авто

Переключатель языков

03.03.2023 ж «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕГЕНДЕ» ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

afisha-tulpan

2023 жылдың 3-5 наурыз күндері «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейімен бірлесе көктемгі «Қызғалдақтар гүлдегенде» қолөнершілер жәрмеңкесін өткізеді. Оған Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның шеберлері, суретшілері мен дизайнерлері қатысады.

Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекелері қарсаңында қолөнершілер барлық қала тұрғындарын түрлі сыйлықтармен және кәдесый өнімдерімен таңғалдырып қана қоймай, Орталық Азия елдерінің дизайнерлері этностильдегі жаңа киім коллекциялары мен зергерлік бұйымдарды, керамика, металл, киіз бен жібектен жасалған заттарды, шығыс миниатюрасын ұсынады. Аталмыш жәрмеңкеде келушілер түрлі бағыттағы шеберлердің авторлық жұмыстарымен таныса алады.

Дәстүрлі өнер түрлерінің ішіндегі ең танымалы киіз басу болып табылады. Киіз бұйымдары өзінің экологиялық таза бұйым болуымен бағаланады. Іс-шарада шебер Әлия Сауғабекова киіз басу шеберлік дәрісін өткізеді.Жәрмеңкеде қала тұрғындары түрлі сыйлықтар сатып алуға мүмкіндік алады.Музейге келіп таңғажайып өнер әлемін тамашалауға шақырамыз!

 Жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2023 жылдың 3-5 наурыз күндері сағат 9:00-18:00-ге дейін.

Өткізетін орны: ҚР Мемлекеттік орталық музейі (Самал-1, 44 үй).

Қосымша ақпараттар жайлы Сіз көрме ұйымдастырушыларымен төмендегі телефондар арқылы байланыса аласыздар: Әбдікәрім Бахыт : +7 702 321 54 66, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. "> This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

БАҚ-ын аккредиттеу: +7 775 959 2750 Шынар Садықова

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source