авто

Переключатель языков

«Талантты балалар» республикалық балалар фестивалі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалалар жылы» деп жариялауына орай «Талантты балалар» республикалық балалар фестивалін өткізеді.

«Талантты балалар» Фестивалдің мақсаты–балаларды музей алаңына тарту арқылы оларға мәдени білім беру, шығармашылық тұрғыдан өркендеуімен қатар дарынды балалардың ғылыми-зерттеу, ізденіс, ақпараттық-техникалық құралдарымен жұмыстарын насихаттай отырып жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды, дәстүріміз бен мәдениетімізді тануға тарту. Сонымен қатар, республика бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқауларда жоғарғы жетістікке жеткен балалардың білім, өнер, музыка, спорт саласында жеткен жетістіктерін насихаттай отырып, олардың арасында достық қарым-қатынастың орнауына жол ашу.

Қатысу шарттары: 2022 жылдың 14 мамырына дейін ұйымдастыру алқасына төмендегідей құжаттар өткізу керек.

  • өтінім;
  • электронды кітап форматында фотоcурет, jpg форматында
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • жетістіктерінің куәлік, сертификат, диплом көшірмелері;
  • қатынасатын сайыс түрін көрсете отырып 3-5 минуттық бейнебаян дайындап жіберу (бейнебаянда өзін таныстыруы, жұмысымен таныстыру және мақсатын айқындау. Бейнебаян еркін форматта түсірілуі керек).
  • байланыс телефон, электронды пошта

Тапсырылатын құжаттар сканерленген нұсқада e-mail арқылы жолданады.

Фестивалге 6-15 жас аралығындағы балалар қатынаса алады. Олардың біліміне, ұлтына шектеу қойылмайды.

Фестивалдің қорытынды шарасына қатынасуға ниет білдірген бүлдіршіндерге қойылатын талаптар:

  • қатысушылардың жол ақысы, жатын орны, тамақтану шығыны жіберуші жақтан;
  • фестивалге қатысушылар санына шектеу қойылмайды;
  • фестивалдің қорытынды шарасында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болғысы келетін бүлдіншіндер алдын-ала тапсырыс беруі керек.

Фестиваль қатынасушылары арнайы дипломдармен марапатталады және жетістіктері жыл бойына орталық музей арқылы насихатталатын болады.

Ұйымдастыру алқасы ауызша және бейне жазба жасауға және оны коммерциялық мақсатта қосымша төлемсіз қолдануға құқылы.

Фестивал аясында төмендегідей номинация бойынша үздік жобалар марапатталатын болады: актёр, би, археолог, домбырашы, палуан, ақын, суретші, әнші, географ, этнограф, өлкетанушы, тоғыз кұмалақ, гимнастика, шахмат.

Фестиваль аясында:

  • балалар шығармашылығының көрмесі;
  • шеберлік сабақтары;                      
  • блиц-турнирлер өткізіледі.

Фестиваль бойынша сұрақтар мен қатысу үшін барлық құжаттар 2022 жылдың 14 мамырына дейін мына электрондық пошта с This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  арқылы қабылданады: 

Координаторлар: Зухра Баянова 8 702 221 42 68, Билибаева Асель 8 701 757 10 70      

Өтетін уақыты: 18 мамыр 2022 жыл.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source