авто

Переключатель языков

29.09.2022 ж. «ҚЫТАЙДЫҢ ӘЛЕМДІК МҰРА НЫСАНДАРЫ» халықаралық фотокөрмесі

Ынтымақтастықты жалғастыра отырып, ҚР Мемлекеттік орталық музейі Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп, Қытай Халық Республикасының құрылған күніне арналған 2022 жылғы 29 қыркүйек күні көрермендер назарына «ҚЫТАЙДЫҢ ӘЛЕМДІК МҰРА НЫСАНДАРЫ» халықаралық фотокөрмесін ұсынды.

Қытай-көптеген тарихи ескерткіштер сақталған ежелгі өркениет пен ерекше мәдениеттің елі. Қытайдың мәдени мұрасы өзінің ауқымымен таң қалдырады.

«ҚЫТАЙДЫҢ ӘЛЕМДІК МҰРА НЫСАНДАРЫ» көрмесінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген және әлемнің қазынасы болып табылатын Қытайдың тарихи және мәдени ескерткіштерінің фотосуреттері қойылған. Келушілердің назарына «Ұлы Қытай қабырғасы», «Император Цинь Шихуандидің қабірі және терракоталық мүсіндер», «Уданшан тауларындағы ежелгі ғимараттар кешені», ежелгі Лицзян қаласы, Цюйфудағы Конфуций ғибадатханасы, «Могао үңгірлері», «Лушан ұлттық паркі», «Сучжоу қаласындағы классикалық бақтар», «Дацзудың жартастағы рельефтері» және т. б.

Көрмеге ежелгі өркениеттің інжу-маржандарының 59-дан астам фотосуреті қойылған. Шығармалардың авторлары - танымал Қытай фотографтары-Чжоу Цзяниен, Сун Чжицзюнь, Тань Мин және т. б.

Көрменің ресми ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Харипова, Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй ханым сөз сөйледі.

kitai-1 kitai-2
kitai-3 kitai-4
kitai-5 kitai-6

 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source