ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІ

<<БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗ>>


Жалпы мәлімет | Музей тарихы | Біздің көрсететін қызметтеріміз | Экспозицияларға шолу | Біздің коллекциямыз | Уақытша көрмелер


    • Музей ғимараты өте жақсы жабдықталған, өз ғимаратын түрлі іс-шаралар – тұсаукесерлер, брифингтер, конференциялар және т.б. өткізуге ұсынады. 
    • Музей экспозициялары мен көрмелеріне шолу, тақырыптық экскурсиялар жүргізу.
    • Қазақстан Республикасының тарихы бойынша халықтың түрлі категориясына кеңестер.
    • Қазақстан тарихы бойынша мекемелер, оқу орындары, әскери бөлімдерде және т.б. музейден тысқары өткізілетін дәрістер мен жылжымалы көрмелер ұйымдастыру.
    •  Республиканың музейлеріне – облыстық, қалалық, аудандық, мемориалдық және тарихи-мәдени, сондай-ақ, кәсіпорындар, ұйымдар, институттар мен мектептерде құрылған қоғамдық музейлерге жан-жақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.
    • Музейлер қызметкерлеріне ҚР МОМ қабырғасында да, одан тысқары жерлерде де  «Музеолог» БҚ жұмысын оқытып-үйрету.
    • Келушілер мен Қазақстаннның ғылым және мәдениет өкілдері, атақты қоғамдық-саяси қайраткерлер, тарихи оқиғалар куәгерлері арасында кездесу ұйымдастыру.
    • Көркемдік және сәндік қолданбалы өнер туындыларын бағалауға көмек көрсету.
    • Көрмелер ұйымдастыру, қажетті құжаттар мен барлық түрдегі ұсынылатын кеңестерді дайындау.
    • Мерзімді басылымдар, радио, телеарналар арқылы қоғамда кең көлемді қызығушылық туғызатын музей өмірінің маңызды жаңалықтары: көрмелер мен жаңа экспозициялардың ашылуы, қор материалдарына түсілімдер, раритет жәдігерлер мен коллекциялар сақтау, ғылыми экспедициялар нәтижелері жайлы ақпарат тарату.
    • Тапсырыс берушімен келісе отырып, жарнамалар, дипломдар, шақыру қағаздарын дайындау.

    Музейде өткізілетін іс-шаралар:

    1. Түрлі көрмелер – мемориалдық, мерейтойлық, жеке және т.б.;
    2. Конференциялар, семинарлар, брифингтер;
    3. Шығармашылық кездесулер;
    4. Жәрмеңкелер, фестивальдар, тұсаукесерлер; біркүндік акциялар;
    5. Шоу-іс-шаралар

     өткізуге Қазақстанның, алыс және таяу шетелдің ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлерін – суретшілер, мүсіншілер, дизайнерлер, ақын-жазушылар, әртістеді, елшілік, консулдық, компаниялар, бизнес-құрылымдар, БАҚ және т.б. өкілдерін ынтымақтастыққа шақырады.


Жалпы мәлімет | Музей тарихы | Біздің көрсететін қызметтеріміз | Экспозицияларға шолу | Біздің коллекциямыз | Уақытша көрмелер