авто

Переключатель языков

11.12.2023 ж . ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейіне қарасты Ахмет және Ғазиза Жұбановтар мемориалды музейі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Аспаптық орындау факультеті арнайы фортепиано кафедрасы және «Art Forum of Kazakhstan» халықаралық шығармашылық ұйымымен бірлесіп КСРО Халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, композитор Жұбанова Ғазиза Ахметқызын еске алуға арналған «ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР» еске алу кешін өткізді. Кеш аясында Ғазиза Жұбанова атындағы камералық залдың салтанатты ашылуы өтті. Шарада консерватория ректоры Нұркен Нұрғалиұлы мен Ғ. Жұбанованың шәкірті профессор Гүлжан Еркінқызы лента қиып, Ғазиза Жұбанованың қызы Дина Мәмбетова, шәкірті профессор Бейбіт Әбілұлы, ҚР МОМ директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ғ.Теміртон құттықтау сөз сөйледі. Кеш аясында Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың мемориалды музейі көрме ұйымдастырды. Көрмеде Ғ.А. Жұбанованың өмірі мен шығармашылығына және ұстаздық жолына қатысты экспозициялар қойылды. Сонымен қатар келушілер назарына деректі фильм ұсынылды. Ал концерттік бағдарлама халық әртісі Бибігүл Төлегенованың арнайы бейне үндеуімен басталды. Б.Төлегенова Ғ. Жұбанова туралы естеліктерімен бөлісіп, ыстық ықыласын білдірді. Сондай-ақ Жапон елінің белгілі скрипкашысы Маюко Катсумураның да құттықтау бейне үндеуі көрсетілді. Кеште Ахмет Жұбанов, Ғазиза Жұбанова, Әлиби Мәмбетов-Жұбанов, Гүлжан Өзенбаева, Карина Измаиловалардың шығармаларын ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, арнайы фортепиано кафедрасының профессоры Гүлжан Еркінқызы Өзенбаева және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Ақмарал Мықтыбаева, Айдана Салы, Амина Хамзина, Хан Хий Джон, Арайлым Карибай, Ашот Мхитарян, Нұрсұлтан Амангелді, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық конкурстардың лауреаты, вокал кафедрасының доценті Гүлнар Асылбекқызы Нұрғалиева және халықаралық байқаулардың лауреаттары Ерназар Ғимарат, Нұржан Жүсіп, Олжас Сәтпаев, Рахат Мұратәлі аспаптық және вокалдық шығармаларды орындады. Кеш соңында келушілер арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалап, шарадан алған әсерлерімен бөлісті.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source