авто

Переключатель языков

 Құрметті алматылықтар және қала қонақтары! 2022 жылдың 27 қыркүйегінде музейде санитарлық күн өткізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты көрме залдары келушілер үшін жабық болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

10.08.2022 г. Абай күніне орай «Жүректің көзі ашылса...» атты әдеби-шығармашылық кеші

Абай күніне орай «Жүректің көзі ашылса...» атты әдеби-шығармашылық кешіАғымдағы жылдың 10 тамызында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі ҚР Жазушылар Одағымен бірлесіп, Абай күніне орай «Жүректің көзі ашылса...» атты әдеби-шығармашылық кеш өткізеді.

Абай күні – қазақтың ізгілік пен өркениет өріне басқан тағы да бір қайырлы қада­мы! Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ұсынысымен Мемлекет басшысы 10 тамызды, яғни, ұлы Абай Құнанбайұлының туған күнін «Абай күні» деп белгіледі. Әр жылы 10 тамыз – Абай күні болып мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Сондай-ақ жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтілетін болды.

Абайдың рухына тағзым ету – оның қағидатын ұстану, аманатына адал болу. Сонда ғана жас ұрпақтың санасына қастерлі құндылықтарды сіңіреміз.  Абай күні – қазақтардың мәдениеті, әдебиеті мен поэзиясы күні.

Абай күні – қазақ халқының рухы. Бұл күн біз үшін әрқашан қасиетті болуы керек, өйткені бұл ұлы поэзия күні. Келешек ұрпақ өз дүниетанымын Абай жырынан, Абай ілімінен табады. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деген ақын аманаты әр адамның жүрегіне ой салып келеді.

Іс-шара аясында Темірен театрының «Жүректің көзі ашылса...» атты моно-драмадан үзінді композициясы, талантты ақындар мен танымал әншілердің қатысумен ән-жыр шашу, сонымен қатар ҚР МОМ коллекциясынан «Ұлы даланың ұлы ақыны-Абай» шағын көрмесін тамашалай аласыздар. Келіңіздер, көріңіздер. Мөлдіреп аққан ұлылықтың бұлағынан сусындаңыздар!!

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source