01-03.03.2024 ж. Орта-Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР УАҚЫТЫ»
Табиғат көгеріп, күн шуағын шашып, жаңа өмірге бастайтын көктемнің алғашқы айы – ол Наурыз.
8 Наурыз әйелдердің ең сүйікті мерекелерінің бірі. Бұл мерекенің символы - қызғалдақтар. Сондықтан біздің жәрмеңке «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР УАҚЫТЫ» деп аталады.
Әйелдер мерекесі қарсаңында 2024 жыл, 1-3 наурызда ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде Орта-Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді. Көрме-жәрмеңкеге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркменістан елдерінің әр аймағынан келген қолөнер шеберлер қатысады. Жәрмеңкеде Сіздер әр шебердің өз қолымен жасаған бұйымдарымен: дизайнерлік киімдер, бисерден жасалған бижутериялар, авторлық теріден, киізден, күмістен, тастардан жасалған әшекей бұйымдармен танысып, сатып ала аласыздар. Тағы да көптеген кәдесыйлар болады.
Сіздерді көрме-жәрмеңкені тамашалауға келген қонақтар арасынан көруге асықпыз!
Өздеріңізді және жақындарыңызды, туған-туыстарыңызды ерекше сыйлықтармен қуантып, көңілін көтеріңіз!
Сонымен қатар жәрмеңке аясында үш күн бойы сағат 11.00 – 16.00 дейін шеберлік сабақтар өтеді:
- керамикалық саз балшықтан зергерлік бұйымдар мен әр түрлі фигураларды және періштелерді мүсіндеу;
- табиғи балауыздан шамдар жасау.
Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 1-3 наурыз 2024 жыл, сағат – 9.00 - 18.00
Өтетін орны: Самал-1, 44 үй