авто

Переключатель языков

14.04.2022 ж. «Балалар әлемі!» республикалық балалар шығармашылығы көрмесі

2022 жылдың 14 сәуірінде сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Балалар жылы» аясында «Балалар әлемі!» атты республикалық балалар шығармашылығы көрмесінің ашылуы өтеді.

«Балалар әлемі!» республикалық балалар шығармашылығы көрмесіҚазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, жаңа кірген Барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялады. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз.

Көрменің мақсаты: балалардың эстетикалық тәрбиесін дамыту және балалардың көркем шығармашылығын насихаттау. Өскелең ұрпақтың рухани үйлесімді тұлғасын, отанымыздың көркемдік әлеуетін дамыту үшін балаларды ерте жастан өнерге деген сүйіспеншілікке дамыту және тәрбиелеу қажет. Олардың сұлулыққа деген құштарлығы ересек суретшілер үшін үлгі болып табылады. Қазіргі уақытта еліміздің педагогикалық қоғамдастығы өскелең ұрпақты ұлттық бейнелеу өнерінің құпиялары мен қыр-сырына үйрету үшін тынымсыз еңбек етуде, өнер арқылы оларды қазіргі заманғы көркемдік бағыттармен таныстырады, эстетикалық тәрбиені, сұлулықты дұрыс түсінуді қалыптастырады.

Көрмеге 7 мен 18 жас аралығындағы еліміздің түпкір-түпкірінен іріктелген дарынды балалардың шығармашылық жұмыстары қойылады. Әр түрлі техникадағы және әр түрлі материалдардан (ағаш, металл, пластмаса, мата, жүн және т.б.) жұмыстар, сурет, графика, мүсіндер мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары қойылады. Бұл көрмеде балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятып, шығармашылық қиялын дамыту үрдісін белгілі жүйеде көрсетеді. Шығармашылық жұмыстар арқылы әр елден келген балалар құрдастарының тұрмысы мен дәстүрлерін, ұлттық және мәдени ерекшеліктерін түсінуге үйренеді.

Көрме 2022 жылдың 24 сәуіріне дейін жалғасады

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source