авто

Переключатель языков

02.10.2019 ж. «Менің махаббатым: қуыршақтар, гүлдер және мейірімді, мейірімді ертегілер» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2019 жылдың 2 қазан күні сағат 15.00-де суретші Гүлфарида Жәниярованың «Менің махаббатым: қуыршақтар, гүлдер және мейірімді, мейірімді ертегілер» атты жеке көрмесі ашылады.

Көрме кескіндемеші, суретші-иллюстратор, дизайнер, қуыршақтар жасау шебері және костюмдер бойынша суретші – Гүлфариданың көп қырлы шығармашылығымен таныстырады. Түрлі техниканы, әдіс-тәсілдерді және материалдарды пайдалана отырып автор қуыршақтардың әртүрлі бірегей бейнелерін, сондай-ақ гүлдер мен бояулардың көптігімен ерекшеленетін көркем суреттерді жасайды, олардың арасында натюрморттар, пейзаждар, портреттер, гүл композициялары және т. б. Әрбір қуыршақ - өнер туындысы, жеке жоба, өз стилі, тарихы мен ертегісі бар.

«Менің махаббатым: қуыршақтар, гүлдер және мейірімді, мейірімді ертегілер» атты жеке көрмесіГ. Жәниярова Алматы көркемсурет училищесінің (кескіндеме факультетін) бітірді. 1971 жылдан бастап ХVШ-ХІХ ғасырлардағы костюмдердің тарихын зерттеумен айналысып, костюм бойынша суретші болуды армандады, ал 1994 жылдан бастап концерттік костюмдерге үлкен көңіл бөле отырып, жеке тапсырыстармен жұмыс істей бастады. Гүльфарида Қазақстанның астанасы Астана қаласының (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) тұсаукесеріне арналған костюмдер, «Әнші балапан» республикалық балалар музыкалық байқауының кішкентай орындаушыларына арналған костюмдер жасаған, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары – Е. Шәкеев, Р. Стамғазиев, Қ. Әбділдина, А. Исатаева, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Б. Сәмединова мен М. Ілиясовалардың және т.б. костюмдерін дайындады. Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына белсенді қатысты.          

Шығармашылық бағдарларды таңдауда театрлармен жұмыс жасау және ынтымақтастық қарым-қатынас маңызды рөл атқарды. Суретші Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында М. Әуезовтың «Абылай ханның соңғы күндері» спектаклі үшін қазақтың көшпелі ақсүйектерінің бұрынғы киімдеріне сәйкес келетін Хан костюмінің эскиздерін дұрыс орындады.

Г. Жәниярованың шығармашылығында жарқын көркем мәнерлілікпен орындалған, таңғажайып табиғаттың әртүрлілігін көрсететін «Бөртегүл», «Таушымылдық», «Сәлдегүлдер», «Иристер», «Үш түсті шегіргүлдер», «Аққанат пейзажы» «Кеш», «Қысқы пейзаж» картиналары бар көркем шығармалардың топтамасы маңызды орын алады.

Көрменің көркемдік негізі қазіргі уақытта 200 данадан астам авторлық қуыршақтар жиынтығы болып табылады.

Бұл қазақтың ұлттық киімдеріндегі үлкен интьерерлік қуыршақтар - қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлері, мифтердің кейіпкерлері, әлемнің түрлі халықтарының сәнді киімдеріндегі сұлулықтар («Сұлу моңғол әйелі»,«Бүркітші», «Испан қуыршақтары», «Гейша»), қиял қуыршақтары («Шахмет ханшайымы»,«Вишенка»)сондай-ақ тарихи тұлғалардың «Конфуций», «Махмұд Қашқари» қуыршақ-портреттері. Г. Жәниярова өзінің қуыршақтарын бір данада ғана жасайды, эскиздер дайындаудан және үлгілеуден бастап костюм тігуге дейін барлық жұмыстарды өз қолымен орындайды, әрлеуге арналған түрлі материалдарды - қымбат маталар, табиғи тері, шаштар, алтын жіптер, жартылай бағалы тастар және т. б. пайдалана отырып жасайды.

Г. Жәниярова бірінші болып қазақстандық суретшілер арасындағы қуыршақтар авторларының халықаралық бірлестігінің мүшесі болды («Қазақстан қуыршақтары» авторлық жобасы). Сондай-ақ Халықаралық қуыршақтар көрмелеріне де белсене қатысты (Мәскеу қ., РФ).

Көрменің негізгі мақсаты – автордың көпжылдық еңбегінің жетістіктері мен нәтижелерін көрсету ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар жасау шеберлігі, қуыршақтар өнерін ілгерілету арқылы отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды қолдау.

Музей суретшілер, қуыршақшылар, дизайнерлер, шеберлер, теддистерді, фотографтар, коллекционерлер, қуыршақтар жасау өнеріне немқұрайлы қарамайтын барлық азаматтарды шақырады.

Көрмеге қуыршақ шеберлігінің кейіпкері 100-ден астам өнер туындысын ұсынады.

«Менің махаббатым: қуыршақтар, гүлдер және мейірімді, мейірімді ертегілер» «Менің махаббатым: қуыршақтар, гүлдер және мейірімді, мейірімді ертегілер»
«Менің махаббатым: қуыршақтар, гүлдер және мейірімді, мейірімді ертегілер» «Менің махаббатым: қуыршақтар, гүлдер және мейірімді, мейірімді ертегілер»
«Менің махаббатым: қуыршақтар, гүлдер және мейірімді, мейірімді ертегілер» «Менің махаббатым: қуыршақтар, гүлдер және мейірімді, мейірімді ертегілер»

Көрме 2019 жылдың 30 қазанына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source