2026 жылғы 23 қазанда сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Қазақстан Республикасы күніне орай «Яблоневая палитра» Кәсіби суретшілер одағы ұйымдастыруымен «Қазақстан: дәстүрлер, бейнелер, әуендер» атты республикалық көрменің ашылуы өтеді.
Экспозиция Қазақстанның мәдени мұрасына, ұлттық дәстүрлеріне, туған жердің сұлулығына және халқымыздың рухани құндылықтарына арналған. Суретшілер көркем образдар арқылы еліміздің тарихына бай мұрасын, ұлттық мәдениетінің өзіндік ерекшелігін және ұрпақтар сабақтастығын бейнелейді.
Көрмеге келушілерге түрлі көркемдік техника мен жанрда орындалған өнер туындылары ұсынылады. Шығармалар суретшілердің шығармашылық ізденістерінің сан алуандығын, әр автордың өзіндік көркемдік көзқарасын және Қазақстанға деген сүйіспеншілікті біріктіретін тақырыптардың кең ауқымын көрсетеді.
Көрме Отанға, туған елге арналған көркемдік тарту ретінде еліміздің өткені мен бүгінін, болашағын бейнелеп, тарихи жадыны, ұлттық бірегейлікті сақтауда және елдің мәдени кеңістігін дамытуда бейнелеу өнерінің маңызын айқындайды.
Көрменің мақсаты – Қазақстанның бейнелеу өнерін кеңінен насихаттау, ұлттық мәдени мұраны сақтау және көркем шығармашылық арқылы отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу.
Көрмеге «Яблоневая палитра» шығармашылық бірлестігінің 40-қа жуық кәсіби суретшісі қатысады. Олардың қатарында Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері, Қазақстанның өнер қайраткерлері, Қазақстан Көркемөнер академиясының мүшелері және Кәсіби суретшілер одағының белсенді қатысушылары бар.
Көрмеге қатысушылар қатарында Елена Безрукова, Аскар Бейшекеев, Ирина Бурматова, Юрий Бурмистров, Максим Ведерников, Зухра Гасанова, Игорь Гущин, Жазира Джанабаева, Фарида Джантелова, Анатолий Дроздов, Лидия Дроздова, Перизат Есназарова, Дарья Залесская, Зейнелхан Мухамеджан, Рысбек Искаков, Светлана Какоткина, Александра Каммерер, Олена Коломыцева, Галина Красникова, Аяжан Мадый, Марина Мун, Марлан Нысанбаев, Анастасия Овечкина, Алия Оразхан, Галина Пащенко, Жанара Перуджини, Анна Петракова, Александр Ророкин, Кристина Рыбалко, Лариса Саванькина, Алёна Савюк, Канат Садуахасов, Роман Сакович, Лаура Сатпаева, Акылбек Тампиев, Виктория Трофимович, Камилла Тулешова-Лаптева, Куляш Тюребаева, Майра Узбаева, Анна Фидирко, Елизавета Шаяхметова, Галина Шепелева бар.
Көрме келушілерді кәсіби суретшілердің шығармашылығымен танысуға, Қазақстанды әр автордың өзіндік көркемдік көзқарасы арқылы тануға және еліміздің бай мәдени мұрасына жақындай түсуге шақырады.
Көрме 2026 ж. 6 қарашасына дейін жалғасады.
Место проведения: ҚР Ұлттық орталық музейі,
Алматы қ. Самал-1, 44. Тел.: 2644650