авто

Переключатель языков

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «ҚР Мемлекеттік орталық музейі» арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта аталмыш меморандум аясында музей қызметкерлерінің тәжірибе алмасуы, мәдени іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізу секілді көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл өз кезегінде музей ісін ілгерілетіп, ғылыми зерттеулердің аясын кеңейтуге септігін тигізбек.

saraishyk saraishyk

АБАЙБүгін ұлтымыздың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ағартушы, ғұлама Абай Құнанбайұлының туған күні. Осынау атаулы күн қарсаңында ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Абай – ақын, Абай - сазгер» атты музыкалы-поэтикалық марафон өткізді. Мерекелік-шығармашылық серпінге толы шара аясында оқушылар ақынның «Құлақтан кіріп бойды алар», «Қыс», «Жазғытұры», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба», «Қансонарда бүркітші шығады аңға» сынды көптеген өлеңдерін оқыды. Әншілер домбыра мен қобыздың сүйемелдеуі арқылы «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындады. Бұдан бөлек көрермендерге Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар көрсетіліп, «Зере әженің әңгімелері» және «Аңшы Абай» атты арнайы қойылымдар ұсынылды.

Марафонға «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының Алмалы филиалы мен «Жас қанат» филиалы, Бостандық ауданының «Бақытты отбасы» көпбалалы отбасыларға арналған орталығы, Алматы қаласы Білім басқармасының қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері мен Наурызбай ауданындағы көпбалалы отбасылардың және мұражай қызметкерлерінің балалары қатысты.

Шараға қолдау көрсетіп, белсенді атсалысқандары үшін жоғарыда аталған ұйымдардың тәрбиешілері мен ұстаздарына алғыс білдіреміз. Ұлы Абайдың шығармалары бізді оқу-білімге жетелеп, мейірімділікке үндей берсін!

 

«АБАЙ – АҚЫН, АБАЙ - САЗГЕР» «АБАЙ – АҚЫН, АБАЙ - САЗГЕР»
«АБАЙ – АҚЫН, АБАЙ - САЗГЕР» «АБАЙ – АҚЫН, АБАЙ - САЗГЕР»
«АБАЙ – АҚЫН, АБАЙ - САЗГЕР» «АБАЙ – АҚЫН, АБАЙ - САЗГЕР»

2023 жылдың 14 шілде күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде (Алматы қ.) диабетология саласындағы жетекші мамандар ұйымдастырған іс-шара өтеді. Ресей мен Қазақстанның медицина саласындағы дәрігерлері, зерттеушілері мен сарапшылары диабетикалық табан синдромын емдеуге арналған инновациялық конференцияға жиналады. Конференция қант диабетінің осы ауыр асқынуын емдеудегі соңғы тенденциялар мен жетістіктерді талқылау үшін жетекші сарапшыларды біріктіреді.

Диабетикалық табан синдромы – бұл қант диабетімен ауыратын науқастарда дамитын созылмалы асқыну. 2022 жылғы шілде айының статистикалық есебіне жүгінсек, Қазақстанда ресми түрде қант диабетімен ауыратын 440 000 – ға жуық пациент бар, оның ішінде 66 000-ға жуық адамда осындай асқынған-диабетикалық табан синдромы бар. Бұл өте қатерлі ауру, яғни аяқтарда түрлі жаралар пайда болады, көбінесе инфекция таралуымен қиындай түсіп, уақтылы емделмеген жағдайда аяқ-қолдың ампутациясына дейін әкелуі мүмкін. Қант диабетінің асқынуларының ерекше категориясы – бұл аяқтағы кішкентай буындардың зақымдануы, оны Шарко аяғы деп атайды. Егер дұрыс емделмесе, мұндай аяқ «Сүйек дорбасына» айналады және, өкінішке орай, мұндай аяқтар ауыр әрекеттерге жарамай, жиі ампултацияланып жатады. Соңғы жылдары бүкіл әлемде диабетикалық табан жағдайлары едәуір өсті, бұл барлық елдерде тиімді емдеу мен алдын-алуды қажет ететін ауру түріне айналып отыр.

Конференцияның басты мақсаты – диабетикалық табан ауруын емдеудің инновациялық әдістері мен тәсілдерін ұсыну, дәрігерлер мен зерттеушілер арасында тәжірибе алмасу болып табылады. Конференцияға қатысушылар асқынулардың алдын алуға және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесетін соңғы ғылыми зерттеулерді, клиникалық сынақтарды және технологиялық әзірлемелерді талқылауға мүмкіндік алады.

