28.09.2024 ж. «Жер ағыны» атты халықаралық көрме
Құрметті өнер сүйер қауым, сіздерді 2024 жылдың 28 қыркүйегі сағат 12.00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Оңтүстік Кореяның (DIAEA) Тэджон қаласындағы халықаралық өнер алмасу қауымдастығы және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен өтетін «Жер ағыны» атты халықаралық 16-шы көрменің ашылуына шақырамыз!
Көрменің негізгі мақсаты – халықтар арасындағы өзара мәдени байланыс пен ынтымақтастықты қолдау және нығайту. Бейбітшілік пен тұрақтылықты, табиғат пен қоршаған ортаның сұлулығын насихаттау және әлемдегі табиғи апаттар мен адамның тікелей іс-әрекетінен болған экологиялық апаттарға назар аудару.
Көрмеде кескіндеме, мүсін, графика және аралас техникада орындалған туындылар қойылады. Суретшілер өз туындылары, бағыттары мен стильдері, жалпы заманауи өнер тілімен әлем халықтарының мәдени дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын дәріптеп, оны арттыруға үлес қосады.
Бұл көрмеге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері танымал қазақстандық суретшілер – Жұмақын Қайрамбаев, Болат Тұрғынбай, Бауыржан Байділда, Өмірбек Жұбаниязов, Малик Жунисбаев, Серік Тайнов, Болат Құсайынов, Естай Даубай т.б. қатысады.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстаздары мен магистранттары бірнеше рет Тэджон қаласында өткен халықаралық көрмелерге қатысса, кореялық суретшілер де өнер академиясында көрме өткізген.
«Жер ағыны» көрмесі бейнелеу өнері саласындағы жаңа заманауи бағыттағы өнер туындыларыларымен өз көрермендерінің көңілінен орын табады деп сенеміз.
Көрме қатысушыларын Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен ҚР суретшілер одағынан алғыс хаттарымен, сертификаттармен марапаттайды.
Көрме қонақтары: Қазақстан мен Оңтүстік Корея суретшілері, өнертанушылар, студенттер, БАҚ өкілдері және т.б.
Баршаңызды «Жер ағыны» халықаралық 16-шы көрмеге ШАҚЫРАМЫЗ!
Құрметті өнер сүйер қауым, сіздерді 2024 жылдың 28 қыркүйегі сағат 12.00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Оңтүстік Кореяның (DIAEA) Тэджон қаласындағы халықаралық өнер алмасу қауымдастығы және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен өтетін «Жер ағыны» атты халықаралық 16-шы көрменің ашылуына шақырамыз!
Көрменің негізгі мақсаты – халықтар арасындағы өзара мәдени байланыс пен ынтымақтастықты қолдау және нығайту. Бейбітшілік пен тұрақтылықты, табиғат пен қоршаған ортаның сұлулығын насихаттау және әлемдегі табиғи апаттар мен адамның тікелей іс-әрекетінен болған экологиялық апаттарға назар аудару.
Көрмеде кескіндеме, мүсін, графика және аралас техникада орындалған туындылар қойылады. Суретшілер өз туындылары, бағыттары мен стильдері, жалпы заманауи өнер тілімен әлем халықтарының мәдени дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын дәріптеп, оны арттыруға үлес қосады.
Бұл көрмеге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері танымал қазақстандық суретшілер – Жұмақын Қайрамбаев, Болат Тұрғынбай, Бауыржан Байділда, Өмірбек Жұбаниязов, Малик Жунисбаев, Серік Тайнов, Болат Құсайынов, Естай Даубай т.б. қатысады.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстаздары мен магистранттары бірнеше рет Тэджон қаласында өткен халықаралық көрмелерге қатысса, кореялық суретшілер де өнер академиясында көрме өткізген.
«Жер ағыны» көрмесі бейнелеу өнері саласындағы жаңа заманауи бағыттағы өнер туындыларыларымен өз көрермендерінің көңілінен орын табады деп сенеміз.
Көрме қатысушыларын Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен ҚР суретшілер одағынан алғыс хаттарымен, сертификаттармен марапаттайды.
Көрме қонақтары: Қазақстан мен Оңтүстік Корея суретшілері, өнертанушылар, студенттер, БАҚ өкілдері және т.б.
Баршаңызды «Жер ағыны» халықаралық 16-шы көрмеге ШАҚЫРАМЫЗ!
