авто

Переключатель языков

ЮНЕСКО Қазақстан Ұлттық Федерациясы Клубтарының 10-жылдығын атап өту қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінде 8-желтоқсан күні сағат 16.00 ЮНЕСКО клубы «Алые паруса» көркемсурет шеберханасының шәкірттері дайындаған «Қал қалпақтай» балалар шығармашылығы көрмесі ашылады.

«Қал қалпақтай» балалар шығармашылығы көрмесі«Алые паруса» көркемсурет шеберханасы педагогтарының ұйымшыл ұжымы балаларды көркем бейнелеу өнері мен дизайнге 8 жылдан бері баулып келеді. Оған суреттер, витраждар, макет және киім үлгілерін жасау кіреді. Балалар өз шығармашылығында қағаз, мата, саз, ағаш, пластилин мен басқа да түрлі материалдарды пайдаланады. Клубта театр шеберлігі үйірмесі тұрақты түрде жұмыс істейді және классикалық музыка концерттері үнемі өткізіліп тұрады.

Осыдан бір жыл бұрын барлық сынақ кезеңдерінен сәтті өткен «Алые паруса» көркемсурет шеберханасы ЮНЕСКО Клубы мәртебесін иеленді.

Балалар шығармашылығы – балдырғандар қиялының шексіз шарықтау әлемі. Ол бояуларының сан-алуандығымен және күтпеген композициялық шешімдерімен ерекшеленеді. Өз еңбегінің нәтижелерін – суреттері мен қолдан жасаған бұйымдарын мақтанышпен көрсетіп жүрген жас суретшілердің бақытты жүздерін көрудің өзі зор қуаныш!

«Қал қалпақтай» көрмесінде балалардың орындалу техникасы әртүрлі жұмыстары қойылған.  

Көрме шеңберінде балғын дизайнерлер жасаған қалпақтардың сәндік көрсетілімі өткізіледі. Дефиле кезінде балалар ата-аналарына скрапбукинг және оригами техникасымен өз қолдарымен істеген бұйымдарын сыйға тартады.

Пейзаждар, натюрморттар, қиял-ғажайып және тақырыптық суреттер зор қызығушылық туғызып отыр. Экспозицияға 40-тан астам бас киімдер мен балалар шығармашылығының 60-тан астам сан қырлы, ең жарқын жұмыстары қойылады.

Көрменің ашылуында ҚР Орталық мемлекеттік музейі директорының орынбасары – Қақабаев Бейбітқали Смағұлұлы, «Алые паруса» көркемсурет шеберханасының жетекшісі, суретші-кескіндемеші, бейнелеу және сызу мұғалімі - Грибова Маргарита және KazFUCA ЮНЕСКО Қазақстан Ұлттық Федерациясы Клубтарының Бас хатшысы Ақжарова Сәбина Серікқызы сөз сөйлейді.

«Қал қалпақтай» көрмесінің салтанатты бөлігін жас актерлердің барлық қатысушылар мен келушілер үшін арнайы дайындаған «Некрасивая ёлка» спектаклі тәмамдайды.

Музей алқызыл желкен астындағы шығармашылық әлемімен танысуға шақырады.

Көрме 2018 жылдың 24-желтоқсанына дейін өтеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп 2018 жылдың 28 қараша күні сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес жарияланған Жастар жылы аясында «Ұлттық тақырыптағы Натюрморт» атты Республикалық көркем шығармалар көрме-байқауын ашады.

«Ұлттық тақырыптағы Натюрморт»ҚР Орталық музейі дәстүр бойынша Алматы қаласының оқу орындарымен ынтымақтастықта көркем көрмелер топтамасын жалғастыруда. Музейде өткізілетін іс-шаралар өскелең ұрпақты ұлт тарихымен, мәдениетпен және өнермен таныстыруға, жастарды патриоттық сезімде, өз халқына, еліне және дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында алдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Осыған орай, Халықаралық студенттер күні қарсаңында музей Алматы қаласындағы жас суретшілер мен колледж оқытушыларының жұмыстарын ұсынады. Олар әріптестерімен және оқу орындарының оқушыларымен өздерінің кәсіби тәжірибесімен, қол жеткізген жетістіктерімен бөліседі.

