авто

Переключатель языков

04.03.2020 ж. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған Иллюстрациялау бойынша I Республикалық байқауға қатысушыларының «БАЛАЛАРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМГЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫ» атты көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2020 жылдың 4 наурыз күні сағат 15.00-де дизайнер-сәндеуші, оқытушы Ажар Қанатқызы Тюлеубаеваның бастамасымен «Almaty tutoring» балаларды дамыту орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған Иллюстрациялау бойынша I Республикалық байқауға қатысушыларының «БАЛАЛАРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМГЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫ» атты көрмесін ашады.

«БАЛАЛАРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМГЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫ» атты көрмесіҚазақстанда тұратын этностардың достығы мен өзара татулығын көрсететін, қазақстандық белгілі жазушы Герольд Бельгердің «Қасқыр, Чапа және басқалар» атты туындысына негізделген иллюстрациялық бірінші Республикалық байқау, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай 2019 жылы бастау алды. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 4-11 сынып оқушылары мен Қазақстан колледждерінің (1-2 курс) студенттері қатысты.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері – авторлық иллюстрациялар жасау, Бельгердің балаларға арналған туындыларын көпшілікке тарату, балалардың оқуға деген ынтасын арттыру, қағазға түсіру арқылы қиялды дамыту.

Байқау қорытындысын Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері, бейнелеу өнерінің оқытушылары, дизайнер-сәндеушілер, журналистер, Орталық музей өкілдерінен құрылған қазылар алқасы шығарды. Жұмыстарды іріктеу кезінде автордың шығармашылық көзқарасы, ойдың бірегейлігі, орындау техникасы, композицияның болуы, түс гаммасы, орындалу сапасы, сюжеттің ойластырылуы ескерілді. Жеңімпаздардың жұмыстары үш тілде жазылған Г.К. Бельгердің «Қасқыр, Чапа және басқалар» әңгімелер жинағына енеді.

«Almaty tutoring» балаларды дамыту орталығының «By ArT» көркемсурет студиясы тәрбиеленушілерінің әртүрлі техникаларда орындалған 300 жұмыстан тұратын картиналары «БАЛАЛАРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМГЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫ» атты көрмесінің экспозициясында ұсынылған.

Келушілер іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының көмегімен жазушы, аудармашы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының  лауреаты, түрлі тілдерден аударылған 1800 астам аудармалардың, сондай-ақ 50-ден астам кітаптың авторы, қазақ, неміс және орыс тілдерін жетік меңгерген, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Герольд Карлович Бельгер (1934-2015 жж.) туралы деректермен таныса алады.

Іс-шараның ашылуына педагог Бельгердің жары Раиса Закировна Хисматуллина қатысады.    

Көрме 2020 жылдың 16 наурызына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source