авто

Переключатель языков

10.08.2022 г. Абай күніне орай «Жүректің көзі ашылса...» атты әдеби-шығармашылық кеші

Абай күніне орай «Жүректің көзі ашылса...» атты әдеби-шығармашылық кешіАғымдағы жылдың 10 тамызында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі ҚР Жазушылар Одағымен бірлесіп, Абай күніне орай «Жүректің көзі ашылса...» атты әдеби-шығармашылық кеш өткізеді.

Абай күні – қазақтың ізгілік пен өркениет өріне басқан тағы да бір қайырлы қада­мы! Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ұсынысымен Мемлекет басшысы 10 тамызды, яғни, ұлы Абай Құнанбайұлының туған күнін «Абай күні» деп белгіледі. Әр жылы 10 тамыз – Абай күні болып мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Сондай-ақ жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтілетін болды.

Абайдың рухына тағзым ету – оның қағидатын ұстану, аманатына адал болу. Сонда ғана жас ұрпақтың санасына қастерлі құндылықтарды сіңіреміз.  Абай күні – қазақтардың мәдениеті, әдебиеті мен поэзиясы күні.

Абай күні – қазақ халқының рухы. Бұл күн біз үшін әрқашан қасиетті болуы керек, өйткені бұл ұлы поэзия күні. Келешек ұрпақ өз дүниетанымын Абай жырынан, Абай ілімінен табады. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деген ақын аманаты әр адамның жүрегіне ой салып келеді.

Іс-шара аясында Темірен театрының «Жүректің көзі ашылса...» атты моно-драмадан үзінді композициясы, талантты ақындар мен танымал әншілердің қатысумен ән-жыр шашу, сонымен қатар ҚР МОМ коллекциясынан «Ұлы даланың ұлы ақыны-Абай» шағын көрмесін тамашалай аласыздар. Келіңіздер, көріңіздер. Мөлдіреп аққан ұлылықтың бұлағынан сусындаңыздар!!

18.07.2022 ж. Қазақстан Сурутшілер одағының мүшесі Тамара Волковамен шығармашылық кездесу

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2022 жылдың 18 шілде күні сағат 15.00-де баршаңызды сәулетші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Тамара Волковамен шығармашылық кездесуге шақырады.

Қазақстан Сурутшілер одағының мүшесі Тамара Волковамен шығармашылық кездесуТамара Владимировна Волкова – белгілі қазақ суретші кескіндемеші. Суретшінің үлкен тәжірибелік және шығармашылық тәжірибесі бар. Шебердің жұмысының нысандары табиғат, адамдар, сәулет құрылымдары, қаланың көрікті жерлері, фантастикалық бейнелер мен оқиғалар және т.б.

Тамара Владимировна – көп қырлы суретші, қызығушылықтары өте алуан түрлі еркін шығармашылқ тұлға. Суретші үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа технологияларды әзірлеуге, жаңа материалдарды қолдануға, қалыптасқан канондарды (рамкалрды) өзгертуге қызығушылық танытады. Суретші өзінің ерекше техникасын жасады - «террапласт». Оның жасаған техникасы суреттің бетін байытуға және күрделендіруге, шарикті қалам арқылы кескіндемелердің жарықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Т.Волкова әртүрлі стильдер мен техникада жұмыс істейді: кенеп майлы бояу; пастель; темпера; гуашь; фрескалар; коллаждар; террапласт, ағашты оймыштау; макраме, папье-маше, ағаштан жасалған колөнер.     

Суретшінің әрбір жұмысы ерекше білімге ие және олардың әрқайсысы сымбаттылығымен, пішіндерінің толықтығымен, жарқын бейнелерімен және эксперименталдылығымен ерекшеленеді. Шығармаларды жасауға түрткі: естіген астарлы әңгіме, оқылған көркем мәтін, көрген телебағдарлама, тауға саяхат, т.б. Кейде ол армандағы түрлі-түсті бейнелерді кенепке ауыстырады, солай «Қарға», «Алтын жылан» пайда болды. Тамара Волкованың сүйікті тақырыптарының бірі – ол өз шығармаларында жеткізетін фантастикалық образда – «Құтха қарға», «Татша тағңы ас» шығармалары.

Суретші Тамара Волкова балаларға арналған «Қиял әлемі: өз ертегіңді жаса» атты шеберлік сабағын өткізеді.  

Шеберлік-сабаққа қатысу тегін.

26.05.2022 ж. «Қазақстанның жануарлар әлемі» Қызыл кітап беттерінен Ұлттық парктер мен қорықтар» тақырыбы бойынша № 25 гимназияның 3 сынып оқушыларына сабақ

2022 жылдың 26 мамырында ҚР Орталық музейінің мәдени-білім беру жұмысы бөлімінің қызметкерлері (жетекшісі А. Кущенко және Б.Бектұрсын.) балалар Коворкинг орталығының және өлкетану үйірмесінің жұмысы аясында «Қазақстанның жануарлар әлемі» Қызыл кітап беттерінен Ұлттық парктер мен қорықтар»  тақырыбы бойынша  № 25 гимназияның 3 сынып оқушыларына сабақ өткізді. Өскелең ұрпақты табиғатқа, Қазақстанның ұлттық байлықтарына – саябақтарға, қорықтарға, фауна мен флора өкілдеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеудің маңызы зор.

