авто

Переключатель языков

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Отбасы күніне орай «МЕНІҢ ОТБАСЫМНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» атты мәдени - білім беру қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара жас отбасылар арасында отбасылық және тарихи құндылықтарды насихаттауға, сондай-ақ көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған.

Аталмыш іс-шараға көп балалы отбасылар, Медеу ауданының «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының тәрбиеленушілері, № 169 мектеп-лицейі мен «SMART» балалар білім беру орталығының балалары мен ата-аналары қатысты.

Іс-шараның ашылу салтанатында ҚР Орталық музейінің мәдени – білім беру жұмысы бөлімінің жетекшісі Анна Кущенко, Медеу ауданының «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының меңгерушісі Айдана Шыныбекова, суретші – кескіндемеші Лидия Дроздова сөз сөйледі.

Осы мереке күні Алматы қаласының отбасылары үшін ҚР Орталық музейі суретшілермен және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерімен бірлесіп саз бен ермексаздан мүсіндеу, кескіндеме және гипс бұйымдарын кескіндеу бойынша шеберлік сыныптарын өткізді, сонымен қатар Медеу ауданының «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының тәрбиеленушілері концерттік қойылым ұйымдастырды.

Балалар мен олардың ата-аналары «Мен өз елімнің тарихын білемін» және «Өз отбасыңның гүлін жаса» интеллектуалдық ойын-викторинасына белсенді қатысты. Іс-шараның барлық қатысушыларына орталық музей және демеушілер атынан («GALANZ BOTTLERS» АҚ («MAXI шай» сауда маркасы) алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Қатысушылар «Менің Үйім - менің отбасым» атты балалар суреттерінің көрмесімен танысты. Мәдени-білім беру қайырымдылық іс-шарасына 20 көп балалы отбасы қатысты.

 

tsennosti-semii-1 tsennosti-semii-2
tsennosti-semii-4 tsennosti-semii-4
tsennosti-semii-5 tsennosti-semii-6

2017 жылдың 31 қазанында қабылданған «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына орай «5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні» ретінде аталып өтеді. Оның өзіндік себебі бар. Бұл күн қазақ халқының тағдыры мен тілінің жанашыры, Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыған орай, ҚР МОМ-де Ұлы тұлғаға арналған музейлік сабақ өтті. Сабаққа Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаттың 9 «а» сынып оқушылары қатысты. Музейдің 3 залында өткізілген сабақ барысында, оқушылар А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы жайлы жан-жақты мәліметтер алды. Сонымен қатар, «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, қуғын-сүргінге ұшыраған басқа да арыстарымыз жайлы, олардың қиын тағдырлары туралы мәліметтермен танысты. Оқушыларға аталған тақырыптағы сабақ қызықты болды. Олар сабаққа белсене қатысып, Ұлы тұлғаға өз өлең мен жырларын арнады. Өнерлі оқушылар қатарында Сейтжанұлы Ерасыл, Нәдірбек Елдос, Ғаппар Бақзада мен Акишева Нұрайды атасақ болады.

 

 

 Құрметті музей көрермендері!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінің негізгі алаңында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 26.08.2022 ж бастап музейге кіру сызбанұсқасын назарларыңызға ұсына отырып уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

vhod-muzey

 

Құрметті музейге келушілер!

01.09.2022 бастап музей бұрынғы жұмыс кестесіне ауысады.
Аптасына жеті күн 9.00-18.00.
Әр айдың соңғы сейсенбісі – техникалық күн (музейге келушілер үшін жабық болады.)
Билет бағасы :
Ересектерге - 500 теңге
Оқушыларға - 200 теңге
Зейнеткерлерге,студенттерге - 300 теңге
Толық ақпарат ресми сайтта.


23 тамыз күні сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде Спорт күніне орай Алматы қаласының мемлекеттік және жеке меншік жалпы білім беру мектептерінің, лицей және гимназия оқушылары арасында «МУЗЕЙ КУБОГЫ» ұлттық ойындары бойынша қалалық спорттық турнир өткізілді.

Іс-шараны Білім басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелі орталығы» директордың міндетін атқарушы Елемесов Бахтияр Асқарұлы ашып, оқушыларды Спорт күнімен құттықтап, өзінің жылы лебізіндерін білдірді.

Аталған іс-шараға ҚР Орталық музейі «Музей қорындағы кубоктар» экспозициясын дайындап, қатысушыларды 1982 жылы өткен халықаралық жарыстардағы біріншілігі үшін бокстан Еңбек сіңірген спорт шебері С. Қонақбаевтың кубогы; волейболдан КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы О. Жарылқановтың 1982 жылы өткен жарыстардағы біріншілігі үшін, Ш. Омаровқа тиесілі Қазақстан Республикасы футбол қауымдастығының Кубогы және т. б. таныстырылды.

«МУЗЕЙ КУБОГЫ» спорттық турнирі 7-16 жас аралығындағы балалар үшін «асық ату», «бес асық» «тоғызқұмалақ», «арқан тарту» ұлттық ойындары бойынша өтті. Турнир қатысушыларын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі директоры Рашида Ерімқызы Харипова құттықтап, жарыс қорытындысы бойынша спорт секцияларының жеңімпаздары мен жаттықтырушыларына музейден кубоктар, медальдар мен дипломдар табыс етті. Іс – шараға Алматы қаласының 8 ауданынан 100-ден астам бала қатысты.

«МУЗЕЙ КУБОГЫ» спорттық турнирі Алматы қаласы «МУЗЕЙ КУБОГЫ» спорттық турнирі Алматы қаласы
«МУЗЕЙ КУБОГЫ» спорттық турнирі Алматы қаласы «МУЗЕЙ КУБОГЫ» спорттық турнирі Алматы қаласы
«МУЗЕЙ КУБОГЫ» спорттық турнирі Алматы қаласы «МУЗЕЙ КУБОГЫ» спорттық турнирі Алматы қаласы
«МУЗЕЙ КУБОГЫ» спорттық турнирі Алматы қаласы «МУЗЕЙ КУБОГЫ» спорттық турнирі Алматы қаласы

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source