авто

Переключатель языков

Ғажайыптарға сенетіндердің барлығын 2023 жылы 22–24 желтоқсан күндері ҚР Мемлекеттік орталық музейіне «Жаңа жылдық жәрмеңкеге» шақырамыз!

Көрме-жәрмеңкеге түрлі стилистикалық бағыттағы компаниялар мен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркменістан елдерінің қолөнер шеберлері қатысады.

Сіздердің назарларыңызға интерьер заттары мен жаңа жылдық кәдесыйлар, қолдан жасалған қуыршақтар және зергерлік бұйымдардың барлық түрлері, керамика мен киім, шарфтар, сөмкелер, қораптар, шырша ойыншықтары және т. б. ұсынылады!

Сыйлықтар талғаммен жасалған және қолжетімді.

Бізбен бірге мерекелік атмосфераға еніңіз!

Көрме-жәрмеңкеде шебер Несібелі Асылбек-Бахытжан шеберлік сабақтар көрсетеді.

Желтоқсанның 22-23 күндері, сағат 11-00 – 15-00 аралығында Шым ши тоқудан шеберлік сабағы.

Желтоқсанның 24 күні сағат, 11-00 – 15-00 аралығында Макраме бойынша шеберлік сабағы өтеді.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Тәуелсіздік күні және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына арналған «Желтоқсан – Тәуелсіздік жаңғырығы» көрмесінің ашылуы өтті.

Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуіне 1986 жылы Алматыда өткен желтоқстан оқиғасының бірден-бір себеп болғаны тарихтан мәлім. Бұл күн егемен еліміздің қалыптасуы мен дамуы жылдарында жүріп өткен сан қилы жолдарын еске түсіреді. Уақыт өткен сайын бұл тарихи оқиғаның маңызы арта түседі және халық жадында болады.

Көрмеге қойылған құнды экспонаттар қатарында 1986 жылғы Брежнев алаңында өткен Желтоқсан оқиғасының қатысушысы, КСРО Халық әртісі Ә.Мәмбетовтың қанға боялған киімдері (пиджак, жейде және галстук) бар. Танымал режиссер өз естелігінде: «1986 жылдың, 17-желтоқсанында Кеңес армиясы солдаттары бізді соққыға жығып, жүк көлігіне бірнеше адамды міңгестіріп жатқанда түбінде ақиқат анықталарына сенгенмін. Сол күн туды» - деп жазады.

Сондай-ақ көрмеге Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің жеке коллекциясынан алынған темір арматуралы сойылдар қойылды. Бұл туралы қаламгер былайша баяндайды: «1986 жылы желтоқсан оқиғасынан 10 шақты күн өткеннен кейін алаңға арнайы бет алдым. Қалың қар күреліп, алаңның шетіне үйілген екен. Әлдебір тұстан таяқтың ұшы көрінді. Сақшылардың көзін ала бере таяқты суырып алдым. Кері қайтып келдім де, тағы бір таяқты аршып алдым. Екеуін де үйге әкеліп, сақтап қойып едім». Жазушы сойылдарды 2014 жылы музей қорына өткізген.

Сонымен қатар, көрмеге келушілер назарына 17-18 желтоқсан күндері дыбысты күшейту үшін пайдаланылған электромегафон, желтоқсан оқиғасы негізінде «Аллажар» фильмін түсірген режиссер Қалдыбай Әбеновтың кешенінен алынған материалдар, Қайрат Рысқұлбековтың фотосуреттері мен жеке құжаттарының түпнұсқасы, өзге де Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың заттық экспонаттары мен құжаттары, фотосуреттері және осы тарихи оқиға туралы жазылған кітаптар ұсынылды. Жалпы бүгінде музей қорында Желтоқсан оқиғасына қатысты 200-ден астам жәдігер бар.

Шараға Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, журналист-публицист, желтоқсаншы Хасен Қожа-Ахмет және Желтоқсан ардагерлері қатысып, естеліктерімен бөлісті.

Көрме аясында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» мәдени-танымдық іс-шарасында Бауыржан Момышұлы атындағы Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанттары және Алматы қаласының полиция департаментінің қызметкерлері өнер көрсетті.

