авто

Переключатель языков

2023 ж. 6 мамыры сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде ҚР Суретшілер одағының 90 жылдығына арналған дәстүрге айналған «Акварельді фреш» көрмесінің ашылуы өтеді.

Бұл «Яблоневая палитра» қауымдастығының музеймен бірлесіп ұйымдастырып отырған екінші көркем көрмесі, оған Қазақстанның белгілі акварель суретшілері қатысады.

«Акварельді фреш» көрмесіАкварель бояуы – кескіндемедегі күрделі әдістердің бірі. Акварель минималды құралдар мен максималды мәнерлікті қолдана отырып, әлемді барлық түстерде, нәзік түрде көрсете алады. Бұл жеңіл, қозғалмалы кескіндеме, ол ерекше шеберлік пен шыдамдылықты қажет етеді.

Акварель көрмелері Қазақстанда сирек ұйымдастырылады. Соңғы кездері акварель шығармашылығына тек суретшілер ғана емес, сонымен қатар келушілер де қызығушылық танытатынын байқауға болады.

Қатысушылар қатарында белгілі суретшілер, қазақ өнерінің қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелері, Өнер академиясының академиктері, суретші-педагогтар: Тоққожа Кожағұлов, Асқар Бейшекеев, Асия Хайруллина, Лидия Дроздова, Марлан Нысанбаев, Максим Ведерников, Евгения Ведерникова, Александр Осипов, Канагат Кодеков, Кантарбаев Максат, Рашид Құлбатыров, Игорь Гущин, Попова Елена, Юрий Бурмистров, Дина Гаитова, Вера Малышева, Динара Мұратаева, Камилла Лаптева, Елдос Азаматұлы, Рауан Сүлейменов, Ольга Салькова, Елена Панина, Ирина Киянова, Елена Бабич, Юрий Харченко, Елизавета Антропова, Юлия Волошина, Жанара Перуджини, Марина Гречкина, Анна Христова, Салтанат Жапарова, Айгерим Орал, Сергей Бабяков, Бабабек Салауатов, Ирина Балан, Асель Қалиева, Арина Зырянова, Марина Ким, Александра Ефанова, Құралай Умбетова, Анастасия Минаева, Гүлсүм Тоқбаева, Гаухар Жүнісова, Анна Сербенко, Алтынай Шарипова, Елена Белова, Күмісай Шарипова, Галина Шепелева, Елена Абилева, Диана Шайхеслямова және т.б.-ның 100-ден астам туындылары ұсынылады.

Көрменің тұжырымдамасы келесі мақсаттарды көздейді: акварельдік кескіндеменің әртүрлі жанрлары мен стильдерінің тұтас спектрін көрсету; қазіргі заманғы дарынды акварельшілерді анықтау, олардың әдемі, көп еңбекті қажет ететін жұмыстарын қолдау және Қазақстанның әр өңірінен келген акварель суретшілерінің өнерін кеңінен насихаттау.

Биыл Қазақстан Республикасының Суретшілер одағы 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Ал бүгінгі күн осындай Акварельді көрменің ашылуымен есте қалатынымен қуантады. Сондай-ақ, экпозициялар акварельді өнер жанашырларының көңілдерінен шығатыны да сөзсіз.

Көрме кураторлары: Лидия Дроздова – «Яблоневая палитра» алматылық суретшілер қауымдастығының жетекшісі (ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақ өнерінің қайраткері).

Арт-менеджер: Марлан Нысанбаев (Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, қазақ өнерінің қайраткері).

Көрме 2023 ж. 15 мамырына дейін жалғасады.

Ағымдағы жылдың 3-14 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде онкологиялық ауруларды дестигматизациялауды қолдау мақсатында «Өмірге-өмір жалғассын» көрмесі өтеді. Көрмеге Алматы қаласының, сонымен қоса қазақстандық жас суретшілердің цифрлық және дәстүрлі кескіндеме техникасында орындалған туындылары қойылады. Көрмеде ауруды жеңе алған үш кейіпкердің әңгімелері, сондай-ақ оларды ашқан фотосуреттері басты орын алады.

