авто

Переключатель языков

09.09.2022 ж, «МЕНІҢ ОТБАСЫМНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» атты мәдени - білім беру қайырымдылық іс-шарасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Отбасы күніне орай «МЕНІҢ ОТБАСЫМНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» атты мәдени - білім беру қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара жас отбасылар арасында отбасылық және тарихи құндылықтарды насихаттауға, сондай-ақ көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған.

Аталмыш іс-шараға көп балалы отбасылар, Медеу ауданының «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының тәрбиеленушілері, № 169 мектеп-лицейі мен «SMART» балалар білім беру орталығының балалары мен ата-аналары қатысты.

Іс-шараның ашылу салтанатында ҚР Орталық музейінің мәдени – білім беру жұмысы бөлімінің жетекшісі Анна Кущенко, Медеу ауданының «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының меңгерушісі Айдана Шыныбекова, суретші – кескіндемеші Лидия Дроздова сөз сөйледі.

Осы мереке күні Алматы қаласының отбасылары үшін ҚР Орталық музейі суретшілермен және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерімен бірлесіп саз бен ермексаздан мүсіндеу, кескіндеме және гипс бұйымдарын кескіндеу бойынша шеберлік сыныптарын өткізді, сонымен қатар Медеу ауданының «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының тәрбиеленушілері концерттік қойылым ұйымдастырды.

Балалар мен олардың ата-аналары «Мен өз елімнің тарихын білемін» және «Өз отбасыңның гүлін жаса» интеллектуалдық ойын-викторинасына белсенді қатысты. Іс-шараның барлық қатысушыларына орталық музей және демеушілер атынан («GALANZ BOTTLERS» АҚ («MAXI шай» сауда маркасы) алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Қатысушылар «Менің Үйім - менің отбасым» атты балалар суреттерінің көрмесімен танысты. Мәдени-білім беру қайырымдылық іс-шарасына 20 көп балалы отбасы қатысты.

 

tsennosti-semii-1 tsennosti-semii-2
tsennosti-semii-4 tsennosti-semii-4
tsennosti-semii-5 tsennosti-semii-6

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source