авто

Переключатель языков

27.12.2022 ж. Балалар жылының аяқталуына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ» іс-шарасы

2022 жылдың 27 желтоқсанында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде еліміздегі Балалар жылының аяқталуына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ» атты іс-шара өтеді.

Жыл бойы ҚР орталық музейі балаларды ұлттық құндылықтарға баулуға және тарихи мұраны зерттеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырды, көптеген республикалық көрмелер, конкурстар, балалар фестивальдері мен мерекелерін өткізді. Орталық музейдің мәдени-білім беру жұмысында ерекше балаларды қолдауға арналған инклюзивті білім беру бағдарламалары және оқушыларды ғылыми зерттеулерге, жобалық жұмыстарға тарту мақсатында байқаулар ерекше орын алды. Іске асырылған жобалар мен байқаулардың нәтижелері бойынша жыл қорытындысы шығарылды.

Іс-шара бағдарламасында:

  • «Менің қаламдағы музей» I республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарын келесі номинациялар бойынша марапаттау:
    1. Ұлт ұстазы А. Байтұрсынов атындағы номинациясы;
    2. «Музей қорындағы мемлекет және қоғам қайраткерлерінің және басқа да жекелеген тарихи тұлғалардың мәдени-мұрасының ұрпақ тәрбиесінде алатын орны»;
    3. «Музей жәдігері-рухани құндылық»;
    4. «Музей қызметінің маңызы мен мәні (музейде қызмет атқарған және атқаратын тұлғалар)».
  • Алматы қаласы мен Алматы облысының жалпы білім беретін мектептері мен мектеп-интернаттары арасындағы ұлттық ойындар бойынша «Музей Кубогы» спартакиадасының жеңімпаздарын номинациялар бойынша марапаттау: «Асық ату», «Бес асық», «Тоғыз құмалақ», «Арқан тарту».
  • «Жас экскурсия жүргізушісі» үйірмесінің жеңімпаздары мен мүшелеріне сертификаттар тапсырылады.
  • Музейдің инклюзивті бағдарламаларын іске асыру аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қолдан жасалған бұйымдары (суреттер мен қолдан жасалған заттар) ұсынылатын «Өмір ағашы - шығармашылық ағашы» шығармашылық бұрышының ашылуы.
  • Балалар Коворкинг орталығында ерекше балаларға арналған «Менің Отаным – Қазақстан» музей сабағы.  
  • «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық балалар шығармашылық көрмесімен таныстыру.
  • Балалар музыкалық топтарының қатысуымен концерттік бағдарлама.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source