«Өмірге-өмір жалғассын» көрмесіКөрменің басты мақсаты: келушілерге ауруды жеңген кейіпкерлердің жолын түсінуге және сезінуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық суретшілер Бақыт Бубиканова, Асхат Ахмедияров, Аружан Жұмабек, Олег Зуев және Георгий Трякин-Бұхаровтың жұмыстарынан құралған көрме 17-ші ақпан мен 5 –ші наурыз аралығында Астана қаласында өтіп, бүгін Алматы қаласынан жалғасын тауып, Семей қаласынанда ұйымдастырылу жоспарлануда.

«Seniminmen» қорының мүшелерінің айтуынша, онкологиялық науқастарды емдеу үшін ең маңызды қадам – психологиялық көмек. Қордың негізін қалаушы психотерапевт, онкопсихолог Динара Құсайынованың аутынша қатерлі ісік науқастың моральдық жағдайына қатты әсер етеді. Психологиялық көмек науқастарға диагнозына байланысты күйзелісті, мазасыздықты және үрейді жеңуге мүмкіндік береді

Адамдарға онкология диагнозын қою – көбінесе үлкен күйзеліске түсіріп, түрлі психикалық ауытқуларға ұшыратады. Бұл ауруды бастан кешіру эмоционалды және когнитивті кезеңдерден тұрады. Дертке шалдыққан адам стигм әсерінен аурудың алдын алу үшін тексерістен өтуге, диагнозын басқаларға айтуға тартыншақтауына байланысты психологиялық сүйемелдеуді талап етеді.

Әлемдік тәжерибеге сүйенетін болсақ, қатерлі ісікке шалдыққан адамдар дертті жеңіп шығу үшін, психологиялық көмек онкологиялық науқастарға арналған терапияның ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл оларға оң көзқарасты сақтауға және аурумен күресуде төзімділікті нығайтуға көмектеседі.

«Seniminmen» қоры – онкологиялық ауруды жеңген адамдардың табысты оқиғалары мен оң нәтижелерін аталмыш дертпен бетпе-бет келген көптеген адамдар мен олардың жақындарын ынталандырып, оң әсерін тигізеді деп үміттенеді.

Ашылу салтанатының күні мен уақыты: 5 мамыр, сағ. 17.00 – 19.30

Көрме 2023 жылдың 14 мамырына дейін жалғасады.

2023 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Ә. Х. Марғұлан мен Ж. Құрманқұловтың Қазақстанның археология ғылымына қосқан үлесі негізінде «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» атты көрменің ресми ашылуы өтті. Профессор А. Б. Қалыш ашылу салтанатының жетекшісі ретінде болып, Қазақстан археология ғылымындағы танымал тұлғалар Ә.Х. Марғұлан және оның шәкірті Ж.Құрманқұловтың атқарған жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Музей директоры Харипова Р. Е. және көрме қонақтары Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты «Ерте темір дәуірі археологиясы» бөлімінің жетекшісі т.ғ.к., Phd докторы Утубаев Ж. Р.; Бас ғылыми қызметкер, т.ғ.к., Phd докторы Манапова А. М., Phd доктор, жетекші ғалым, т.ғ.к. Ақымбек Е. Ш. тарихи мұраны зерттеп оны сақтауды насихаттады.

Көрме ғалымдардың жеке заттары, фотосуреттері мен еңбектері, 1946-1997 жылдар аралығында Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының, 2005-2022 жж. Чирик-Рабат археологиялық экспедициясының қазба жұмыстарынан алынған материалдар, Ақтөбе алқабын мекен еткен ерте темір дәуірінің тайпаларының көне өркениет өкілдері болғанын дәлелдейтін Бесоба, Сынтас, Жалғызоба, Нагорное қорымдарыннан және орта ғасырдағы құрылыс-сәулет өнері ескерткіштер қаптама тақталарымен (изразцы) таныстырды.

pic-margulan-kurmankul-1 pic-margulan-kurmankul-2
pic-margulan-kurmankul-3 pic-margulan-kurmankul-4

БҰҰ-ның әлем бойынша қызметіндегі фотосуреттерінің көрмесі2023 жылдың 2-11 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Біріккен Ұлттар ұйымының әлем бойынша қызметіне және Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің ашылуына 30 жыл толуына орай БҰҰ-ның көрнекті фотосуреттерінің көрмесі өтеді.