Көрменің мақсаты: жастар арасында Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, суретшілердің бейнелеу және қолданбалы өнердің түрлі жанрларында және техникаларында орындалған шығармашылық жұмыстарын көрсету.

«Ұлттық тақырыптағы Натюрморт» көрмесінде Алматы қаласының көркем өнер колледждері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының 100-ден астам шығармашылық жұмыстары ұсынылады. Көрме түрлі жанрлық бағытты – кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнерді қамтиды. Көрме қатысушылары педагог пен суретшінің талантын жақсы ұштастырады, өйткені олар да студент болған. Әр картинаның композициялық шешімі – өзіндік қолтаңбасы, стилі бар суретшінің бай ішкі рухани әлемін көрсетеді. Акварель және майлы техникадағы тамаша көркем жұмыстар; сәндік-қолданбалы өнер туындылары: матаға сурет салу – суық және ыстық батик, киіз, гобелен, қыш және т.б.

Алматы қаласындағы үздік жас суретші-педагогтердің жұмыстарынан жасақталған  көрме Қазақстандық бейнелеу өнері мектебі көркемдік деңгейінің жоғарылығын көрсетеді.

Көрме 2018 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстанның мүгедектері күніне орай, «KS – production»  продюсерлік орталығы және «Қайырымды Істер Өлкесі» Қазақстан мүгедектері қайырымдылық ҚҚ-мен бірлесіп 2018 жылдың 23 қараша күні сағат 11.00-де мүмкіндіктері шектеулі балалардың «Бақытыма сенемін» атты көрмесін ашады.  

Қазақстан Республикасында әр жылдың 9 қазанында мүгедектер күні аталып өтіледі. Бұл күні мүмкіндіктері шектеулі адамдардың келелі мәселелері көпшілік назарынан тыс қалып қалмауы үшін арнайы шаралар ұйымдастырылады.

Шара мақсаты – мұқтаж жандардың қордаланған мәселелеріне халық назарын аударту, оларға әлеуметтік, психологиялық және медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру және қоғамда жалпы қабылданған стереотиптерді бұзу, мүмкіндігі шектеулі балалар да өз талабы мен мүмкіндіктері бар балалар екенін көрсету. Физикалық даму ерекшеліктеріне қарамастан, олар талантты және креативті, спортта және шығармашылықта өздерін толық көрсете алады, тіпті кейде өз қатарластарын басып озады да. Балалар кесте тігеді, сурет салады, тоқыма тоқиды, мүсіндер жасайды және т.б. Бұл өз кезегінде өзін-өзі жетілдірудің ешбір шегінің жоқтығын дәлелдейді: «Мүмкіндіктер – шектеулі, қабілет - шексіз».

Акция осы балаларға аяушылық білдіру мақсатында емес, керісінше олардың да қоғамның бір мүшелері екенін еске салу мақсатында өткізіледі. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік қорғау мен көмек қолы қажет екендігін де ұмытпаған жөн.

Аталмыш шара мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты өмірге бейімдеуге бағытталған. Негізгі топ ретінде Алматы қаласындағы түрлі сырқатты 80 мүгедек бала шақырылды.

Осы іс-шара аясында концерттік бағдарламада: Жанна Орынбасарова, Айжан Нұрмағамбетова, Джамиля Серкебаева, Венера Нигматулина, Антон Митнев, Нина Жмеренецкая, Парвиз Назаров, Аида Аюпова, музей бойынша экскурсия, сыйлықтар тапсыру, сондай-ақ акция қатысушылары мен шақырылған балалардың қолдан жасалған бұйымдары көрмесі өткізіледі.

Көрмеде 10-16 жас аралығындағы балалардың әртүрлі техникада орындалған: ағашты ою, мүсіндеу, кесте тігу, бисермен және ілмек бізбен тоқу, дәндерден аппликация және т.б. таңғажайып жұмыстары ұсынылмақ. Әр баланың көрмеге атсалыса қатысуы оның мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі.

Іс шараға қолдау көрсеткендер: «ZUGO HOME TEXTILE», «Бостан» ЖШС, «AMIRAN» ЖШС, ТОО «Lemonadoff Food», «Ақсайнан» ЖШС.

