авто

Переключатель языков

01.06.2024 ж. «Бар мейіріміміз балаларға» мерекелік шарасы

1-ші маусым күні  сағат 11.00-де ҚР Мемлекеттік орталық музейі Халықаралық балаларды  қорғау күніне орай «Бар мейіріміміз балаларға» мерекелік шарасын өткізеді.

1949 жылдан бастап бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіледі.

den-detei-kazІс-шара барысында «MUSEUM FOR KIDS» балаларға арналған жазғы музей лагерінің ашылуы өтеді. 

Сонымен қатар бағдарламада қолөнершебері Гүлзира Сәрсембаеваның «Қазақтың дәстүрлі қолөнері», «ByArT» өнер студиясының «Сиқырлы батик» (жібекке сурет салу), Ажар Төлеубаеваның «Қаттама-Құрақ әдісіндегі кулон», Толғанай Сембаеваның «Жүннен жасалған брошь-гүлдер мен моншақтар», Оқушылар сарайына қарасты «Ақ киіз» өнер студиясының жетекшісі Бақытжан Тұрдақынованың «Акварельді кесіндеме», «Ұмай» балалар өнер мектебінің ұстаздары «Пластилинография», «Санат» шығармашылық орталығының ұстаздары «Киізден жасалған зергерлік бұйымдар»,  Орталық музейдің кіші ғылыми қызметкері  Айжан Құрбанованың шеберлік сабақтары қамтылған.  

Осы күні «Барни» компаниясы балаларды аю Барнимен бірге тарих әлеміне қызықты онлайн саяхат жасауға шақырады.

Сондай ак, «Музей экспозицияларындағы  аңдар мен құстар» экосаяхаты, биологтар мен зоологтармен кездесу, танымдық экскурсиялар және  балаларға арналған мерекелік концерт ұсынылады.

17.05.2024 ж. «МУЗЕЙ ТҮНІ- 2024» ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДАҒЫ OPEN SPACE

«МУЗЕЙ ТҮНІ- 2024» ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДАҒЫ OPEN SPACE
ӨТЕТІН КҮНІ: 2024 жыл, сағат 19.30
ӨТКІЗУ ОРНЫ: МУЗЕЙДІҢ 4 КӨРМЕ ЗАЛЫ (шеңбер)

ТАҚЫРЫП: «ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАҒЫ МУЗЕЙ. ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ НАСИХАТТАУ».

afisha-open-SpaceМодератор – ғылыми жөніндегі директор орынбасары, философия ғылымының докторы PhD - Галия Темиртон

OPEN SPACE – креативті индустрия өкілдерінің, тарихшылардың, мәдениет мамандарының, өнер қайраткерлерінің, өнертанушы ғалымдардың, бизнес-қоғамдастықтардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен заманауи коммуникацияларды дамытудың өзекті мәселелерін талқылайтын диалог алаңы. мәдениет пен өнер, ынтымақтастық және бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру аясында.

OPEN SPACE жұмыс бағыттары: 
• Музей кеңістігіндегі жаңа қарым-қатынас тәжірибесі
• Мәдениетті көтерудегі цифрлық технологиялардың рөлі
• Мәдениетаралық коммуникация: әлеуметтік-мәдени аспектілері
• Заманауи PR технологиялар: Интернет-медиа – әлеуметтік аспектілер
• Ғылыми байланыс: ғылыми институттар, оқу орындары, мәдениет 
мекемелері және басқа да ұйымдар
• Мемлекеттік-жекеменшік өзара іс-қимыл серіктестігі
• Ұлттық тарихты, мәдениет пен өнерді ілгерілетуге бағытталған бірлескен 
бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру
ҚАТЫСУШЫЛАР:

-   Абдулхамит Ысқақұлы Райымбергенов – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының доценті, өнертану кандидаты

