авто

Переключатель языков

16.05.2019 ж. Суретші-график, КСРО Суретшілер Одағының және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Фатима Таразидің «Тұран» атты көркем туындылар көрмесі

16 мамыр күні сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде суретші-график, КСРО Суретшілер Одағының және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Фатима Таразидің «Тұран» атты жеке көркем туындылар көрмесінің ашылуы өтеді.

Фатима Тарази Алматы көркемсурет училищесін және Мәскеу полиграфия институтын бітірген. Фатима Тарази жақын және алыс шетелдердің - Австрия, Германия, Болгария, Чехословакия, Иемен Араб Республикасы, Эфиопия, Марокко, Никарагуа, Мозамбик, Мексика, Польша, Венгрия, АҚШ, Швейцария, Франция, Италия және т.б. бүкілодақтық, республикалық, аймақтық көрмелерге қатысушысы. 1997 жылы ол ЮНЕСКО қамқорлығымен Франциядағы (Париж қ.) өткен «Женщины за мир и культуру» атты бүкіләлемдік форумға қатысып, жеке көрмеде өз шығармаларын ұсынды.

Fatima Tarazi

Фатима Тарази бейнелеу өнерінің әртүрлі техникаларында жұмыс істейді, олардың арасында литографияның графикалық техникасы (таспен сурет салу) ерекше орын алады. Шығармашылықтың негізгі тақырыбы фольклор, қазақ халық ертегілері мен эпос болып табылады. Ол қазақ халық ертегілері мен әлемге әйгілі «Манас» эпосына автолитография техникасындағы графикалық жұмыстар топтамасын жасады.

Өзінің шығармашылық қызметінің басым бөлігін (1990 ж.бастап) суретші-дизайнер Фатима Тарази қазақтың ұлттық киімдерінің коллекцияларын қалпына келтіруге арнайды. Халықаралық танымал «Азия Дауысы» ән фестивалінің қатысушылары Роза Рымбаева, «Дос Мұқасан» ансамблі, диктор және жетекші Рабиға Аманжолова, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаева, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік халық оркестріне, «Тұрандот ханшайымы» және «Шыңғысхан» спектакліне арналған костюмдер (реж. Б. Атабаев), сондай-ақ М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрларына арналған киім дизайнының авторлық эскиздерін жасады. 1993 жылы «Азия Даусы» халықаралық әндер фестивалінде оның «Тұран жұлдыздары» және «Тұранның қанатты барсы мен Томирис» үйлену киімінің авторлық топтамасының алғашқы көрсетілімі өтті.

1994-1995 жж. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Ф. Тарази ҚР Президентінің Республикалық ұланы үшін және Президенттік «Боинг» жолсеріктерінің борты үшін киім үлгісінің дизайны мен стилін жасады. Ол милицияның, МАИ, авиацияның мемлекеттік стилінің парадтық-әсемдік, күнделікті, маусымдық киім нысанының дизайнын жасады, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академиктері үшін академиялық мантиялар енгізді. Суретші Ф. Тарази әзірлеген алғашқы мантиялар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевқа пен Түркия Президенті Сүлейман Демирельге, Агроуниверситет академигі Сағадиевке берілді. Осы жылдары Қазақстан Республикасы әскерлерінің Бас қолбасшысы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев бекіткен Президенттің Республикалық ұланының киім үлгісінің стилі әзірленді және құрылды.

Қазіргі уақытта Фатиманың жұмыстары Қазақстан Республикасының музейлерінде, Италияның Милан галереясында, АҚШ-тың (Вашингтон) жеке коллекцияларында және Батыс Еуропа елдерінде сақталуда. 2010 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры екі көркем жұмысты сатып алды. Ф. Тарази Республикалық «Жігер» жастар фестивалінің лауреаты, Бакудегі халықаралық көрменің дипломанты (1983 ж.); Мемлекеттік Президенттік стипендияның стипиндианты (2012 ж.). 2016 жылы «Манас» дүниежүзілік эпосына автолитография сериясы үшін алтын медальмен марапатталған. Ф. Тарази Қазақстан Республикасының 100 көрнекті қайраткерлерінің қатарына кіреді.

Көрме суретші-дизайнер Фатима Таразидің сахналық, концерттік, ұлттық костюмдер жасаудан бастап графикалық өнер туындыларына дейінгі шығармашылық қызметінің түрлі қырларын көрсетеді.

Көрмеге шебердің 100-ге жуық шығармалары қойылады.

Көрме 2019 жылдың 16 маусымына дейін жалғасады

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source