Көрме 2018 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады

 

Халықаралық адам құқығы күніне орай 29 қараша күні Алматы қаласы Орталық мемлекеттік музейде жыл сайынғы "World Press Photo 2018" бірегей фотокөрмесінің ашылуы өтеді

"World Press Photo 2018"Жыл сайын 10 желтоқсанда әлем елдері мен ұйымдары БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы жиналысында ресми бекітілген Халықаралық Адам құқықтары күніне орай тиісті іс-шаралар өткізеді.

«World Press Photo-2018» көрмесінде өткен жылдың ең маңызды оқиғаларын бейнелеген ең үздік фотосуреттер қойылады. Биыл қазылар алқасы 125 елден 4,5 мың фотосуретшінің 73 мыңға жуық суретін бағалады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны 42 адам. Қазақстандықтар еліміздің тек төрт қаласында ғана, яғни Астана, Қарағанды, Алматы және Шымкентте журналистердің әлемнің түкпір-түкпірінен жіберілген ең үздік фотосуреттерін көруге мүмкіндік алып отыр.

 

Іс-шара спикерлері:

  • Қазақстан Республикасындағы Нидерланд Корольдігі елшісінің орынбасары - Нора Дессинг
  • Сорос-Қазақстан қорының басқарма төрағасы – Антон Артемьев;
  • Көрме тәлімгері, World Press Photo өкілі - Yi Wen Hsia.

Жоба туралы:

World Press Photo 2018 – бұл фотожурналистика саласындағы ең беделді халықаралық байқау жеңімпаздарының жұмыс көрмесі. Кәсіби фотосуретшілерден және БАҚ фоторедакторларынан тұратын тәуелсіз халықаралық қазылар алқасы жыл сайын жер жүзінің түкпір-түкпірінде жұмыс жасайтын фотожурналистердің, агенттіктердің, газет пен журналдар үміткерлерінің жұмыстарын 9 түрлі санатта бағалайды.

Сондай-ақ, World Press Photo халықаралық фотобайқауы жеңімпаздарының көрмесі аясында Нидерланд Корольдігінің елшісі 2018 жылдың 10 желтоқсанындағы Халықаралық адам құқығы күніне орай әлеуметтік маңызға ие тақырыптарға арналған фотосуреттер онлайн-байқауын ұйымдастырады. Байқау шарттары жайлы толық ақпарат: https://www.facebook.com/events/740659119615630/.

Астана мен Қарағандыдағы көрме аяқталып қойды. Алматыдағы көрме 2 аптаға созылады. Қазақстанда көрме үшінші мәрте өткізілуде. Осыған дейін көрме Астана, Алматы, Қарағанды және Өскеменде 2013 және 2014 жылдары өткізілген болатын.

Көрменің өткізілетін күні: 29 қараша (бейсенбі)

World Press Photo тәлімгерінің қатысуымен журналистерге арнап өткізілетін көрме ішіндегі жабық тур: 17:00-17:55

Көрменің ашылу салтанаты және фуршет: 18:00-19:00

Мекенжайы: Алматы қ., Орталық мемлекеттік музейі, Самал ш-а,1, 44-үй

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстандағы көркемөнерден алғаш үздіксіз үш сатылы білім беру жүйесінің негізін қалаған ғалым, профессор Ибрагимов Ұлықбек Шарахынұлын еске алуға арналған «Естеліктер айнасы» атты көрмесінің ашылуы өтті.

«Естеліктер айнасы»

Көрменің ашылуына ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің директоры, профессор Нұрсан Әлімбай; Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Жұбаниязов Өмірбек Орынбасарұлы; Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Қапарұлы Әлиев; Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері, белгілі суретші-кескіндемеші Бақыт Кәрібжанұлы Мырзахметов; Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, белгілі мүсінші, Египеттегі БИЕНӘЛІ иегері Төлеш Шөқан Әлмахаметұлы; Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, белгілі мүсінші, бас жүлде иегері, Мысырдағы; Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі суретші-кескіндемеші Даубай Естай; Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстанның халық білімінің үздігі Жәмила Такен сөз сөйледі.