Музей сабағы балаларды Қазақстан фаунасының алуантүрлілігімен, табиғат ескерткіштері - Алтын Емел, Ақсу – Жабағылы табиғи ұлттық саябақтары және көне қорықтары, сондай-ақ Қазақстанның Қызыл кітабы, жойылып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар түрлерімен – арқар, тауешкі, елік, марал, аю, қар барысы, құстармен, оның ішінде бүркіттермен, құстармен таныстырды. Аталмыш сабақ аясында балалар синквейнге қатысып, «Жер адамдарына үндеу» туралы  өз тілектерін жазып, қоршаған ортаны  сақтауға шақырды. Сабақ соңында балалар «Қазақстанның Қызыл кітабынан сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар» тақырыбы бойынша суреттер салды.

 

«Қазақстанның жануарлар әлемі» Қызыл кітап беттерінен " «Қазақстанның жануарлар әлемі» Қызыл кітап беттерінен "
«Қазақстанның жануарлар әлемі» Қызыл кітап беттерінен " «Қазақстанның жануарлар әлемі» Қызыл кітап беттерінен "

18.05.2022 ж. «Музей түні-2022» дәстүрлі акциясы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2022 жылдың 18 мамыры күні «Халықаралық музейлер күні» кәсіби мерекесіне орай «Музей түні» мерекелік іс шарасын өткізеді. Жыл сайын өтетін аталмыш жоба қазақстандық музейлер мен әлемнің белгілі музейлері арасында үлкен танымалдылыққа ие. Бұл қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына музей артефактілерімен, мәдени-білім беру бағдарламаларымен танысуға және еліміздің тарихы мен мәдениетінің жаңа беттерін ашуға мүмкіндік беретін ірі халықаралық әлеуметтік мәдени-білім беру жобасы.

«Музей түні-2022» дәстүрлі акциясыҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай, ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің биылғы жылғы «Музей түні-2022» дәстүрлі акциясы талантты балалардың бастамалары мен жаңашыл идеяларын қолдауға бағытталған. Аталмыш акцияның негізгі бөлігі «Талантты балалар шеруі» республикалық балалар фестиваліне арналады. Фестивалға республикамыздың әр өңірінен өнер, спорт, музыка, шығармашылық жағынан халықаралық, республикалық конкурстар лауреаттары мен талантты жасөспірімдер қатысып отыр. Аталмыш республикалық фестиваль қорытындысы нәтижесінде 13 номинация бойынша жас талантарға марапатты елімізіге белгілі ғылым, мәдениет және өнер саласындағы қайраткерлер табыстайды.

Музей түнінің басты   оқиғасы «Коворкинг балалар орталығының» ашылуы. Орталықтың жұмысы балаларды музей әлемімен, ондағы тарихи құндылықтармен таныстыруға, сондай - ақ, шығарамашылық бастамалар мен балалардың мүмкіндіктерін ұштауды ұйымдастыруға бағытталған. Яғни, балалардың бос уақыттарын (демалыс) тиімді ұйымдастыру, мультипликациялық фильмдер көру, кітап оқу, қазақ ұлттық ойындары және дәстүрлі музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету бағыттарында жұмыс істеу. Коворкинг балалар орталығының басты демеушілері, яғни осы бастамаға қолдау көрсеткен КМF Микроқаржы ұйымы және «Демеу - КМF» корпоративтік қоры. Сонымен бірге, балалар орталығы аясында «Жас экскурсовод», «Өлкетану» және «Бірге сурет салайық» бейнелеу өнері үйірмелері ашылады.

МУЗЕЙ ТҮНІ БАҒДАРЛАМАСЫНДА: жанданған экспозициялар, музей қорындағы сирек кездесетін қару - жарақтар коллекциясы негізін «Ер қару бес қару» көрмесі ( XVIII-XIX ғғ.), «Біздің таланттыларымыз», «Менің бақытты балалық шағым» атты қалалық бейнелеу өнер студияларының балалар шығармашылығы көрмесі, белгілі фотограф М. Золотухиннің фотокөрмесі және белгілі қазақстандық суретші-қалпына келтіруші, «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру зертханасының негізін қалаушы және жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Қырым Алтынбековтің «Қайта жарқыраған жауһарлар – Аралы» көрмесі.

Концерттік бағдарлама-қойылымдар: Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі, «Камерата Казахстан» ансамблі және Валентина Боровикованың жетекшілігімен скрипкашылар ансамблі; О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі мен Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы студенттерінің сәндік коллекциясының көрсетілімі және Қазақстан-Жапон орталығынан оригами, каллиграфия, «фурошики» өнері бойынша шеберлік-сабақтар. Сондай - ақ, мерекелік іс шара қонақтары мемлекеттік оркестрлер мен балалар ұжымдарының музыкалық шығармашылық концертерін тамашалай алады.

Музей қонақтары Қазақ мемлекеттік циркінің қойылымы, балалар дефилесі, М.Грибованың жетекшілігімен «HighTech Academy» шляпалық дефилесі, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің стилисттік шаш үлгілері көрсетілімін тамашалайды.

Қазақстан суретшілері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен шеберлік сабақтар өтеді.

Музей алматылықтар мен қала қонақтарын «Музей түні-2022» акциясының қызықты және тартымды бағдарламаларымен танысуға шақырады.

Байланыс телефоны: 264-46-50.

Музейге кіру тегін.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source