авто

Переключатель языков

21.10.2022 ж. Республика күніне арналған «Гүлдене бер, Қазақстаным» атты патриоттық іс-шара

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2022 жылдың 21 қазанында Республика күніне арналған «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» патриоттық іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты Қазақстан Республикасының даму және қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту, еліміздің тарихына деген қызығушылық пен құрметті қалыптастыру, патриоттық сезім мен туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Мерекелік шараны Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлері 804-ші полкінің бірінші командирі, полковник Жұманов Союзжол Сұлтанұлы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы ашты. Сондай-ақ әскери тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бөлімшесінің аға көмекшісі, капитан Отарбаев Ербол Есілбайұлы сөз сөйледі.

Іс-шара аясында келушілер назарына Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланның «ЖАУЫНГЕРЛІК ЖАНҰЯДАЙ ҰЙЫСҚАН, ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛІ МЕН ХАЛҚЫНА ҚОРҒАН» көрмесі ұсынылды (фотосуреттер, кітаптар, марапаттар және т.б.).

Шара барысында Қ.Сәтбаев атындағы №56 атындағы гимназия, Махатма Ганди No92 мамандандырылған лицейі оқушылары «Қазақстан мақтанышым» әнімен, «Біздің Отанымыз – Қазақстан» мәнерлеп өлең оқудан өнер көрсетті. Орал Таңсықбаев атындағы Республикалық сәндік-қолданбалы өнер колледжінен дәстүрлі қолөнер түрлері, «Творим вместе» кескіндеме мектебі мен «Giraffe ar tschool» қосымша білім беру орталығынан сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік-сабақтар өткізілді. Мерекелік күні музей кинотеатрында «Көшпенді», «Біз осында тұрамыз» фильмдерінің көрсетілімі өтті.

 

мероприятие «Процветай, мой Казахстан» мероприятие «Процветай, мой Казахстан»
мероприятие «Процветай, мой Казахстан» мероприятие «Процветай, мой Казахстан»
pic-den-respubliki-2 мероприятие «Процветай, мой Казахстан»
мероприятие «Процветай, мой Казахстан» мероприятие «Процветай, мой Казахстан»

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source