Сөз сөйлеушілер Ибрагимов Ұлықбек Шарахынұлының Қазақстанның көркем білім беруді дамыту саласындағы баға жетпес үлесін атап өтті. Оған үздіксіз үш сатылы көркем білім беру жүйесін ұйымдастыру идеясы тиесілі: Мектеп, колледж, Академия. Оның серіктестері 1988 жылы Алматы қаласында алғашқы республикалық көркемсурет мектеп-интернаттың ашылғанын, онда Қазақстанның барлық облыстарынан дарынды балалар көркем өнерге білім ала бастағанын айтты. Олар бейнелеу өнері пәндері бойынша: сурет, кескіндеме, графика, мүсін, СҚӨ, әдістемелік құралдар, сабақ жоспарлары және т. б. бағдарламалар әзірледі. интернат оқытушылары балаларға білім мен тәрбие бере отырып, көбісінің ата-аналарын алмастырды десе де болады. Ұлықбек Шарахынұлының бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі мен өз ісін сүйетіндігі сонша, кейбір балалар оны зор сүйіспеншілікпен «Әке!» деп атаған.

Көрменің ұйымдастырушысы және бастамашысы Жамиля Такен Республикалық көркем колледждің (РКК) құрылу тарихын еске алды – үздіксіз білім берудің екінші сатысы және Қазақ Мемлекеттік Көркем Академиясының (ҚМКА) құрылуы – үздіксіз көркем білім берудің үшінші сатысы. Т. Жүргенов. Сол жылдары колледжде пайда болған шығармашылық және жасампаздық атмосферасы туралы айтты; қалалық және республикалық көрмелерге педагогтар мен оқушылардың қатысуы туралы, ҚР Суретшілер одағының жастар бірлестігіне, одан кейін ҚР Суретшілер одағына кіру туралы. Осы кезеңде профессор-оқытушылар құрамы ҚР Суретшілер одағының мүшелері мен Қазақстанның халық суретшілері, бейнелеу өнерінің корифешілері қатарынан толықтырылды. Академиядағы бес жыл ішінде Ұ. Ш. Ибрагимов өзінің жоғары кәсібилігінің арқасында оқытушылар мен оқушылар арасында беделге ие болды.

150 көркем туындыдан, зергерлік бұйымдардан, сәндік-қолданбалы өнер заттарынан тұратын «Естеліктер айнасы» көрмесінде Қазақстанның атақты суретшілері – шәкірттері Ұлықбек Ибрагимовтың бейнелеу өнерінің түрлі жанрында орындалған жұмыстары ұсынылды, олардың ішінде: Д. Сарбасов, А. Губашев, Р. Сержанов, М. Темірғалиева, Дулат, Думан және Далида Әлиевтер, А. Хакімжанов, Б. Мұхамеджанова, А. Қуантаева, К. Тұлақбаев, М. Абдуллаев, Н.С.Әлімбаев, Б. Мұсабаев, А. Рамазанов, Р. Асанбекова, Ш. Раимбекова, Д. Исабаев, А. Қырықбаева, Г. Тасимова, С. Әлімбаева, Б. Мұсабаев, А. Рамазанов, Р. Асанбекова, Ш. Раимбекова, Д. Чоймбаева, Ж. Кошен, З. Мамырбаева, А. Мұстафа, Ж. Такен Д., Толыбай, Е. Даубаев, А. Қасымбекова, А. Губашев, Д. Мужества", М. Құрымбаев, Қ. Казарян, Ш. Төлеш, Е. Суптеля, Ж. Сланов, С. Жұмашева, Д. Нуржасарова, Н. Мұратаев, Қ. Тлеужанова, Х. Мырзахметов, Р. Батыров, Л. Осман, Д. Толыбай, Ө. Жұбаниязов, А. Хакимжанова, А. Қырықбаева, А.Теміров, Қ. Сарсенғалиева, А. Нақысбекова, Б. Мырзахметов, А. Өмірбаев, Қ. Уметова, С. Ілиясов, М. Сороковская, Д. Қастеев, С. Баширов, Э. Амриев, Ж. Казарян, Т. Канкелды, Т. Калимова, Н.Шахова, Ә. Әлімжанов, Б. Төлеш, Л. Осман туындылары қолйылған.

Іс-шара қонақтарына Ө.Ибрагимовтың оқытушылық қызметімен байланысты фотосуреттер слайдтары көрсетілді.

 

Выставка "Калейдоскоп воспоминаний" Выставка "Калейдоскоп воспоминаний"
Выставка "Калейдоскоп воспоминаний" Выставка "Калейдоскоп воспоминаний"

Көрме 2018 жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source