авто

Переключатель языков

24.12.2021 ж. «Жаңа жылдық ғажайыптар» қайырымдылық акциясы

ҚР Мемлекеттік орталық музейі 20 жыл бойы жыл сайын түрлі дамуында ақауы бар және мүмкіндігі шектеулі тұрақты медициналық емделуде, түрлі аурулары және мүгедектігі бар балаларға, сондай-ақ жетім балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған қайырымдылық акцияларын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келеді.

«Жаңа жылдық ғажайыптар»2021 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жаңа жылдық ғажайыптар» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып өткізеді.

Бұл акция музей үшін балаларға қуаныш сыйлайтын жақсы дәстүрге айналды.

Акция аясында музей қызметкерлері балаларға арналған сыйлықтарын отбасына барып табыс етеді.

Бұл акция бақыт пен қуаныш әкеледі деп үміттенеміз, өйткені Жаңа жыл - бұл нағыз ертегі, жақын достарымен және туыстарымен кездесу уақыты.

Акцияны қолдағандар: «Аламәт» продюсерлік орталығы, «Мирас» аналар қоғамы, «Скиф Трейд» ЖШС, «Ақсай-нан» ЖШС, «Бисквит» ЖШС, «Magnum Cash&Carry» ЖШС, CEZARO ЖК, «Алатау - құс» ЖШС, «МЕТРО Кэш энд Керри», «Мейірім» ҚҚҚ, ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source