авто

Переключатель языков

Құрметті музей қонақтары! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі 2019 жылдың 22 шілдесінде басталатын ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3-ші экспозициялық залдың («Диаспоралар мәдениеті» және «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан») уақытша жабылуы жайлы хабардар етеді.

Құрметті музей қонақтары! Мерекелік күндердегі музейдің жұмыс істеу тәртібі: 6, 7 шілде -қалыпты кесте, 8, 9 шілде – демалыс.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Антропологиялық коллекция

Палеоантропологиялық коллекцияда қола, ерте темір және түркі дәуірлеріне жататын адамның қаңқа сүйектері сақталған. Коллекциядағы палеоантропологиялық материалдар 890 сақтам бірліктен тұрады. Негізгі материалдар Қызылорда облысындағы Шірік-Рабат қорымы, (хронологиялық мерзімі б.з.д. ІV- II ғғ.) және Арыс мәдениеті Күлтөбе моласы, Қаңлы (Кангюй) мемлекеті (тарихи хронологиясы б.з. І-ІVғғ.) кезеңдерін қамтиды. Қазіргі кезеңде аталмыш материалдарға краниологиялық сипаттамалар бойынша зерттеулер жүргізілуде. Ал Оңтүстік Қазақстан өңірінен жиналған палеоантропологиялық материалдар қор толықтырылуда.

Сонымен қатар, коллекцияда Қазақстан мен Моңғолия (Баян-Өлгий) аумағынан жиналған 650 дана одонтологиялық (тіс морфологиясы) және 500 дана дерматоглификалық (алақан мен саусақ өрнектері) материалдар сақталуда.

anthropological collecction anthropological collection

 Қызылорда облысы, б.з.д. IY-II ғғ.

Шірік-Рабад қалашығы

ОҚО, Арыс мәдениеті,

Күлтебе қорымы. б.з. I-IY ғғ.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source