Билеттер
Мәзір
Билеттер

03.10.2026 ж. «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мәдени іс-шарасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі 2026 жылдың 3 қазан күні сағат 12.00-де Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мәдени іс-шарасын ұйымдастырады.

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл күн – қоғамымыздың қазынасы болған қарттарымызға алғыс айтып, құрмет көрсетуге арналған ерекше мереке.  Қарттар күні тек мереке ғана емес, үлкендерді ардақтап, олардың өмірлік тәжірибесі мен даналығына тағзым ететін күн. Бұл – жастарды құрмет пен мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі.

Іс-шараға еңбек ардагерлері, зейнеткерлер мен «Шаңырақ» қарттар үйінің мүгедектігі бар қариялары қатысады. Іс-шара барысында қариялардың көңілін сергітетін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, демеушілерден берілген сыйлықтар табысталады.

Бізге демеушілік көрсеткендер: Асат және Зекет қоры, «Qulpynai» ЖШС, «Ақсай нан» ЖШС, JLC, «Das sauda» ЖШС.

 

Байланыс телефондары:
264-55-66,  8 707 598 57 53