авто

Переключатель языков

16.09.2022 ж. «Графика, плакаттар, анаморфоздар» атты көрмесі

2022 жылдың 16 қыркүйегінде ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Мажар суретшісі, графикші, аниматор, жазушы, Мажар Өнер академиясының мүшесі, Кошут атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты Иштван Оростың «Графика, плакаттар, анаморфоздар»атты көрмесінің ашылуы өтті. Көрме Мажарстан мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Алматыдағы Мажарстанның Бас консулдығымен ынтымақтастықта ұйымдастырылды. Жобаның серіктестері: Қазақстандағы «Гедеон Рихтер» өкілдігі және MOL GROUP.

Көрменің ресми ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Харипова, Венгрияның Бас консулы Ференц Блауманн сөз сөйледі, сондай-ақ Иштван Мандоки атындағы № 154 мектептің «Аққу» балалар фольклорлық оркестрі Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» және Құрманғазының «Балбырауын» күйлері орындап, Иштван Оростың «Дұға» өлеңімен жалғасты.

Иштван Орос - классикалық бейнелеу өнері мектебінің шәкірті бола отырып, ғасырлар бойғы көркемдік дәстүрлер мен батыл инновациялық идеялар тоғысатын өзінің ерекше, қайталанбас стилін жасай алатын танымал суретші.

Музей қонақтары суретшінің түрлі жанр мен техникада орындалған «импоссилибизм», «оп-арт» плакаты мен гравюралық техникасымен танысты.

Көрмеге Иштван Оростың 50-ден астам жұмыстары қойылған. Суретшінің шығармаларының ішінде –«Жасырын жүздер», «Айналар мен шағылысулар», «Болмау», «Елшінің Анаморфоздары», «Вавилон», «Арал» және т. б. қойылған.

«Графика, плакаттар, анаморфоздар» көрмесі Қазақстан-Венгрия қарым-қатынастарын және елдер арасындағы этномәдени алмасуды нығайтуға ықпал етеді.

vengri-1 vengri-2
vengri-3 vengri-4
vengri-5 vengri-6

Көрме 2022 жылдың 28 қыркүйегіне дейін жалғасады.

 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source