авто

Переключатель языков

18.03.2022 ж. Германияның озық зерттеу жобаларына арналған Халықаралық жылжымалы жаратылыстану- ғылыми интерактивті «Ғалам. Адам. Интеллект» атты көрме

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласындағы Гёте институтымен бірлесіп, 2022 жылдың 18 наурызында сағат 15.00-де Германияның озық зерттеу жобаларына арналған Халықаралық жылжымалы жаратылыстану- ғылыми интерактивті «Ғалам. Адам. Интеллект» атты көрмені ашады.
«Ғалам. Адам. Интеллект» атты көрмеИнтерактивті экспозиция адамзат пен ғаламның Ұлы құпиялары, ғылыми ойдың жетістіктері туралы баяндайтын және ғылым мен қоғам үшін өзекті мәселелер туралы ойлануға мәжбүр ететін иллюстрациялар, бейнелер, ғылыми-зерттеу жобалары мен кеңейтілген шындық модульдері форматында ұсынылған.
Көрменің мақсаты – ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылы жариялаған «Қазақстандағы балалар жылы» аясында жастар мен оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына, зерттеулерге, оларды өз бетінше ойлауға, сондай-ақ Германия мен неміс тіліне деген қызығушылығын ояту.
«Ғалам. Адам. Интеллект» атты көрме бес бөлімнен тұрады: «Ғалам», «Homo sapiens жолы», «Ой сана», «Антропоцендегі өмір» және «Жасанды интеллект», онда интерактивті форматтар қолданылады. Толықтырылған ақиқат элементтері бар AR станциялары көптеген мысалы: 40 000 мың жыл болған сүйек флейтаның үні қалай естіледі немесе жер бетінде алтынның пайда болғандығы туралы білуге көмектеседі. Экспонаттардың барлығы дерлік интерактивті: бұл дыбыстық және бейне инсталляциялар, адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсеріне арналған зертханалық сөре, ғарыштағы қашықтықты көрсететін шар және басқалар. Арнайы QR-кодтарды сканерлеп, көрмеге келушілер қосымша материалдарға қол жеткізе алады. Экспозиция ең алдымен неміс тілін үйренетін оқушылар тобына бағытталған – оларға неміс немесе орыс тілдерінде интерактивті экскурсия-квест ұсынылады. Көрмеге барлық ниет білдіруші балалар, білім беру мекемелері және заманауи ғылыми зерттеулерге қызығушылық танытатын көрермендерді шақырады.

Көрме 2022 жылдың 6 сәуіріне дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source