27.09.2024 ж. «Даму, инновациялар және ашықтық: жаңа дәуірде Қытайды жаңғыртуға қол жеткізу» көрмесі
2024 ж. 27 қыркүйек күні сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен ынтымақтастық аясында «Даму, инновациялар және ашықтық: жаңа дәуірде Қытайды жаңғыртуға қол жеткізу» көрмесін ашады. Бұл іс-шара музейдің ҚХР консулдығымен жемісті өзара іс-қимылының 20 жылдан астам дәстүрін жалғастырып, Қытайдың тарихы, мәдениеті мен өнеріне арналған мәдени байланыстарды дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Мәдениеттің түрлі аспектілеріне арналған жобаларды жүзеге асыру арқылы музей келушілерді Қытайдың бай тарихымен, мәдени дәстүрлерімен және заманауи дамуымен таныстыруды жалғастыруда.
Қытай жаңа дәуірдің басынан бастап Коммунистік партияның басшылығымен барлық реформаларды дәйекті түрде тереңдетіп, қытай үлгісіндегі жаңғыртуды алға тартты. Осы үдеріс барысында бірқатар стратегиялық бастамалар қабылданды, трансформациялық тәжірибелер енгізілді, серпінді нәтижелерге және елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл Қытайға социалистік жаңғыртылған мемлекеттің құрылыстағы жаңа кезеңге сеніммен кіруге мүмкіндік берді.
Даму – ел алдында тұрған барлық мәселелерді шешудің кілті деген қағидатты ұстана отырып, Қытай дәйекті түрде дамудың жаңа тұжырымдамасын енгізеді, оның жоғары сапада орындалуын қамтамасыз етуге баса назар аударады. Бұл экономикалық, ғылыми-техникалық, қорғаныс қуатын және жалпы ұлттық әлеуетті едәуір нығайтуға ықпал етті. Қытай бала күтімін, білім беру қызметтерін, жұмыспен қамтуды, медициналық қызмет көрсетуді, зейнетақымен қамсыздандыруды, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуде және халықтың осал топтарын қолдауда елеулі прогреске қол жеткізе отырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға басымдық береді. Сәйкесінше, халық арасында ризашылық, бақыт пен қауіпсіздік сезімі ұдайы өсіп келеді. Сондай-ақ, Қытай адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүру идеясын ілгерілетіп, «Жасыл» даму тұжырымдамасын талап ету арқылы «Әдемі Қытай» құрылысында үлкен қадамдар жасады.
60 астам фотопанельді қамтитын «Даму, инновациялар және ашықтық: жаңа дәуірде Қытайды жаңғыртуға қол жеткізу» көрмесі Қытайдың соңғы жылдардағы (2012-2024 жж.) түрлі салалардағы жетістіктері мен жаңғыру үдерісін, халықаралық ынтымақтастық саясаты мен дамуын айқын көрсетеді (2024 ж. 4 шілдеде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысы өтті, онда 26 қорытынды құжат қабылданды). Фотосуреттер Қытайдың экономикалық дамуы, ғарыш, су асты және авиация салаларындағы («Тяньвэнь» және «Чанъэ» бағдарламалары ғарыштың шексіз кеңістігін зерттейді, «Фэндоучжэ» және «Шэньхай-1» аппараттары теңіз тереңдіктерін бағындырды, ал «Айда-Моду» және ірі кең фюзеляжды C919 авиалайнері Қытай өндірісінің қарқынын дәлелдеді) жетістіктерін көрсетеді. Қытайдың басты жаңа жетістіктерінің қатарына көлік жабдықтары мен техникасын, жаңа энергия көздерін тұтынушы автомобильдерді, литий батареяларын және күн панельдерін дамыту кіреді. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы ынтымақтастық шеңберінде, 2023 ж. Астанаға Қытайда шығарылған Yutong автобустарының партиясын тапсыру рәсімі өтті.
Келушілер сонымен қатар өнеркәсіптің, роботатехниканың және цифрлық өндірістің дамуымен қатар, медициналық технологиялармен, денсалық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы жетістіктермен таныса алады. Фотосуреттер Қытайдың бай мәдени және табиғи мұраларының қазыналарын көрсетеді (2024 ж. Қытайдың Дүниежүзілік мұра нысандарының саны – 59-ға жетті).
