авто

Переключатель языков

30.03.2023 ж. «Шығармашылық алаң» балалар суретінің көрмесі

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 30 наурыз күні «Шығармашылық алаң» балалар суретінің көрмесі ашылды.

Көрмеге Алматы қаласының 100-ден астам балалар шығармашылығын дамыту және бейнелеу өнер орталықтарының оқушылары қатысып, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жанрдағы әртүрлі жұмыстарын ұсынды.      

Балалардың көрмеге қатысуы оларға еліміздің тарихы, өнері мен мәдениетімен танысуға, туған жерінің ұлттық құндылықтары, дәстүрлері мен сұлулығы туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілікті оятады. Сондықтан жас суретшілер өз жұмыстарында қоршаған әлемге, елдің өткені, бүгіні және болашағы туралы өз көзқарастарын білдіруге тырысты. Балалар Қазақстанның тарихы, мәдениеті, табиғатымен байланысты түрлі аспектілер мен сюжеттерді бейнелейді.

Көрмеге Алматы қаласының «Да Винчи», «By ArT», «АртМикс», «Білім студиясы», «Класс», «ДАРиЯ» балалар шығармашылық даму орталықтарының оқушылары қатысты, сондай-ақ концерттік бағдарламаны белсенді қатысушылары, музейдің серіктестері - «Семь чудес света» балалар театры, «Ай-кербез» би тобы мен «Фиеста» би ансамблі қолдады.

«Шығармашылық алаң» көрмесін ҚР МОМ директорының орынбасары Сержан Бараханұлы Саров, шығармашылық мектептердің жетекшілері Елена Николаевна Исакова және Анна Алексеевна Чернышева ашты.

«Шығармашылық алаң» атты көрмесінде балалардың 100-ден астам туындылары қойылған.

 

«Территория творчества» «Территория творчества»
«Территория творчества» «Территория творчества»
pic-detskaya-vystavka-05 «Территория творчества»
«Территория творчества» «Территория творчества»

  Көрме 12 сәуірдің 2023 жылына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source