авто

Переключатель языков

 Құрметті алматылықтар және қала қонақтары! 2022 жылдың 27 қыркүйегінде музейде санитарлық күн өткізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты көрме залдары келушілер үшін жабық болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

30.09.2022 ж. «Ұлт ұстазы» атты әдеби-шығармашылық кеші

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толу мерейтойына арналған «Ұлт ұстазы» атты әдеби-шығармашылық кеш өткізеді. Іс-шара аясында ҚР Мемлекеттік орталық музей қорындағы А. Байтұрсынұлына арналған көрмесі ұйымдастырылып, онда ғылыми басылымдарымен, ҚР МОМ қорының фотоқұжаттық материалдарымен және т.б. танысуға мүмкіндік беріледі.

baityrsynovБиылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл.

Көрменің мақсаты– музейге келушілерді Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен таныстыру.Бұқара көпшілік назарына А.Байтұрсыновтың ғылыми басылымдарымен, ҚР МОМ қорының фотоқұжаттық материалдарымен және т.б. танысуға мүмкіндік беріледі.

Тәуелсіз мемлекетіміздің негізін ХІХ ғ соңы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған қазақ зиялыларының жарқын өкілдері – Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов қалады. «Қазақ» газетінде жазылған «Егер өзіндік бейнемізді сақтағымыз келсе, онда бізге бар күшімізбен, бар мүмкіндігімізді пайдалана отырып ағартушылыққа және ортақ мәдениетке ұмтылуымыз қажет. Ол үшін біз туған тіліміздегі әдебиетті дамытуды бірінші парызымыз деп білуіміз керек. Тек өз тілі мен өз әдебиеті бар ұлттар ғана өз бетінше өмір сүруге қақылы екенін ешқашан да ұмытпау керек...» жазбалары қазір де өз мәнін жоғалтқан жоқ.

Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.Атаулы шараны келіп көруге, жақындарыңызбен бөлісіп тамашалауға баршаңызды шақырамыз.

     Байланыс телефондары: 2 64 46 50, 2 64 08 44.

 

UMAI ұлттық сыйлығына арналған байқау

Мәдениет және спорт министрлігі отандық ұжымдар мен мәдениет,өнер қаайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін одан әрі дамыту,дәріптеу мақсатында тұңғыш рет UMAI ұлттық сыйлығын тағайындап отыр.Мәдениет және спорт министрлігі аталмыш конкурсқа қатысуға шақырады.

Толығырақ ақпаратты осы жерден жүктей аласыз.

«XIV Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы (ақпарат)

ҚР Мемлекеттік орталық музейі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Ежелгі және ортағасырлардағы мәдени байланыстар: жаңа зерттеулер мен ашылымдар» тақырыбында ғалым, археолог, педагог Әбдіманап Оразбаевтың 100 жылдығына арналған дәстүрлі «XIV Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысуға шақырады.

Толығырақ...

24.09.2022 ж. «Жапония мәдениеті күні» фестивалі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі және Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Қазақстан-жапон адам ресурстарды дамыту орталығымен бірлесіп 2022 жылғы 24 қыркүйегі күні дәстүрлі жыл сайынғы «Жапония мәдениеті күні» фестивалін өткізді.

Жапония мәдениеті күні фестивалінің мақсаты – Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту, екіжақты байланыстарды дамыту және өзара түсіністікті тереңдету, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын Күншығыс елінің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, заманауи инновациялық және зияткерлік жетістіктерімен таныстыру.

Фестивальде келушілер мәдени дәстүрлермен және заманауи өнер түрлерімен, каллиграфиямен, музыкамен, қуыршақтармен ғана емес, жапон компанияларының технологияларымен де танысты.

«Жапонияның мәдениет күні» фестивалін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Харипова Рашида Ерімқызы, дипломатиялық миссия басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің кеңесшісі Томохиро Қанат ашты. Сондай-ақ, «Нархоз» Университетінің Президенті Дәуленов Мирас Мұхтарұлы құттықтау сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілер бұл іс-шараның елдер арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтудағы маңыздылығын және қазақстандықтардың Күншығыс еліне деген үлкен қызығушылығын атап өтті.

Бұл күні келушілерге қызықты іс - шаралар ұсынылды: концерттік бағдарлама-«Есакой Соран» биі, кэндо (семсерлесу) және айкидо бойынша көрсетілімдер; өнер мен қолөнердің әртүрлі түрлері бойынша шеберлік-сабақтар: оригами және фурошики( матадан жасалған сыйлықтарды ораудың ежелгі техникасы), комикстер салу бойынша (манга) шеберлік-сабақтар; «го» ұлттық ойындар (жапон дойбы) және сёги (жапон шахматы). Фестиваль қонақтары сондай-ақ жапондық «Самурай» қуыршақтарымен танысып, каллиграфия бойынша шеберлік-сабақтарына иероглиф жазуға және жапон тілі сабағына қатысты.

Жапондық Toyota tsusho Kazakhstan Auto автокөліктерінің тұсаукесері және жапондық «Tokyo Rope», «Mareven Food», «Жібек Жолының Қазақстан-Жапон қауымдастығы» стендтері үлкен қызығушылық тудырды.

фестиваль «День культуры Японии» фестиваль «День культуры Японии»
фестиваль «День культуры Японии» фестиваль «День культуры Японии»
фестиваль «День культуры Японии» фестиваль «День культуры Японии»

09.09.2022 ж, «МЕНІҢ ОТБАСЫМНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» атты мәдени - білім беру қайырымдылық іс-шарасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Отбасы күніне орай «МЕНІҢ ОТБАСЫМНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» атты мәдени - білім беру қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара жас отбасылар арасында отбасылық және тарихи құндылықтарды насихаттауға, сондай-ақ көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған.

Аталмыш іс-шараға көп балалы отбасылар, Медеу ауданының «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының тәрбиеленушілері, № 169 мектеп-лицейі мен «SMART» балалар білім беру орталығының балалары мен ата-аналары қатысты.

Іс-шараның ашылу салтанатында ҚР Орталық музейінің мәдени – білім беру жұмысы бөлімінің жетекшісі Анна Кущенко, Медеу ауданының «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының меңгерушісі Айдана Шыныбекова, суретші – кескіндемеші Лидия Дроздова сөз сөйледі.

Осы мереке күні Алматы қаласының отбасылары үшін ҚР Орталық музейі суретшілермен және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерімен бірлесіп саз бен ермексаздан мүсіндеу, кескіндеме және гипс бұйымдарын кескіндеу бойынша шеберлік сыныптарын өткізді, сонымен қатар Медеу ауданының «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының тәрбиеленушілері концерттік қойылым ұйымдастырды.

Балалар мен олардың ата-аналары «Мен өз елімнің тарихын білемін» және «Өз отбасыңның гүлін жаса» интеллектуалдық ойын-викторинасына белсенді қатысты. Іс-шараның барлық қатысушыларына орталық музей және демеушілер атынан («GALANZ BOTTLERS» АҚ («MAXI шай» сауда маркасы) алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Қатысушылар «Менің Үйім - менің отбасым» атты балалар суреттерінің көрмесімен танысты. Мәдени-білім беру қайырымдылық іс-шарасына 20 көп балалы отбасы қатысты.

 

tsennosti-semii-1 tsennosti-semii-2
tsennosti-semii-4 tsennosti-semii-4
tsennosti-semii-5 tsennosti-semii-6

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source