авто

Переключатель языков

Қателік
  • Error loading component: com_media, 1
  • Error loading component: com_phocaguestbook, 1

17.10.2024 ж. «Ғажайып әлем - ғажайып көздермен» балалар шығармашылығына арналған көрмесі

2024 жылы 17 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «СИНЯЯ ЧЕРЕПАХА» бейнелеу және қолданбалы өнер студиясының – «Ғажайып әлем - ғажайып көздермен» балалар шығармашылығына арналған көрмесін ашады.

Көрменің атауы да кездейсоқ таңдалмаған – оның қатысушылары жас суретшілер, олардың ең кішкентайының жасы небәрі 4-те. Балалардың жұмыстары шынайылыққа толы, өйткені шығармашылық таза жүректен шыққанда ерекше мәнге ие болады. Балалар өз өнерімен ересектердің жиі назардан тыс қалдыратын нәрселерін ерекше мағынамен байытады. Экспозиция нақты тақырыппен шектелмеген, бұл әрбір жас авторға ішкі әлемін және қоршаған ортаны қабылдауын ашуға мүмкіндік береді.

afisha sherepaha

Көптеген қатысушылар үшін бұл көрме өз туындыларын кәсіби галереяда көпшілік назарына ұсынудың алғашқы тәжірибесі болса, ал кейбіреулері Орталық көрме залында, Суретшілер одағының галереясында және Алматы қаласы музейінде көрмелерін өткізіп үлгерген.

«СИНЯЯ ЧЕРЕПАХА» – 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан Алматы қаласындағы ең алғашқы бейнелеу және қолданбалы өнер студияларының бірі. 2003 жылдан бері студия жыл сайын өз шәкірттерінің жұмыстарынан көрмелер ұйымдастырып, жас суретшілерге шығармашылық жетістіктерін көрсетуге тамаша мүмкіндіктер жасап келеді. Жыл сайын түлектер беделді халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанып жүр, ал көпшілігі үшін өнер хобби ғана емес, кәсіби таңдау болды. Бірқатар шәкірттер Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттерінде, соның ішінде: Лондон өнер университеті, Вена қолданбалы өнер университеті, Глостершир университеті, Оңтүстік Калифорния сәулет институты, Шығыс Жерорта теңізі университеті және Балтық федералды университеттерінде білімдерін жалғастыруда. Студия түлектерінің бірі Лааль Авгамбаева 17 жасында «Кәсіби подиумдағы ТМД-ның ең жас дизайнері» атанып, 2023 жылдың қыркүйегінде Лондон сән апталығына қатысты.

Экспозицияға кескіндеме, графика, мүсін, квиллинг, жібекке және әйнекке сурет салу сияқты әртүрлі техникада орындалған 50 жұмыс кіреді. Бұл туындылар жас суретшілердің таусылмас шығармашылық қиялын және олардың әлемді қабылдауының ерекшелігін көрсетеді. Көрмеге қатысушылардың әрқайсысы, көркем бейнелерді жасауда өзіндік бірегей көзқарасын танытып, бұл экспозицияны ерекше қызықты және жан-жақты етеді. Жұмыстар балалар шығармашылығына тән қасиет – шынайылық пен дүниені қабылдаудың жарқын бейнесімен ерекшеленеді. Ол көрермендерді, жасына қарамай таң қалдырып, шабыттандыра алады деп сенеміз.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source