесі болған жағдайда - стажына талап қойылмайды. Лауазымдық айлықақысы 120-150 мың теңге аралығында.

4. Кіші ғылыми қызметкер (антропология және этнология бөліміне; Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті мамандығы бойынша кемінде мамандығына сәйкес 3 жыл жұмыс тәжірибесі, Ғылыми дәрежесі болған жағдайда - стажына талап қойылмайды.

Лауазымдық айлықақысы 100-120 мың теңге аралығында.

5. Заңгер маманы  (Кадр жұмысын ұйымдастыру бөлімі);

- Жоғары деңгейдегі заңгер маманының біліктілігіне қойылатын талаптар: -

“заңгер” мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы керек. Лауазымдық айлықақысы 100-120 мың теңге аралығында.

6. Біліктілігі жоғары санатты бухгалтер маманы (Бухгалтерия);

біліктілігі жоғары санатты бухгалтер маманына қойылатын талаптар:-“қаржы-экономикалық” мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен есеп және бақылау бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар болуы керек.

Лауазымдық айлықақысы 80-100 мың теңге аралығында.

7. Мемлекеттік сатып алу бойынша біліктілігі жоғары санатты менеджер маманы (Мемлекеттік сатып алу бөлімі);

Мемлекеттік сатып алу бойынша біліктілігі жоғары санатты менеджер маманына қойылатын талаптар: - «экономист» және “заңгер” мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы керек.

Лауазымдық айлықақысы 80-100 мың теңге аралығында.

8. Қор сақтаушы маман (Қор сақтау бөліміне);

- Жоғары деңгейдегі қор сақтаушы маманының біліктілігіне қойылатын талаптар: -

“өнер” немесе “гуманитарлық ғылымдар” мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы керек;

 -   I деңгейдегі қор сақтаушы маманының біліктілігіне қойылатын талаптар: - “өнер”  

немесе “гуманитарлық ғылымдар” мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары

оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санаты маман

лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы керек;

- II деңгейдегі қор сақтаушы маманының біліктілігіне қойылатын талаптар: - “өнер” немесе “гуманитарлық ғылымдар” мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

Лауазымдық айлықақысы 100-120 мың теңге аралығында.

9. Суретші-дизайнер маман (көрме және экспозицияларды ұйымдастыру бөліміне);

Деңгейсіз суретші дизайнер маманының біліктілігіне қойылатын талаптар -

“өнер” мамандықтар тобы   бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі; Лауазымдық айлықақысы 80-100 мың теңге аралығында.

10. Суретші-қалпына келтіруші маман (қалпына келтіру бөліміне);

деңгейсіз суретші - қалпына келтіруші маманының біліктілігіне қойылатын талаптар -

Жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, “өнер” немесе“экология” мамандықтар бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;

Лауазымдық айлықақысы 100-120 мың теңге аралығында.  

11. Кітапханашы маман (ғылыми кітапханаға);

кітапханашы біліктілігіне қойылатын талаптар: - тиісті мамандық бойынша жоғары арнайы білімі немесе педагогикалық білімі, мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде мамандығына сәйкес 3 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

Лауазымдық айлықақысы 100-120 мың теңге аралығында.

12. Экскурсия-жүргізуші маман (экскурсия ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет қөрсету бөліміне);

Біліктілікке қойылатын талаптар: “өнер”, “гуманитарлық ғылымдар”, “әлеуметтік ғылымдар ”, “шетел-тілдері” мамандықтары   бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды

Лауазымдық айлықақысы 100-13 0 мың теңге аралығында.

13. Әдістемеші маман; (мәдени-білім жұмысы бөліміне);

Біліктілікке қойылатын талаптар: - “мәдени және өнер”, “гуманитарлық ғылымдар”, “әлеуметтік ғылымдар ”, мамандықтары   бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. Лауазымдық айлықақысы 100-120 мың теңге аралығында.

14. Музей қорын есепке алу архивист маман (Қорды есепке алу бөліміне);

   - I деңгейдегі біліктілігі жоғары санатты музей қорын есепке алу архивист маманының біліктілігіне қойылатын талаптар: -“өнер” немесе “гуманитарлық ғылымдар” мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы керек; Лауазымдық айлықақысы 100-120 мың теңге аралығында.

15. Инженер маман (пневмо-насостық қондырғылар және сантехникалық қызмет бөліміне);

Біліктілікке қойылатын талаптар(жоғары санатты): - тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы керек;

Біліктілікке қойылатын талаптар(орта санатты): - тиісті мамандық бойынша жоғары білімі және кемінде жұмыс стажы 2 жыл болуы тиіс немесе тиісті мамандық бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және кемінде жұмыс стажы 3 жыл болуы тиіс. Лауазымдық айлықақысы 80-100 мың теңге аралығында.

16. Аудармашы маман (Аударма және сыртқы байланыстар бөліміне);

Біліктілікке қойылатын талаптар: - тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және “тілдер”, “гуманитарлық ғылымдар”, “шетел-тілдері” мамандықтары   бойынша мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы керек; Лауазымдық айлықақысы 80-100 мың теңге аралығында.

17. Инженер маман (Бақылау, өлшеу құралдары автоматика және электротехникалық қызмет бөліміне);

Біліктілікке қойылатын талаптар(орта санатты): - тиісті мамандық бойынша жоғары білімі және кемінде жұмыс стажы 3 жыл болуы тиіс және тиісті мамандық бойынша 1000ВТ электрожүйесіне рұхсаты болуы тиіс. Лауазымдық айлықақысы 80-100 мың теңге аралығында.

Конкурсқа қатысушы азаматтардың құжаттары

2020 жылдың 27 қаңтар – 12 ақпан аралығында қабылданады.

байланыс телефондары: 264-56-72

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source