Көрмеде ондаған жылдар бойы БҰҰ бағдарламаларының іске асуы мен қызметін ашатын фотосуреттер ұсынылады. Бұлар – БҰҰ-ның әлемдегі аштық пен кедейлікті жою жөніндегі азықтық бағдарламалары; БҰҰ-ның әйелдер, балалар, босқындар құқықтарын нығайту және қорғау жөніндегі науқандары; БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары; денсаулық пен әл-ауқатты қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалары және т.б.

Фотосуреттер Конго Республикасында туберкулезге қарсы балаларды вакцинациялау мен 1947 жылы Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы сияқты әртүрлі елдердегі адамдардың және т. б. өмірін көрсетеді;

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Ақпараттық бюросы ұйымның жұмысын танымал ету, сондай-ақ орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді қолдау бойынша әртүрлі сипаттағы ақпараттық қызметті жүзеге асырады.

Көрменің ашылу күні мен уақыты: 2 мамыр, сағат 16.00-де.

2023 жылдың 20 сәуірінде сағ 15:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, «Asia Doll» Қазақстанның қуыршақ шеберлерінің шығармашылық одағымен бірлесіп авторлық қуыршақтар мен Тедди қонжықтарының халықаралық көрмесін ашады.

Авторлық қуыршақтар мен Тедди қонжықтарының халықаралық көрмесіКөрмеге Қазақстанның (Алматы, Өскемен, Кокшетау, Тараз, Теміртау, Астана, Семей, Алтай), Беларуссияның (Брест), Қырғызстанның (Бішкек), Ресейдің (Нижний Новгород, Мәскеу, Калининград, Барнауыл) әртүрлі техникада жұмыс жасайтын 45-тан астам қол-шеберлері қатысады.

Көрме қуыршақ жасау өнерінің заманауи бағыттары мен ерекшеліктерін көрсетеді, сондай-ақ Қазақстан мен ТМД елдерінің қуыршақ жасайтын қол-шеберлерінің коллекцияларымен және жұмыстарымен таныстырады.

Көрме аясында «Жібек жолының алтын ғасыры» ұзақ мерзімді жобасы ұсынылады, онда «Жібек жолы» тақырыбындағы Жібек жолы арқылы өткен елдердің ертегілер кейіпкерлері, этникалық киімдері, жануарлар мен адамдардың жиынтық бейнелері сияқты авторлық шығармалар ерекше орын алады. Сондай-ақ, балаларға арналған «Жалаңаяқ балалық шақ» жобасы ұсынылады. Қуыршақтар мен ойыншықтар бала кезінен адам өмірінде үлкен рөл атқарады, олар бізді мейірімді болуға, сүйіспеншілікке және жауапкершілікке үйретеді.

Шеберлердің орасан зор жұмысы мен еңбегі әлемдік жеке коллекциялар мен галереяларда мәртебеге ие болатын бірегей туындылар жасауға мүмкіндік береді.

Көрмеге белгілі алматылық суретшілер, қуыршақ шеберлері, сәнгерлер мен бизнесмендер қатысады.

«Asia Doll» авторлық қуыршақтар мен қонжықтар көрмесінде қуыршақ шеберлерлерінің әртүрлі техникада жасалған 100-ден астам авторлық жұмыстары ұсынылады.

«Asia Doll» көрмесінің жұмысы барысында музейге келушілердің барлығына экскурсиялар жүргізіледі.

Экскурсияға,  8 777 825 53 11 нөмері арқылы тапсырыс беруге болады.

ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Asia Doll» қуыршақтар көрмесін тамашалауға шақырады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source