авто

Переключатель языков

Құрметті музей қонақтары! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі 2019 жылдың 22 шілдесінде басталатын ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3-ші экспозициялық залдың («Диаспоралар мәдениеті» және «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан») уақытша жабылуы жайлы хабардар етеді.

Құрметті музей қонақтары! Мерекелік күндердегі музейдің жұмыс істеу тәртібі: 6, 7 шілде -қалыпты кесте, 8, 9 шілде – демалыс.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Ғылыми-өндірістік бөлім

Редакциялық-баспа орталығы төмендегідей бағыттарда ақпараттық және баспа қызметін жүзеге асырады:

  • Жетекші және жолдама мәтіндер және музейдің мәдени білім қызметі аясында өткізілетін түрлі сипаттағы көрмелер мен іс шаралардың баспасөз баяндары, этикеткалар, сондай - ақ, жоспарлар, келісімшарттар, хаттар, бұйрықтар, актілер, хаттамалар және т.б;
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын баспаға дайындау, ҚР МОМ қызметі жайлы материалдарды редакциялау және БАҚ-да жариялау;
  • Жарнамалық және баспа өнімдерін құрастыру және жасау (шақыру билеттері, құттықтау ашықхаттары, жарнамалық хабарландырулар, лифлеттер, буклеттер, баннерлердің дизайнын жасау);
  • Фотоқұжаттарды экспонаттауға дайындау (сканерлеу және компьютерлік өңдеу);
  • ІТ-қолдау және Веб-сайтты жаңарту.

Кино-фотоқұжаттар лабораториясы

2004 жылдан бері кино-фотоқұжаттар лабораториясы музей құрылымының жеке бөлімі ретінде құрылды. Бұл уақытта фотомұрағатта фотолаборатория қызметкерлері жасаған мыңдаған фотосуреттер, негативтер мен үлдірлер сақталды. 2006 жылы фотосуреттерді ескі химиялық тәсілмен өңдеу мен үлдірмен жұмыс атқарудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Фотолаборатория толықтай жаңа сандық техникаға көшті. Жаңа техника толық көлемде әрі сапалы жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Фотолаборатория қызметкерлері «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында орындалып жатқан жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуда, экспедицияларға шығып, музей заттарының фототүсірілімі, музей қорын каталогтау бойынша жұмыстарды жалғастырып келеді.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source