14.09.2023 ж. ТМД МЕМЛЕКЕТТЕРІНЕН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯ
ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Армения, Беларуссия, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінен әскери медицина саласын талқылауға арнайы келген делагация өкілдері қонақта болды. Қазақстанның бай тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытқан ТМД делегаттары музей залдарын аралап, оларға арнайы экскурция да жүргізілді.
12.09.2023 «МАДИЯР-ТҰРАН» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА САПАРЫ
ҚР Мемлекеттік орталық музейіне «Мадияр-Тұран» қоғамдық қорының белді өкілдері Иозеф Фехерис, Кристиан және Норберт Фулекилер арнайы келіп, ежелгі қазақ мәдениетімен жете танысты. Ұзақ жылдан бері көшпелілер өркениетін зерттеп, оны еуропа елдеріне танытып жүрген мажарлықтар алдағы уақытта да тарихи отанының құндылықтарын насихаттауды жалғастыра бермек.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
10.08.2023 ж. «АБАЙ – АҚЫН, АБАЙ - САЗГЕР»
Бүгін ұлтымыздың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ағартушы, ғұлама Абай Құнанбайұлының туған күні. Осынау атаулы күн қарсаңында ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Абай – ақын, Абай - сазгер» атты музыкалы-поэтикалық марафон өткізді. Мерекелік-шығармашылық серпінге толы шара аясында оқушылар ақынның «Құлақтан кіріп бойды алар», «Қыс», «Жазғытұры», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба», «Қансонарда бүркітші шығады аңға» сынды көптеген өлеңдерін оқыды. Әншілер домбыра мен қобыздың сүйемелдеуі арқылы «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындады. Бұдан бөлек көрермендерге Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар көрсетіліп, «Зере әженің әңгімелері» және «Аңшы Абай» атты арнайы қойылымдар ұсынылды.
Марафонға «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының Алмалы филиалы мен «Жас қанат» филиалы, Бостандық ауданының «Бақытты отбасы» көпбалалы отбасыларға арналған орталығы, Алматы қаласы Білім басқармасының қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері мен Наурызбай ауданындағы көпбалалы отбасылардың және мұражай қызметкерлерінің балалары қатысты.
Шараға қолдау көрсетіп, белсенді атсалысқандары үшін жоғарыда аталған ұйымдардың тәрбиешілері мен ұстаздарына алғыс білдіреміз. Ұлы Абайдың шығармалары бізді оқу-білімге жетелеп, мейірімділікке үндей берсін!
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
24.08.2023 ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «ҚР Мемлекеттік орталық музейі» арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта аталмыш меморандум аясында музей қызметкерлерінің тәжірибе алмасуы, мәдени іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізу секілді көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл өз кезегінде музей ісін ілгерілетіп, ғылыми зерттеулердің аясын кеңейтуге септігін тигізбек.
08.08.2023 ж. «ЕУРАЗИЯ КӨШПЕНДІЛЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ: ДӘУІРЛЕР, ЕСІМДЕР, ОҚИҒАЛАР» тақырыбында ғылыми отырыс
2023 жылдың 8 тамызы күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде «ЕУРАЗИЯ КӨШПЕНДІЛЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ: ДӘУІРЛЕР, ЕСІМДЕР, ОҚИҒАЛАР» тақырыбында ғылыми отырыс өтті. Шара ҚР Мемлекеттік орталық музейі мен Венгрия Республикасының Ұлттық музейінің өзара ғылыми және мәдени ынтымақтастығының аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан мен Венгрия музейлері арасындағы ғылыми-мәдени байланыс ауқымын кеңейту, тәжірибе және пікір алмасу.
Шараға Венгрия Ұлттық музейінің Бас директоры Л. Шимон Ласло, бас директордың орынбасары Габор Вирагош, археолог, аудармашы Вера Ухри Майерек және Қазақстанның музей мамандары мен археолог-ғалымдары қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Тағы мақалалар...
- 14.07.2023 ж. «ДИАБЕТИКАЛЫҚ ТАБАН СИНДРОМЫ, ДИАГНОСТИКАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ» атты инновациялық конференция
- 04.07.2023 ж. «Еңсесі биік – Елорда» мерекелік іс-шара
- 18.05.2023 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінде "Музей түні - 2023" акциясы өтті
- 18.05.2023 ҚР Мемлекеттік Орталық музейі жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Музей түні - 2023» акциясына шақырады. Ел тарихы мен мәдениетінің жаңа парағын ашыңыз!