ЕЛ ЕРКЕСІ - АҚАН СЕРІ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Ел еркесі - Ақан сері» әдеби-шығармашылық кеші өтті. ҚР Мемлекеттік орталық музейінің жалпы жұмыстар жөніндегі директор орынбасары Сержан Бараханұлының алғы сөзімен ашылған шараға өнертанушы, әнші Ерлан Төлеутай, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, Амангелді Күзеубай қатысып, Ақан серінің өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының студенттері дарынды композитордың әндерін орындап, кештің көркін қыздырды.

Mahambetjpg

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық музыкасы факультетінің ұйымдастыруымен Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай

Алматы қаласы бойынша күйшілер мен термешілер арасында сайыс өтеді. Өнер додасының басты демеушісі «Арыс» қоры.

Сайыс ережесімен таныс болыңыздар!

 І. САЙЫСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:

  1. 1.Сайысқа 16 мен 35 жас аралығындағы орындаушылар қатынаса алады;
  2. 2.Сайыс «Жыр-терме» «Домбыра» номинациялары бойынша өтеді;
  3. 3.Сайыс Алматы қаласында, 2023 жылдың 19-ші желтоқсаны күні өтеді

(ұйымдастырушылардың шешімімен өткілетін күні мен уақыты өзгертілуі мүмкін, ондай жағдайда қатынасушыларға алдын-ала ескертілетін болады);

  1. 4.Сайысқа қатынасу үшін 2023 жылдың 1-15 желтоқсаны аралығында «Қайран,

Нарын..» Алматы қалалық күйшілер мен термешілер сайысына қатысуға өтінімді осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес электронды түрде келесі құжаттар жібереді. (бұдан әрі – Өтінім)

ӨТІНІМ:

   1. PDF форматындағы сайысқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

   2. Сайысқа қатысушының шығармашылық өмірбаяны (PDF немесе docx форматында);

   3. Сайысқа қатысушының музыкалық білімі туралы құжаттың көшірмесі (PDF форм.);

   4. оқу орнынан анықтама (студенттер үшін), жұмыс жасайтын орнынан ұсыным;

   5. Өтінімде қатысушылар алдын-ала көрсеткен бағдарламасы өзгермейді.

   6. Өтінім This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына жіберіледі.

    Байланыс тел:8 (727) 264 55 66; 8 776 913 33 97      

   7. Сайыста өнер көрсету тәртібі жеребе тарту арқылы анықталады.

   8. Сайыс 2023жылдың 19-желтоқсан күні өткізіледі және сол күні қорытындыланып, марапаттау рәсімі мен  Гала-концерт өтеді.

 

 

 

 

 

ӘМІРЕ ҚАШАУБАЕВТЫҢ 135 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ӘЛЕМДІ ӘНМЕН ТЕРБЕТКЕН ҰЛЫ ДАЛА ДҮЛДҮЛІ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ Музыкалық тілде жоғары тенор деп аталатын Әміре дауысы – табиғаттың қазақ халқына тарту еткен сирек сыйы. Әміре даусының мінсіз сұлулығы ғасырларда ғана қайталанар ерекше құбылыс. ҚР Мемлекеттік орталық музейі қорында біртуар дарын иесінің жеке мұрағаты бар. Көрме төрінен орын алған аса құнды жәдігердің бірі – XX ғасырдың 20-жылдары Әміре Қашаубаевтың даусы жазылған патефон. Сондай-ақ әншінің домбырасы, портреті, Парижде сатып алған айнасы, өмірі мен шығармашылығын зерттеген ғалымдардың еңбектері мен құжаттарының түпнұсқасы көпшілік назарына ұсынылды. Шараға ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, қоғам қайраткері, Ә. Қашаубаевтың туысы Хасен Керімжанұлы, ақын, журналист, Ә. Қашаубаевқа арналған «Ұлы тенор» поэмасының авторы Шағыр Семейғазыұлы және БАҚ өкілдері қатысты.

Көрме 2023 жылғы 19 - желтоқсанға дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source