27.09.2024 ж. «V Арғынбаев оқулары» халықаралық мерейтолық ғылыми-практикалық конференциясы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Қазақстан Республикасы ҒЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесіп 2024 жылы 27 қыркүйекте сағат 10.00-де көрнекті ғалым, этнограф, Х.А. Арғынбаевтың 100 жылдығына арналған «V Арғынбаев оқулары» халықаралық мерейтолық ғылыми-практикалық конференциясы басталады. Конференция аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі мен «Ғылым Ордасы» ШЖК РМК Орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен ғалымның еңбектері мен жеке заттарынан тұратын «Қазақтың біртуар этнограф ғалымы – Х.Арғынбаев» көрмесі ашылады.
Конференцияның мақсаты – этнограф Халел Арғынбаевтың ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы академиялық ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылау, «қазақ этнография мектебінің» негізін қалаған көрнекті ғалымның жетістіктерін көрсету, отандық этнология мен сабақтас пәндердің бүгінгі жағдайы мен болашақтағы дамуын талқылау, әріптестері мен шәкірттерінің ғалым туралы естеліктермен бөлісу.
Халел Арғынбаев (21 қыркүйек – 8 тамыз, 1998 ж.) – соғыстан кейінгі кезеңнің ірі этнограф-ғалымы, 1970–1990 жылдардың басы аралығындағы қазақ этнологтарының танымал көшбасшысы, тарих ғылымдарының докторы (1977), профессор (1982), Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімінің меңгерушісі (1976–1989). Ғалым отандық этнограф аға буындарының ішіндегі көрнекті өкілі, жаратылысы ерекше күрделі тағдыр иесі болған. 1943 жылдан 1945 жылдың мамырына дейін Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, «Отан соғысы» орденімен және «Әскери қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.
Өтетін орны: Алматы қ., Самал-1, 44 үй. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі
27.09.2024 ж. «Кемел Ақышев – Қазақстан археологиясының темірқазығы» көрмесі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі (әрі қарай – ҚР МОМ) 2024 жылы 27 қыркүйек, сағат 15.00-де көрнекті ғалым, археолог Кемел Ақышевтің 100 жылдық мерейтойына орай Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты ұйымдастырған «Қазіргі кезеңдегі Еуразия археологиясының көкжиектері мен парадигмалары» халықаралық симпозиумы аясында «Кемел Ақышев – Қазақстан археологиясының темірқазығы» көрмесін ұйымдастырады.
Көрме музейдің археология, этнография, фотоқұжаттар қоры материалдары мен ғалымның ғылыми еңбектері – монографиялары, мақалалары, кітаптардан алынған иллюстрациялары негізінде құрылды.
Кемел Ақышевтің есімі Қазақстанның академиялық археологиясын ұйымдастырушы, отандық гуманитарлық ғылымның дамуына зор үлес қосқан ғалым ретінде кеңінен танымал. К.А. Ақышевтың ғылымда қалдырған мұралары әлемдік мәдениеттке қосқан баға жетпес қазына саналады.
К. Ақышевтің ғылыми зерттеу ауқымына Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері; ерте темір дәуірінде Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың ескерткіштері, атап айтқанда олардың әлеуметтік-экономикалық, материалдық және рухани өмірімен байланысты мәселелері; сондай-ақ қазақ тарихымен тікелей байланысты ортағасырлық, кейінгі ортағасыр мен қазіргі заманның этнографиялық ескерткіштері кірді.
Көрменің мақсаты: ғалым Қ.Ақышевтың өмірі мен кәсіби жолын көрсету, сондай-ақ оның Қазақстан мен жалпы ежелгі және ортағасырлық Еуразияның мәдени-әлеуметтік-саяси генезисін зерттеудегі отандық ғылымның дамуына қосқан үлесін насихаттау. Көрменің маңызды мақсаттарының бірі – келушілерді ғалым Қ.Ақышевтың өмірі және ғылыми қызметімен таныстыру.
