Билеттер
Мәзір
Билеттер

19.08.2026 ж. Суретші Ақылбек Тампиевтің «Бабалар ізімен» атты жеке көрмесін

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі  2026 жылғы 19 тамызда Қазақстан Суретшілер одағының және Қазақстан Ұлттық дизайнерлер орталығының мүшесі, суретші Ақылбек Тампиевтің «Ата-баба ізімен» атты жеке көрмесінің ашылу салтанатын өткізді.  

А. Тампиев халықаралық, республикалық және қалалық көрмелерге белсенді қатысып, түрлі арт-жобаларға тұрақты түрде атсалысып келеді. Сондай-ақ жастарға өнер үйрету саласындағы ауқымды педагогикалық еңбегі үшін көптеген Алғыс хаттар мен сертификаттарға ие болған.

Көрмені Ұлттық орталық музей директорының орынбасары А. М. Ахманов ресми түрде ашты. Іс-шара барысында Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы У. Жұбаниязов құттықтау сөз сөйлеп, А. Тампиевті Қазақстан Суретшілер одағының 90 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапаттады. Сонымен қатар Абай атындағы АНПУ өкілі Болатбек Нұрбатыров, Қазақстан Суретшілер одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Марат Әбдреев және басқа да қонақтар сөз сөйледі.

Баяндамашылар суретші А. Тампиевтің ұлттық бейнелеу өнерін дамытуға және кеңінен насихаттауға қосқан зор үлесін атап өтті. Оның шығармашылығы ұлттық дәстүрлер мен тарихқа деген терең құрметке негізделген.

«Ата-баба ізімен» экспозициясында 60-қа жуық өнер туындысы ұсынылды. Көрмедегі жұмыстарда қазақ даласының тарихы мен бейнесі, дәстүрлі тұрмыс-салты, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтар, ұрпақтар арасындағы рухани байланыстың сабақтастығы, адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасы және басқа да тақырыптар көрініс тапқан.

Автор өз шығармалары арқылы ішкі дүниетанымын, сондай-ақ уақыт пен адамның қоршаған әлемдегі орны туралы философиялық ой-толғаныстарын жеткізеді.

Көрермендердің ерекше қызығушылығын Ақылбек Тампиевтің туған өлкенің асқақ табиғатын бейнелейтін пейзаждары мен қазақ этнографиясына арналған «Кеңістіктің әміршісі», «Ата-баба ізімен», «Дала жаңғырығы», «Бүркітпен аң аулау» атты туындылары тудырды. Бұл шығармаларда автор қазақ мәдениетінің негізгі символдарын — еркіндікті, көшпенді халықтың рух күшін және ұлттық болмысты шебер бейнелеген.