авто

Переключатель языков

17.05.2021 ж. «Ислам және адамзат: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық фотокөрмесі

Алматыдағы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейінде Н.Назарбаев орталығы «Ислам және адамзат: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық фотокөрме өткізеді

Биылғы жылдың 17 мамырында сағат 11: 00-де Халықаралық музейлер күні қарсаңында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы мен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінің бірлесе ұйымдастыруымен «Ислам және адамзат: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық фотокөрменің ашылуы өтеді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтетін фотокөрме қоғамдағы адами және рухани құндылықтарды дәріптеуге, әлемнің түрлі халықтарының діндері мен мәдениеттеріне деген толерантты дүниетанымды және құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.

Фотокөрмеге бейбітшілік пен келісімді бейнелейтін исламның рухани құндылықтарының тереңдігін ашатын фотосуреттер, сондай-ақ экспозицияны мейлінше толықтыра түсетін Қазақстанның Орталық мемлекеттік музейі ұсынған ислам туралы бірегей артефактілер қойылады.

Көрменің ашылу салтанатына Қазақстанның діни бірлестіктерінің, ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, бас консулдықтары қатысады деп жоспарлануда.

Іс-шарада мәдениетаралық және дінаралық диалог саласын нығайту мақсатында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы мен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

«Ислам және адамзат: кеше, бүгін, ертең» атты фотокөрме барлық санитарлық сақтық шараларын сақтай отырып, 2021 жылдың 1 маусымына дейін Қазақстанның Орталық мемлекеттік музейінде ашық болады.

Әлемдік және дәстүрлі діндерге арналған келесі халықаралық фотокөрмелер туралы хабарландырулар www.religions-congress.org сайтында және Н.Назарбаев орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source