Конференцияға диабетология, хирургия және травматология саласының жетекші мамандары қатысады. Олар өз білімдері мен жинаған тәжірибелерімен бөлісіп, емдеудің соңғы әдістерін ұсынады және диабетикалық табан аурынының алдын алу бойынша ұсыныстар береді. Конференцияның негізгі баяндамашыларының бірі – диабетикалық табан саласындағы жетістіктерімен көзге түскен профессор Бреговский Вадим Борисович. Ол осындай науқастарды емдеудегі өз тәжірибесімен бөліседі және қант диабетімен ауыратын науқастардағы жараларды емдеудің әлемдік пункцияларының соңғы деректерін көрсетеді. Сондай-ақ, хирургиялық емдеудің инновациялық технологиялары және Шарко аяғындағы деформацияны қалпына келтірудің соңғы әдістері, соның ішінде жасанды биоматериалдарды қолдану ұсынылады.

Аталмыш конференцияда панельдік пікірталас қамтылады, яғни онда қатысушылар диабетикалық табан ауруына қатысты өзекті мәселелер мен қиындықтарды талқылай алады. Сондай-ақ, өз тәжірибелерімен бөлісіп, емдеу процесін жақсарту үшін жаңа идеяларды да ұсына алады.

Конференцияны ұйымдастырушылар дәрігерлерді (хирургтар, травматологтар, эндокринологтар), зерттеушілерді және басқа да мүдделі тұлғаларды осы маңызды іс-шараға қатысуға шақырады. Конференция білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ диабетикалық табан ауруын емдеу саласындағы жетекші сарапшылармен байланыс орнатуға бірегей мүмкіндік береді. Конференция туралы қосымша ақпарат, соның ішінде іс-шараның ресми сайтында өткізілетін бағдарламамен танысып, тіркелуге болады. [сілтеме]. Тіркеу 2023 жылдың 12 шілдесіне дейін жалғасады.

Өтетін орны: ҚР Мемлекеттік орталық музейі, Самал-1, 44 үй.

Күні: 14 шілде 2023 жыл.

Уақыты: 14: 00 – 20: 00

2023 жылдың 8 тамызы күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде «ЕУРАЗИЯ КӨШПЕНДІЛЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ: ДӘУІРЛЕР, ЕСІМДЕР, ОҚИҒАЛАР» тақырыбында ғылыми отырыс өтті. Шара ҚР Мемлекеттік орталық музейі мен Венгрия Республикасының Ұлттық музейінің өзара ғылыми және мәдени ынтымақтастығының аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстан мен Венгрия музейлері арасындағы ғылыми-мәдени байланыс ауқымын кеңейту, тәжірибе және пікір алмасу.

Шараға Венгрия Ұлттық музейінің Бас директоры Л. Шимон Ласло, бас директордың орынбасары Габор Вирагош, археолог, аудармашы Вера Ухри Майерек және Қазақстанның музей мамандары мен археолог-ғалымдары қатысты.

 

 «ЕУРАЗИЯ КӨШПЕНДІЛЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ: ДӘУІРЛЕР, ЕСІМДЕР, ОҚИҒАЛАР»  «ЕУРАЗИЯ КӨШПЕНДІЛЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ: ДӘУІРЛЕР, ЕСІМДЕР, ОҚИҒАЛАР»
«ЕУРАЗИЯ КӨШПЕНДІЛЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ: ДӘУІРЛЕР, ЕСІМДЕР, ОҚИҒАЛАР»  «ЕУРАЗИЯ КӨШПЕНДІЛЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ: ДӘУІРЛЕР, ЕСІМДЕР, ОҚИҒАЛАР»

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Астана күніне орай «Еңсесі биік – Елорда» мерекелік іс-шара өтті.

6-шілде — біздің еліміздегі елеулі күндердің бiрi. Бұл — әсем Астананың туған күні. Астана  — халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің  алтын тұғыры. Бүгін біз осындай қасиетті сөздерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамызды бүгінде әлем таниды.

Астана – Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылуы деп білеміз.

Мерекелік іс-шарада 5571 әскери бөлімінің әскери оркестрі, және эстрада әншілері Руслан Нұрғали, Қуандық Үсен, «Берен» тобы, Кемербаева Айсулу, Кемербаева Айнур сынды өнерпаздар өнер көрсетті.

Кеш соңында қонақтар қошеметтерін аямай ерекше көңілмен алғыстарын айтып тарқасты...

 

«Еңсесі биік – Елорда» мерекелік іс-шара «Еңсесі биік – Елорда» мерекелік іс-шара
«Еңсесі биік – Елорда» мерекелік іс-шара «Еңсесі биік – Елорда» мерекелік іс-шара
«Еңсесі биік – Елорда» мерекелік іс-шара «Еңсесі биік – Елорда» мерекелік іс-шара

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source