Билеттер
Мәзір
Билеттер

Музейге келу ережелері

  • Музейге келу бекітілген жұмыс режиміне сәйкес жүзеге асырылады.
  • Музейге кіру үшін келуші кіру билетін немесе жеңілдікпен не  тегін кіру құқығын растайтын тиісті құжатты ұсынуға міндетті.
  • Кіру билеті Музейге келу аяқталғанға дейін сақталуы және Музей қызметкерлерінің талабы бойынша көрсетілуі тиіс.
  • Экскурсиялық қызмет алдын ала жазылу негізінде немесе бекітілген кестеге сәйкес көрсетіледі.
  • Ұйымдастырылған топтардың Музейге келуі Музей әкімшілігімен алдын ала келісу арқылы жүзеге асырылады.
  • Музей әкімшілігінің алдын ала келісімінсіз экспозициялық залдарда топтар үшін дербес экскурсиялар, дәрістер және өзге де іс-шаралар өткізуге рұқсат етілмейді.
  • Қазақстан Республикасының барлық санаттағы  азаматтары үшін  әр айдың үшінші жексенбісінде музейдің негізгі экспозиция залдарына кіру тегін.
  • Ірі мәдени іс-шаралар немесе уақытша көрмелер өткізу кезінде келушілер музейдің осы қағидаларын сақтауға міндетті.
    • Көрменің ашылу күні шақыру билеті бойынша көрсетілген уақытта көрмеге кіру тегін жүзеге асырылады. Алайда осы күні музейдің тұрақты экспозициялық залдарын аралағыңыз келсе, кассадан кіру билетін сатып алуыңыз қажет.
    • Көрмелер музейдің бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді.
  • Келушілерге рұқсат етіледі:
    • тұрақты экспозициялар мен уақытша көрмелерді тамашалауға;
    • экскурсовод қызметтерін пайдалануға;
    • кеңес және қажетті көмек алу үшін Музей қызметкерлеріне жүгінуге;
    • ұялы телефондарды тек дыбыссыз режимде пайдалануға.
  • Келушілерге тыйым салынады:
    • музей заттарына, витриналарға, экспозициялық жабдықтарға және экспозиция элементтеріне қол тигізуге;
    • Музейдің экспозициялық, көрме және өзге де үй-жайларында Музей әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 307-НҚ «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы» бұйрығына 16-қосымшаның 1-тармағына сәйкес фото-, кино- және бейнетүсірілім жүргізуге;
    • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 4 шілдедегі №307-НҚ «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы» бұйрығына 16-қосымшаның 1-тармағына сәйкес Музей әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз нобайлық суреттер, сызбалар орындауға, музей заттарының, экспозициялар мен көрмелердің көшірмелерін жасауға;
    • штативтерді, моноподтарды, дрондарды, жарықтандыру жабдықтарын және өзге де арнайы техниканы пайдалануға;
    • қоршаулардан өтуге, витриналарды ашуға, музей заттары мен экспозиция элементтерін орнынан қозғауға;
    • қатты сөйлеуге, жүгіруге, дыбыс шығаратын құрылғыларды құлаққапсыз пайдалануға, қоғамдық тәртіпті бұзатын немесе өзге келушілерге кедергі келтіретін әрекеттер жасауға;
    • экспозициялық және көрме залдарында тамақтануға және сусын ішуге;
    • Музей үй-жайларында темекі шегуге, электрондық темекілерді, темекіні қыздыру жүйелерін және никотин бар өзге де өнімдерді пайдалануға;
    • алкогольдік ішімдіктің, есірткілік немесе уытты заттардың әсерінен мас күйде болуға;
    • қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш, тез тұтанатын, уытты, радиоактивті және өзге де қауіпті заттар мен бұйымдарды Музейге алып кіруге;
    • Музей әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз экскурсиялар өткізуге, коммерциялық, жарнамалық, ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ өзге де іс-шаралар ұйымдастыруға.
    • Экспозициялық залдарға өлшемі 40 см-ден асатын чемодандар мен сөмкелеріңізді алып кіруге болмайды. Оларды арнайы бөлінген сақтау орындарына (сақтау жәшіктеріне немесе гардеробқа) тегін тапсыруға болады. Балалар арбалары бірінші қабаттың кіреберіс вестибюлінде қалдырылады.
    • Музей келушілердің жеке заттарының жоғалуына немесе ұрлануына жауапты болмайды. Құнды заттарыңызды өзіңізбен бірге алып жүруіңізді сұраймыз. Егер жеке затыңызды жоғалтып алсаңыз, ақпараттық тіркеу орнына зат туралы толық мәлімет қалдырыңыз.
  •  Балалармен бірге келу
    • Кәмелетке толмаған келушілер Музейге, егер Музей әкімшілігі өзгеше белгілемесе, ата-аналарымен, заңды өкілдерімен не еріп жүруші тұлғасы бар ұйымдастырылған топ құрамында келеді.
    • Ата-аналар, заңды өкілдер және алып жүруші тұлғалар балалардың осы Ережелерді сақтауына және олардың қауіпсіздігіне жауапты болады.
  • Келушілердің жауапкершілігі
    • Келушілер осы Ережелерді сақтауға және Музей қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға міндетті.
    • Осы Ережелер бұзылған жағдайда келуші Музей аумағынан шығарылуы мүмкін, бұл ретте кіру билетінің құны қайтарылмайды.
    • Музей заттарына, экспозицияларға, жабдықтарға немесе Музейдің өзге де мүлкіне залал келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады және келтірілген залалды өтейді.
    • Қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда Музей әкімшілігі құқық қорғау органдарына жүгінуге құқылы.