-  Иран Ислам Республикасының Бас консулы – Мохсен Фагани
-  Этнодизайнер, «Зерлеу» техникасында жұмыс істейтін суретші – Айжан Әбдубаит 

- Әсия Хайрулина – суретші, ҚР суретшілер одағы секретариатының мүшесі

- ҚР суретшілер академиясының Вице -президенті - Марлан Нысанбаев;

- суретші , арт-блогер «Яблоневая палитра» суретшілер қауымдастығының жетекшісі – Лидия Дроздова

- Кодеков Қанағат Қалиұлы – «Қазақстандық бабалар аманаты этнографиялық дизайн одағы» президенті                  

- Өнертанушы, журналист – Мария Жұмағұлова
- Әсия Әбітаева – ALMALIFE.kz ақпараттық порталының директоры, «Жетісу Күші» ҚҚ құрылтайшысы

- Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жетекші сарапшысы - Ибрагимова Жанар Мырзабаевна, Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы- Туребекова Жанар Мейрамовна

- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» этникаралық қарым-қатынастарды дамыту Комитетінің бас сарапшысы - Билялова Гульмира Кайсаровна               

   - «DARU UNIVERSITY  (басшысы, білім беру сарапшысы – Гүлиза Бөлекбаева, AI сарапшысы – Айдын Мұатхан; 
нейродизайнер және нейрондық желілер саласындағы зерттеуші – Риз Есентаев).

Қатысушылар үшін жасанды интеллект саласындаы атақты сарапшылардың қатысуымен ЕКІ ВОРКШОП өтеді:

  • AI сарапшысы Айдын Муатханның «Тұлғаны дамытуда жасанды интеллектті пайдалану» тақырыбындағы семинары. Қатысушылар AI құралдарының өзін-өзі дамыту мен оқуды қалай игергенімен таныса алады.
  • Нейродизайнер және нейрондық желілер саласындағы зерттеуші Риз Есентаев «Дизайн үшін нейрондық желілерді пайдалану» тақырыбында сессия өткізеді. Бұл семинар жасанды интеллекттің заманауи дизайн мен бейнелеу өнеріндегі әлеуетін көрсетпек.

06.05.2024 ж. «Жеңіс күнімен»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі 6 мамырда сағат 14.00 Алматы қаласы Медеу ауданының еңбек және Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлеріне арналған «Жеңіс салтанатты» көшпелі әлеуметтік қайырымдылық акциясын өткізеді. Бұл күні Орталық мұражай қызметкерлері ардагерлерді «Жеңіс күнімен» құттықтап, оларға сыйлықтар жиынтығын табыстайды.

afisa-den pobedyЖыл сайын ҚР Орталық музейі өскелең ұрпақты отансүйгіштік және еліміздің тарихын құрметтеу рухында тәрбиелеуге бағытталған патриоттық іс-шаралар өткізеді. Біз Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларымызға құрмет көрсетіп, жыл сайын Жеңіс мерекесін атап өтеміз!

Майдангерлердің ерлік ісін әрдайым есте сақтау және Қазақстанның бейбіт өмірін, тыныштығы мен еркіндігін сақтаған жандардың барлығына алғыс айту – біз үшін парыз! Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

17.05.2024 ж. Халықаралық музейлер күніне арнап «МУЗЕЙ ТҮНІ-2024» акциясы

36 МЫҢ КӨРЕРМЕНДІ ҚАМТЫҒАН МУЗЕЙЛІК АКЦИЯ

Ел музейлерінің ішінде алғашқылардың бірі болып іргетасы қаланған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі қорындағы коллекциялардың қалыптасқанына 200 жылға жуық уақыт болды. Орынбор қаласында негізі қаланған бұл музейдің, Алматы қаласына қоныс аударғанына осы жылы 95 жыл толып отыр.

Биыл Орталық музей алғашқылардың бірі болып «Музей түні» Халықаралық шарасын мерекелеуді бастап кетті және аталмыш акция үш күнге ұласты.

