авто

Переключатель языков

20.01.2020 ж. Мемлекет басшысының "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" мақаласы талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын ұжым болып талқылады. Мемлекет басшысының мақаласында Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігі, ақын шығармаларынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс екендігі жөнінде біраз сөз қозғалған.  Жиын барысында халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойы мемлекет көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде аталып өтетіндігі айтылып, Орталық музейдіңде аталмыш іс-шараға дайындығы туралы сөз қозғалды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ұлы Абай мұрасы» атты көрмені қыркүйек айында ұйымдастыру жоспарланған. Аталмыш көрмеге Орталық музей қорында сақтаулы Абай Құнанбайұлына (1845-1904) қатысты қолжазбалар, кітап басылымдар, Абай өмірі мен оның әулетіне қатысты портреттер, фотосуреттер, мүсіндер, кілемшелер, мерейтойлық төсбелгілер, қағаз ақшалар, монеталар, маркалар, керамикалық бұйымдар көпшілік назарына ұсынылады. Мыңмен жалғыз алысқан Абай өмірі мен мұрасы кейінгі ұрпақ үшін өр әділеттілік пен зор адамгершілікті және асқақ рух мен кемел парасаттылықты үздіксіз дәріптеудің әрқашанда жарқын үлгісі бола бермегіне кәміл сенеміз.

abai175-obsuzh-1

abai175-obsuzh-4

abai175-obsuzh-5

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source