авто

Переключатель языков

05.05.2022 ж. «Ерлерге құрмет – ұрпаққа міндет», қайырымдылық акциясы

 «Ерлерге құрмет – ұрпаққа міндет», қайырымдылық акциясыҚазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «KS – production» продюсерлік орталығымен бірлесіп, 2022 жылдың 5 мамыр күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қолдау мақсатында «Ерлерге құрмет – ұрпаққа міндет», қайырымдылық акциясын өткізеді.

Ардагерлермен жүздесу өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи мұраларымен танысуға, олардың бойына азаматтық сана-сезімдерді оятуға және патриоттық рухқа баулуға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ҚР мүдделеріне қызмет етуге лайық деп білеміз.

Ұлы Жеңіс күні – жан аямай елін қорғаған ержүрек батырларымызды еске алу күні. Асау уақыт тізгінін ауыздықтай алмайсың – жылдан-жылға адамзаттың басына алапат қасірет түсірген зұлмат соғыс туралы баяндайтын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары арамызда азайып бара жатыр. Бұл күн ардагерлерге құрмет пен алғыс сезімдерін білдіруге мүмкіндік береді.

Осы атаулы күні ҚР Орталық музейі ардагерлеріміз үшін ҚР халық әртістері Айжан Нұрмағамбетова, Евгений Шагаров, Тимур Иманжанов, «Тенгри» этногруппасының және т.б. қатысуымен өтетін мерекелік концерттік бағдарламасын дайындады.

Аталмыш іс-шара демеушілер мен тұрақты серіктестердің қолдауымен өткізіледі, сондай-ақ, ҚР орталық музейі акцияға қолдау танытқан демеушілерге Бостан» ЖШС, «Magnum Cash&Carry» ЖШС, CEZARO ЖК, ZUGO HOME TEXTILE компаниясы, «Алатау – құс» ЖШС, «Ақсай-нан»ЖШС, «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС, «Lemonadoff Food» ЖШС алғыс білдіреді.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source