02.09.2020 ж. Орталық музей келушілер үшін ашылатындығын хабарлайды
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2020 жылдың 2 қыркүйегінен бастап келушілер үшін музей залдары жұмыс істейтінін хабарлайды!
Жұмыс уақыты 10.00-дан 18.00-ге дейін.
Келушілер назарына!
Күту аймағында:
- Күту аймағына топтар 15 адамнан кіреді;
- Музейдің экспозициялық залдарына 30 адамнан артық кіруге болмайды;
- Музей ғимаратына кіру көше жақтағы есік арқылы жүзеге асырылады;
- Келуші санитарлық тәртіпті сақтай отырып (антисептик, 1,5 м арақашықтық, бетперденің болуы) күзет тексерісінен өтеді.
- Келушінің медициналық немесе мата бетпердесі болмаған жағдайда, сол жерде таратып беру қарастырылған.
Зал аймағында:
- Келушілер залды кіре берісте көрсетілген маршрут бойынша, бір-бірінен 1,5 м арақашықтықты сақтап қарайды.
Залдан шығу төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады:
- Келушілер залдан көрсетілген маршрут бойынша, бір-бірінен 1,5 м арақашықтықты сақтап шығады.
- Залдан шығу схемаға сәйкес музей қараушылары мен бақылаушының алып жүруімен жүзеге асырылады.
Ескерту!
Келуші жоғарыда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда музей қызметкері қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында Музей ғимаратынан шығару шараларын орындайды.