14.03.2023 ж. Князь Азат Әкімбектің жеке коллекциясынан «Орталық Азия мен Кавказ халықтарының XVIII ғ. - XX ғ.басы зергерлік бұйымдары» көрмесі
2023 жылдың 14 наурыз күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде князь Азат Әкімбектің жеке коллекциясынан «Орталық Азия мен Кавказ халықтарының XVIII - XX ғғ. басындағы зергерлік бұйымдары» көрмесі ашылды. Көрмеге түрлі халықтардың - қазақтардың, қырғыздардың, түрікмендердің, өзбектердің, ұйғырлардың, қарақалпақтардың және т. б. тарихи - мәдени мұраларын бейнелейтін 200-ге жуық зергерлік бұйымдары қойылған.
Көрме келген қонақтарды дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің жарқын үлгілерімен және этномәдени дәстүрлерді ғана емес, көшпелі халықтардың ғасырлар бойы тарихының қырларын бейнелейтін XVIII – XX ғасыр басындағы Орталық Азия мен Кавказ халықтарының жетістіктерімен таныстырды.
Көрмені ресми түрде ҚР Орталық музейінің директоры Р.Е. Харипова ашты, одан әрі тарих ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері - С. Қ. Қозыбаев; "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысының Вице-президенті, Олжас Сүлейменовтің баспасөз хатшысы – В.А. Жандаулетов; ҚР ұйғырлары этно-мәдени орталығының құрметті төрағасы - А.Б. Шардинов; ҚР Ұлттық кітапханасының директоры - Б.К.Оспанова және т.б. өз құттықтауларын білдірді.
Келушілер Орталық Азия мен Кавказ халықтарының зергерлік бұйымдарымен танысып қана қоймай, Азат Әкімбектің өмірі мен шығармашылық қызметі туралы деректі фильм көрді.
Көрме 31 нарузыға дейін жалғасады.