авто

Переключатель языков

Құрметті музейге келушілер!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі сайтына қош келдіңіздер! Сайттан сіздер музейіміз жайлы ақпарат, жұмыстардың негізгі бағыттары, өткізілетін іс - шаралар мен көрмелер туралы көптеген мәліметтер ала аласыздар, коллекциялармен және көрсетілетін қызметтермен танысасыздар.

«Музей туралы» бөлімінен сіздер Музей тарихы, ұсынылатын қызметтер, бағалар мен бізді қалай табуға және байланысуға болатыны жайлы ақпаратты табасыздар.

«Экспозициялар» бөлімінен сіздер музейдің экспозициялық залдары бойынша виртуалды саяхат жасай аласыздар және мынадай тұрақты 7 зал: «Палеонтология және археология», «Тарихи-этнография», «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында және диаспоралар мәдениеті», «Тәуелсіз Қазақстан», «Ашық қор», «Антропология музейі», «Суретші-этнограф Н.Г. Хлудов» залы туралы ақпарат ала аласыздар.

«Коллекциялар» бөлімі музейдің қорларда сақталған ерекше-бірегей және сирек кездесетін коллекцияларын таныстырады.

«Ғылыми-қор қызметі» бөлімі қызығушылық танытушыларды музейдің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен (Ғылыми Кеңес, жарияланымдар, еңбектер, ғылыми-қолданбалы жобалар, ғылыми конференциялар мен семинарлар, экспедициялар) таныстырады. Музейдің қор экспонаттарымен жұмыс істейтін мамандардың жұмысы туралы баяндайды.

«Мәдени-білім жұмысы» бөлімінен сіздер музей мамандары өткізген дәрістер, тақырыптық және шолу экскурсиялар, музей сабақтары, іс-шаралар, Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы әзірленген білім беру бағдарламалары, ҚР МОМ қор коллекцияларынан және жеке жиналымдарынан өткізілген көрмелер жайлы ақпарат ала аласыздар.

«Қонақ кітабы» бөлімінде музей қызметі жайлы алған әсерлеріңіз бен өз ой-пікірлеріңізді қалдыра аласыздар!


 


 

 

Басты тақырып - Астанаға 20 жыл (Толық нұсқа)

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source