Көрме материалдары алты кешенмен көрсетілетін болады:
І. Орталық Қазақстан археологиялық экспедицияларының, атап айтқанда К. Ақышев 1951-1952 жылдары басқарған Нұра экспедициясының Нұра, Шерубай-Нұра, Жақсы мен Жаман Сарысу өзендері аңғарларындағы қорымдардан жинаған материалдары;
ІІ. Іле археологиялық экспедициясының (1954 ж.) Жетісу аумағындағы үйсіндердің материалдық мәдениетін бейнелеуге, оның эволюциясын бақылауға мүмкіндік беретін ескерткіштерінен жинастырған материалдары;
ІІІ. Бесшатыр қорғанындағы жерлеу орнынан алынған Тянь-Шань шыршасының бірнеше бөренелері;
IV. 1956-1991 жылдардағы Жетісу археологиялық экспедициясының материалдары –сақтардың Сарытоғай қонысынан алынған материалдары (б.з. I-III ғғ.); 1985 жылы түсірілген қыстаулардың топографиялық жобалары, суару құрылыстары, су диірмендері, ірі тас блоктардан жасалған қоршаулардың суреттері; әртүрлі кезеңге жататын Сұлу Қоян қорымының қазба материалдары; 1982 жылдың көктемінде Шеңгелді ауылының шетінен анықталған XIII-XIV ғасырларда өмір сүрген белгісіз Шыңғыс әулеті билеушісінің жерлеу орны;
V. 1969-1976 жылдардағы Отырар археологиялық экспедициясының материалдары. 1969 жылы Отырар археологиялық экспедициясы ұйымдастырылып, 1971 жылы ҚазКСР ҒА Атом энергиясы институтының Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы болып өзгертілді. Негізгі зерттеу нысаны – Отырар төбе қалашығы деп белгіленді. Ескерткіш аумағын аэрофототүсіру жұмыстары жасалып, бірнеше жерде археологиялық зерттеулер жүргізілген;
VI. К.А. Ақышевтің фотоқұжаттары мен жеке заттары. Қ.Ақышевтың өмірбаяны мен шығармашылық мұрасына байланысты – ғалым өміріндегі басты оқиғаларды бейнелейтін фотосуреттер, жеке заттары, құжаттары, медальдары, марапаттары мен дипломдары ұсынылады.
16.09.2024 ж. «ЮНЕСКО-ның суасты мәдени мұрасы» фотокөрмесі
ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі бірлесіп 2024 ж. 16-23 қыркүйек аралығында Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын «ЮНЕСКО-ның суасты мәдени мұрасы» фотокөрмесімен таныстырады.
Мұхиттар, теңiздер, көлдер мен өзендердің түбі баға жетпес қазыналарға толы және ол бізге белгiсiз әрі бағаланбаған күйiнде қалып отыр. Алайда суасты мәдени мұралары (САММ) қазына іздеушілік, тонаушылық және коммерциялық пайдаланудан туындайтын қауіп-қатерлерге тап болуда. Оның сақталуына қоршаған ортаның бұзылуы мен климаттың өзгеруі, жағалау маңындағы аймақтарды игеру мен теңіз ресурстарын пайдалануды арттыратын технологиялық дамуы да қатар қауіп төндіруде.
Ешкім білмейтін нәрсені қорғай алмайды. Атақты капитан Жак-Ив Кусто айтқандай: «Біз тамсанғанымызды жақсы көреміз және жақсы көргенімізді қорғаймыз». Бүгінде бұл суасты мұраларына тонаушылық пен коммерциялық пайдаланудың қатерлерімен қатар, жаһандық жылыну, судың қышқылдануы мен ластануы да өз әсерлерін тигізуде.
2018 жылы Жерорта теңізінің екі жағындағы Италиялық және Тунистік континенттік жағалаулық топтарға ұйымдасқан сегіз ел суасты мәдени мұраларын қорғау және зерттеу үшін күш біріктірді. Бұл 2022 жылы басталған ЮНЕСКО демеушілігімен бұрын-соңды қолға алынған суасты мәдени мұраларын қорғау бойынша ең үлкен және ең озық халықаралық миссияның бастамасы болды.
Алжир, Хорватия, Египет, Франция, Италия, Марокко, Испания және Тунистен келген зерттеушілер осы халықаралық суасты археологиялық миссиясы шеңберінде ынтымақтасты. Ол «Альфред Мерлин» француз ғылыми кемесінің бортында 14 күн бойы өтті және екі дербес жобаны қамтыды:
• «Скерки Банкі, Тунис континенттік жағалауы»;
• «Балларда-МакКанның ізімен (1980-2000 жылдардағы американдық экспедициялар), Италия континенттік жағалауы».
Фотокөрмеде музей қонақтарына суасты мәдени мұраларын бейнелейтін 25-тен астам жұмыс ұсынылмақ.