Биылғы музей түнінің ерекшелігі – музейдің негізгі қызметінен бөлек тәрбие мен білім беру салаларын да қамтитын серпінді білім-ғылым орталығы екенін көрсету мақсатында «Білім беру және зерттеудегі музейлер» тақырыбында өтті. Бұл өскелең ұрпаққа тарих пен дәстүрді дәріптеп, ұлттық мәдениетті насихаттаудағы музейдің зор үлесін айқындайды.

«Музей түні» акциясының аясында концерттік бағдарламалар, көрмелер мен түрлі жобалар жүзеге асырылды:

OPEN SPACE «Әлеуметтік-мәдени байланыс жүйесіндегі музей. Ұлттық мәдениетті насихаттау» диалог алаңы.

DARU университеті ұйымдастарған «Музейдегі AI: технология мен өнердегі революция» шарасының аясында музей экспонаттарын қозғалысқа келтірудегі жасанды интеллекті пайдалану технологияларының көрсетілімі.

• Интерактивті экспозициялар.

• «Музейлік ғылыми эксперименттер» кластері.

• «Болашақ инновациялық музей» бейнероликтер байқауы.

• «Музей тарих және материалдық мәдениеттің сақтаушысы» пленэрі.

• «Қазақ халқының мәдениетін тактильді экспонаттар арқылы танимыз» инклюзивті жобасы.

• «Музейге сый, ұрпаққа аманат» акциясы.

• Көрмелер, экскурсиялар, шеберлік сағаттары.

• Концерт, дефиле және т.б.

night00 night01
night02 night03
night04 night05
night06 night07
night08 night09

26-27.04.2024 ж. «XVI Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді.

afisha-orazbaev2024 жылдың 26-27 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, Әл-Фараби атыңдағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Археология, этнология және музеология» кафедрасы және «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-музейі бірлесіп дәстүрлі «XVI Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізеді.

Абдулманап Медеуұлы Оразбаев – белгілі ғалым, археолог, педагог, отандық далалық археология зерттеулер әдістемесі мектебінің, сондай-ақ Қазақ Ұлттық Университетінің, «Археология, этнология және музеология» кафедрасының негізін қалаушы ұстаз А.М. Оразбаевтың ғылыми өмір жолы қола дәуіріндегі тайпалардың материалдық мәдениетінің тарихын және ерте көшпелілердің көне өркениетін ғылыми зерттеу жұмыстарына арналды. Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясына (1954, 1960, 1961, 1964, 1965, 1967 жж.), Батыс Қазақстанда (1968 ж.) далалық зерттеулер жұмыстарына, академик Ә.Х. Марғұлан жетекшілік еткен Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрамында болып, (1957, 1961, 1962, 1963, 1972, 1974 жж.), археологиялық зерттеулерге атсалысты. Сондай-ақ, А.М. Оразбаев 1958, 1985–1988 жылдары Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясына, ал 1989-1990 жылдары Семей археологиялық экспедициясына жетекшілік еткен. А.М. Оразбаев Солтүстік Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ескерткіштерінің өзіндік мәдени тұстарын анықтап, кезеңделу шеңберін белгілеп берді және андрон мәдениетінің қалыптасуын үш кезеңге жіктеді: федоров, алакөл және замараев.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  • Еуразияның ежелгі және ортағасырлық археологиясы;
  • Этникалық тарих пен этномәдени процесстердің жалпы және өзекті мәселелері;
  • Көрнекті археологтар туралы естеліктер мен ойлар;
  • Археологиялық және этнографиялық экспедициялардың далалық материалдары;
  • Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және мұражайландыру әдістері;
  • Тарихи пәндердегі пәнаралық әдістер

Конференцияның жұмысы 3 тілде – қазақ, орыс және ағылшын.

Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен археолог, этнограф, тарихшы ғалымдары, мәдениеттанушы, музей ісінің мамандары мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source